Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 31 наурызға № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына Жамбыл ауданы мәслихаты депутатының сайлауын тағайындады.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 31 қаңтардан басталады.
Округ орталығы: Қарғалы ауылы, Қарғалы № 3 орта мектебі, Досымбетов көшесі № 4 б, тел: 31155.
Округ шекаралары: Қарғалы ауылы, № 280, № 281, № 284, № 285 сайлау учаскелері.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.