Алматы облысы Жамбыл ауданы Теміржол ауылдық округінің
сайланған әкімін тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 46-бабының 3-тармағына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары мен аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 26 сәуірде өткен Алматы облысы Жамбыл ауданы Теміржол ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хаттамасы негізінде Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Айбазов Марат Сарсенбаевич, 1977 жылы туылған, «Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының» ММ бас маманы, Жамбыл ауданы Қазбек бек бекетінің тұрғыны, Алматы облысы Жамбыл ауданы Теміржол ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
- Сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Тиісті куәлік берілсін.
|
Комиссия төрағасы
|
|
Ж. Карымбаев
|
|
Комиссия хатшысы
|
|
А. Керимбаева
|
Ұзынағаш ауылы,
2026 жылғы 28 сәуір
№ 19