Ақтерек ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеудің нәтижесі туралы

Ақтерек ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеудің нәтижесі

туралы

 

2024 жылғы 28 қантарда   Ақтерек  ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталды.

 Ауылдық округі әкіміне 3 кандидат тіркелді:

 Шортанбаев Гани Муханович, 1965 жылы туған, қазақ, «AMANAT»  партиясының мүшесі, Актерек ауылдық округі әкімі,  Жамбыл ауданы, Актерек ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған;  Абдрахаев Мәжит Мырзаханұлы, 1993  жылы туған, қазақ, «AMANAT»  партиясының мүшесі, Самсы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының тұрғыны, өзін- өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған; Шарип Нурболат Эдикұлы, 1993 жылы туған, қазақ, «AMANAT»  партиясының мүшесі, Таран ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жамбыл ауданы, Б. Қыдырбекұлы ауылының тұрғыны, өзін- өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Дата публикации
28 января 2024