2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

Жамбыл аудандық мәслихат депутаттарының

кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі

негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі                     іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» № 60/99 қаулысына сәйкес Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.       Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл ауданының мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2.      Осы қаулы Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

 

Төраға                                                                                    Ж. Карымбаев

 

 

Хатшы                                                                                      А. Керимбаева

 

 

 

Ұзынағаш ауылы,

2026 жылғы 13 қазан

 

Дата публикации
13 октября 2026