Алматы облысы  Жамбыл ауданының Дегерес ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы ХАБАРЛАМА

Алматы облысы  Жамбыл ауданының

Дегерес ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы

ХАБАРЛАМА

 

2026 жылғы 7 маусымда Жамбыл ауданы Дегерес ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.

Дегерес ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1935 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1228 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 17 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Жамбыл ауданы, Дегерес ауылдық округі әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:

      Жұматаев Саят Бейбітұлы үшін сайлаушылардың 138 дауысы берілді;

Қилыбаев Нұрлан Айдарбайұлы үшін сайлаушылардың 152 дауысы берілді;

Көпжасаров Ерлан Жұмаханұлы үшін сайлаушылардың 804 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 122.

 Сайлау қорытындылары бойынша Дегерес ауылдық округінің әкімі болып:

 1988 жылы туған, Жамбыл ауданы Дегерес ауылдық округі әкімі, Жамбыл ауданы Дегерес ауылының тұрғыны Көпжасаров Ерлан Жұмаханұлы сайланды.

 

                  Жамбыл ауданының аумақтық  сайлау комиссиясы

Дата публикации
08 июня 2026