Сайлау учаскесінің орталығын
уақытша ауыстыру туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ:
- №301 сайлау учаскесінің «Енбекшіарал ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Еңбекшіарал ауылы, Көкбастау көшесі № 1а мекен-жайында орналасқан орталығын Сарыбай би ауылы, Қарасу көшесі № 20Б мекен-жайында орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сарыбай би ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне уақытша ауыстырылсын.
- Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы №301 сайлау
учаскесінің орталығын ауыстыру туралы ақпаратты сайлаушыларға жеткізуді қамтамасыз етсін.
- Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және
Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы О.Сарсеновке жүктелсін.
Аудан әкімі Н. Ертас