Алматы облысы  Жамбыл ауданының Самсы ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы ХАБАРЛАМА

Алматы облысы  Жамбыл ауданының

Самсы ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы

ХАБАРЛАМА

 

2026 жылғы 7 маусымда Жамбыл ауданы Самсы ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.

Самсы ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2168 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1387 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 23 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Жамбыл ауданы, Самсы ауылдық округі әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:

      Исатай Надыр Талғатұлы үшін сайлаушылардың 202 дауысы берілді;

Қалқабаев Ануар Бейбітжанұлы үшін сайлаушылардың 178 дауысы берілді;

Мухаметжанов Жангелді Маратұлы үшін сайлаушылардың 917 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 86.

 Сайлау қорытындылары бойынша Самсы ауылдық округінің әкімі болып:

 1992 жылы туған, Жамбыл ауданы Самсы ауылдық округі әкімі, Жамбыл ауданы Тарғап ауылының тұрғыны Мухаметжанов Жангелді Маратұлы сайланды.

 

                  Жамбыл ауданының аумақтық  сайлау комиссиясы

Дата публикации
08 июня 2026