Алматы облысының Жамбыл ауданында Ақтерек, Талап ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындысы

Алматы облысының Жамбыл ауданында Ақтерек, Талап ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды   ұсыну  қорытындысы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2024 жылғы            18 ақпанда  Ақтерек, Талап ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді.

Сайлау науқаны Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек, Талап ауылдық округтерінде өтеді. 2024 жылғы 10 қаңтарда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 18 ақпанда Ақтерек, Талап ауылдық округтерінде сайлау тағайындау туралы қаулы қабылдады.  Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және аудандық «Атамекен» газетінде 2024 жылғы 13 қаңтарда жарияланды.

Сайлауда 1 аумақтық және 4 учаскелік сайлау комиссиялары, 33  сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді.  Ақтерек округі бойынша сайлаушылар саны 1794, Талап округі бойынша сайлаушылар саны 1658 адамды құрайды. Барлығы 3452 сайлаушы.

2024 жылдың 11 қаңтарынан бастап әкімдікке кандидаттардың ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2024 жылғы 23 қаңтарға 8 кандидат:  «AMANAT» партиясынан: Шортанбаев Ғани Муханұлы, Ешеев Бағдат Болатханұлы, өзін-өзі ұсыну жолымен: Шарип Нұрболат Эдикұлы, Абдрахаев Мәжит Мырзаханұлы, Мукашев Жансерік Болатбекұлы, Манауова Бота Қуандыққызы, Сейлканов Онлабек Рахимжанұлы, Байжанов Ерболат Кұстүтінұлы ұсынылды.

   

                  Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
23 января 2024