Алматы облысы  Жамбыл ауданының Теміржол ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы ХАБАРЛАМА

Алматы облысы  Жамбыл ауданының

Теміржол ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы

ХАБАРЛАМА

 

2026 жылғы 26 сәуірде Жамбыл ауданы Теміржол ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.

Теміржол ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3077 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1952 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 24 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Жамбыл ауданы, Теміржол ауылдық округі әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:

Айбазов Марат Сарсенбайұлы үшін сайлаушылардың 1310  дауысы берілді;

Чашабаев Азамат Тұрсымбекұлы үшін сайлаушылардың 231 дауысы берілді;

Шарип Нурболат Эдикұлы үшін сайлаушылардың 182 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 204.

 Сайлау қорытындылары бойынша Теміржол ауылдық округінің әкімі болып:

 1977 жылы туған, Іле ауданы Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы, Жамбыл ауданы Қазбек бек бекетінің тұрғыны Айбазов Марат Сарсенбайұлы сайланды.

 

                            

                                     Жамбыл ауданының аумақтық  сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 апреля 2026