Жамбыл ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы

Жамбыл ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру

үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен

кездесу үшін үй-жайлар беру туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                           28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының                     28-бабының 4 және 6–тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы        23 қаңтардағы  Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының                               2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жамбыл аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2- қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Туматаев Ақниет Тұрысбекұлына жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Жамбыл ауданының әкімі                                                      Н. Ертас

Дата публикации
26 июня 2026