Талап ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеудің нәтижесі
туралы
2024 жылғы 28 қантарда Талап ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталды.
Ауылдық округі әкіміне 3 кандидат тіркелді:
Ешеев Багдат Болатханович, 1982 жылы туған, қазақ, «AMANAT» партиясының мүшесі, уақытша жұмыссыз, Жамбыл ауданы, Қастек ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған; Мукашев Жансерік Болатбекұлы, 1992 жылы туған, қазақ, «AMANAT» партиясының мүшесі, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Жамбыл ауданы, Ынтымақ ауылының тұрғыны, өзін- өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған; Манауова Бота Куандыққызы, 1990 жылы туған, қазақ, «AMANAT» партиясының мүшесі, Шолаққарғалы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл ауданы, Умбетәлі ауылының тұрғыны, өзін- өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.