Алматы облысы Жамбыл ауданының Дегерес, Мыңбаев, Самсы, Шолаққарғалы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Алматы облысы Жамбыл ауданының Дегерес, Мыңбаев, Самсы, Шолаққарғалы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша

сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                          4-тармағына, 22-бабына сәйкес Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Жамбыл ауданының Дегерес ауылдық округ әкімінің сайлау бойынша сайлау округі Алматы облысы Жамбыл ауданының Дегерес ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында;

            Алматы облысы Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылдық округ әкімінің сайлау бойынша сайлау округі Алматы облысы Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында;

            Алматы облысы Жамбыл ауданының Самсы ауылдық округ әкімдерінің сайлау бойынша сайлау округі Алматы облысы Жамбыл ауданының Самсы ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында;

            Алматы облысы Жамбыл ауданының Шолаққарғалы ауылдық округ әкімінің сайлау бойынша сайлау округі Алматы облысы Жамбыл ауданының Шолаққарғалы ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында сайлау округтері құрылсын.

2. Осы қаулы «Атамекен» газетінде жариялансын және Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Дата публикации
29 апреля 2026