
Жамбыл ауданында 54 денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істейді: 1-Ұзынағаш ауылындағы орталық аудандық аурухана, 1-Қарғалы ауылындағы аудандық аурухана, 2-ауылдық аурухана, 20-дәрігерлік амбулатория , 30-фельдшерлік-акушерлік пункттер мен медициналық пункттер.
Дәрігерлер саны-271, орта және кіші медицина қызметкерлері-860, төсек-орын-355. Орталық аурухана мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді, оның қызметіне мыналар кіреді:
* Патологиялық-анатомиялық диагностика
* Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде медициналық көмек көрсету
* Медициналық оңалту
* Консультациялық-диагностикалық көмек (амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек)
* Ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек
* ҚР-да COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында пандемия жағдайында іс-шараларға ақы төлеу
* Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек
* Стационарлық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек
Дәрігерлер саны-271, оның ішінде 71 – жоғары санатты, I – санатты-33, 2-санатты-27.
Орта медициналық персонал – 860, оның ішінде 291-жоғары санатты, I-санатты -58, 2-санатты -25.