Сайлау учаскесінің орталығын уақытша ауыстыру туралы

Сайлау учаскесінің орталығын

уақытша ауыстыру туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ:

  1. №263, №264 сайлау учаскелері «Т.Рысқұлов атындағы орта  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ұзынағаш ауылы, Сүйінбай көшесі № 27 мекен-жайында орналасқан орталығын  Ұзынағаш ауылы, Дүйсенбиев көшесі № н/м мекен-жайында орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп жанындағы интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне уақытша ауыстырылсын.
  2. Жамбыл  ауданының   аумақтық   сайлау    комиссиясы   №263,   №264 сайлау учаскесінің орталығын ауыстыру туралы ақпаратты сайлаушыларға жеткізуді қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жариялансын  және

Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы О.Сарсеновке жүктелсін.

 

Аудан әкімі                                                        Н. Ертас

Дата публикации
16 июля 2026