Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру Ережесіне сәйкес, еліміздегі барлық ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендірілген болуы қажет . Бұл мемлекеттік маңызы бар шаралардың бірі.
Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:
бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
тақ тұяқты жануарлардың төлі (есектер, қашырлар, пони, зебра, құлан және басқа жануарлар) – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және халықтың шаруашылықтарында күтіп-бағылатын торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар – тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді облыстың әрбір ауылдық округінде орналасқан ветеринариялық пункттердің ветеринариялық дәрігерлері жүзеге асырады.
Бүгінгі күнге Алматы облысы бойынша iszh.kz Веб-порталында деректер қорында тіркелгені 1 182 256 бас мүйізді ірі қара, 3 966 023 бас ұсақ мүйізді мал, 54 867 бас шошқа, 316 468 бас жылқы, 7 703 бас түйе.
Қосымша мәліметтер алу үшін Алматы облысы ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметтер және жануарларды есепке алу бөлімінің 8 /7282/ 40-12-62 телефонына хабарласуға болады.