
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
|
№ |
Меморган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
|
1 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Ж.Д.Малдыбай бөлім басшысы 87027202570
|
Дамбаны салуға немесе пайдалануға не қажет?
|
Дамбаны салуға немесе пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесі құжаттар мен рұқсаттар қажет. Бұл талаптар ҚР Су кодексінің нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. |
Дамбаны салуға немесе пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесі құжаттар мен рұқсаттар қажет. Бұл талаптар ҚР Су кодексі және нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. -Жобалық-сметалық құжаттар; - Экологиялық сараптама қорытындысы; - Мемлекеттік сараптаманың оң шешімі; - Жер учаскесін заңдастыру; - Су ресурстарын пайдалануға рұқсат (лицензия немесе келісім).
|
Қазақстан Республикасының Су кодексі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2500000178
|
Дамба, Пайдалану,Су,Дамба салу,Пайдалану |
|
2 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Ж.Д.Малдыбай бөлім басшысы 87027202570 |
Су объектілері мен су шаруашылығы құрылысжайларын жерді тұрақты суару үшін пайдалануға болама? |
Суаратын суды тұрақты суару жерлеріне жеткізу және олардан дренаждық суларды бұру ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелермен жүргізіледі. |
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 114 бабына сәйкес, Суаратын суды тұрақты суару жерлеріне жеткізу және олардан дренаждық суларды бұру ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелермен жүргізіледі. Ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелер магистральдық, шаруашылықаралық және шаруашылықішілік болып бөлінеді. Мемлекетаралық, өңіраралық және ауданаралық маңызы бар магистральдық ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелер мемлекеттік меншікте болады, шаруашылықаралық ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелер жеке меншікте болуы мүмкін.
|
Қазақстан Республикасының Су кодексі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. |
Құрылысжайларын, Су, Пайдалану, Шаруашылық,Суару,Тұрақты |
|
3 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Д.С.Нүсіп Бас маман 87087677170
|
Жерлерді суару үшін су пайдалану қалай жұзеге асырылады ?
|
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 115 бабының 1,2,3,4,5,6 тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады |
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 115 бабына сәйкес, Жерлерді суару үшін су беру бойынша қызметтер көрсету су пайдалану жоспарлары (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – жоспарлар) мен су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін негізге алып, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, ауыл шаруашылығы су тұтынушылары мен су пайдаланушылардың арасында жасалатын су беру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарт негізінде жүзеге асырылады.
|
Қазақстан Республикасының Су кодексі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. |
Жерлерді суару, Пайдалану,Су,Суару, |
|
4 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Е.М.Мусаханов бас маман 87087648197 |
Қауіптілігі ықтимал құрылысжайлар дегеніміз не және олармен жұмыс істеу кезінде қандай талаптар сақталуы тиіс? |
Қауіптілігі ықтимал құрылысжайлар — авария жағдайында адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және мүлікке зиян келтіру қаупі бар гидротехникалық құрылысжайлар. Бұл нысандардың жобалануы, салынуы, пайдаланылуы, реконструкциялануы, консервациясы және жойылуы кезінде қауіпсіздік талаптары уәкілетті орган бекітетін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі туралы регламентте көрсетіледі. |
Қ Р Су кодексінің 70 бабына, Қауіптілігі ықтимал құрылысжайлар туралы жалпы ережелеріне сәйкес: 1. Құрылысжайлардағы авария адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру, жеке және заңды тұлғаларға материалдық залал келтіру қаупін төндіретін гидротехникалық құрылысжайлардың жекелеген түрлері қауіптілігі ықтимал құрылысжайлар деп түсініледі. 2. Қауіптілігі ықтимал құрылысжайларға жатқызылған гидротехникалық құрылысжайлардың түрлері, жобалауға, салуға, пайдалануға, реконструкциялауға, консервациялауға немесе жоюға қойылатын олардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптар уәкілетті орган бекітетін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі туралы регламентте айқындалады. ҚР Су кодексінің Гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану ережесіне сәйкес 1) гидротехникалық құрылысжайдың паспорты; 2) гидротехникалық құрылысжайды пайдалану қағидалары; 3) осы Кодекстің 72-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда гидротехникалық құрылысжайдың қауіпсіздігі декларациясы болған кезде жол беріледі. 2. Гидротехникалық құрылысжайдың паспорты мен оны пайдалану қағидаларын оның меншік иесі (иеленушісі) әзірлейді, бекітеді және түпнұсқасы меншік иесінде (иеленушіде) сақталады. Гидротехникалық құрылысжайды пайдалану қағидаларын әзірлеу тәртібін уәкілетті орган бекітеді. Меншік иесі (иеленуші) құрылысжайлардың тізіліміне енгізу үшін бассейндік су инспекциясына паспорты мен пайдалану қағидаларының электрондық нұсқаларын енгізуді қамтамасыз етеді. 3. Жаңадан салынатын гидротехникалық құрылысжайлар үшін паспорты мен пайдалану қағидалары жобалау сатысында әзірленеді. Гидротехникалық құрылысжайға жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін оның паспорты мен пайдалану қағидалары қайта бекітілуге жатады.
|
Қазақстан Республикасының Су кодексі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. |
Су,Құрылысжай,Талап,Қауіп |
|
5 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Д.С.Нүсіп Бас маман 87087677170
|
Су қоймасын жеке меншікке алу. |
- Су қоймасы тек мемлекет меншігінде болады. - Жеке тұлға немесе ұйым оны иелене алмайды, бірақ уақытша пайдалану (шаруа, суармалы егістік, балық шаруашылығы, туризм және т.б.) мақсатында сенімгерлік басқару арқылы қолдана алады. |
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығына сәйкес Су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады. Су шаруашылығы құрылысжайлары бойынша жалдау төлемінің есептік мөлшерлемелері олардың баланстық құнына, белгіленген су режиміне, гидротехникалық құрылысжайларын пайдалану қағидаларына және жерүсті су көздерін пайдалануға төлем мөлшеріне сәйкес баланс ұстаушы тарапынан айқындалып, бекітіледі.
|
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 тамызда № 36628 болып тіркелді. |
Су, Қойма, Меншік, Жеке |
|
6 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Д.С.Нүсіп Бас маман 87087677170 |
Су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалға алу бойынша конкурс жүру процесі.
|
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру бойынша конкурстық рәсімдер (www.gosreestr.kz) веб-порталында жүргізіледі. |
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығына сәйкес Конкурсқа қатысушыларды тіркеу тізілімнің веб-порталында(www.gosreestr.kz) конкурс өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс өткiзiлгенге дейін бес минут бұрын аяқталады. 1. Конкурсқа қатысу үшін қатысушы тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркеуден өтіп, келесі мәліметтерді көрсетеді: 1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: ЖСН, тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: БСН, толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефонын, электрондық поштаның мекенжайын) көрсете отырып, тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілім веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
|
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 тамызда № 36628 болып тіркелді. |
Конкурс,Жалға, Алу, Процесс,Шаруашылық, Құрылысжай, Мүлік |
|
7 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ
Д.С.Нүсіп Бас маман 87087677170 |
Мемлекеттік меншігіндегі Су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалға алу кезінде шартты мерзімінен бұрын бұзу шарттары. |
Мемлекеттік меншігіндегі Су шаруашылығы құрылыстарын (гидротехникалық құрылыстар, дамбалар, су қоймалары т.б.) мүліктік жалға беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу шарттары Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. |
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығына сәйкес 1) егер жалдауға (жалға) берушінің жазбаша ескертуіне қарамастан жалдауға (жалға) алушы шарт талаптарын елеулі түрде бұзып, пайдалануды жалғастырса; 2) егер жалдауға (жалға) алушы шартпен берілген су шаруашылығы құрылысжайын көзделмеген мақсатта пайдаланса; 3) егер жалдауға (жалға) алушы қасақана немесе абайсызда су шаруашылығы құрылысжайының жағдайын елеулі түрде нашарлатса; 4) егер жалдауға (жалға) алушы шартта белгіленген төлем мерзімінен кейін екі рет қатарынан жалға алу ақысын төлемесе; 5) егер жалдауға (жалға) алушы шартта белгіленген мерзімде, ал егер шартта мұндай мерзімдер көрсетілмесе, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе шартқа сәйкес күрделі жөндеу жүргізу міндеттемесі жалдауға (жалға) алушыға жүктелген жағдайда, оны ақылға қонымды мерзімде орындамаса, жалдауға (жалға) беруші шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап ету құқығын жалдауға (жалға) алушыға міндеттемесін орындауға мүмкіндік бергеннен кейін ғана пайдалана алады;
|
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 тамызда № 36628 болып тіркелді |
Су шаруашылығы,Жалға алу, Шарттар, Мерзімі, Су,Меншік, Жалға,Шарт,Бұзу |