Алматы облысы Жамбыл ауданы Мынбаев ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпарат

Алматы облысы Жамбыл ауданы Мынбаев ауылдық округінің

әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпарат

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес,                        2026 жылғы 29 сәуірде Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы                         2026 жылғы 7 маусымға Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мынбаев ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындады.

Сайлауды тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, сайлау учаскелерінің шекарасы, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және аудандық «Атамекен» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 2 учаскелік сайлау комиссиясы, 14 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Мынбаев ауылдық округі  бойынша сайлаушылар саны 3495 адамды құрайды.

2026 жылдың 30 сәуірінен бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2026 жылдың 12 мамырдағы жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде  2 кандидат - өзін-өзі ұсыну жолымен және 1 кандидат - «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 12 мамырда сағат        18:00-де аяқталды.

 

Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 мая 2026