«Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарттар күнін өткізу жөніндегі атқарған шаралары

«Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарттар күнін өткізу жөніндегі атқарған шаралары

«Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарттар күнін өткізу жөніндегі атқарған шаралары

«Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі және оған қарасты  «Ветеринариялық пункттері бар аудандардың, қалалардың ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарында «Қарттар күніне» орай «Қарияларды құрметтейік» атты шаралар ұйымдастырылды. Аталған шаралар аясында басқармада бұрында жұмыс істеген, қызмет атқарған ардагерлер, қазіргі кезде құрметті демалыста жүрген қарияларға арналған салтанатты жиналыс өткізілді. Жиналыста басқарма басшысы Н. Қиялбеков жиналысқа шақырылған қарияларға арнап «Қарттар күнімен» құттықтау сөз сөйлеп, «Құттықтау адресаттарын», Алматы облысының тарихи және көрнекі жерлері жөніндегі бағалы кітаптар, сыйлықтар тапсырды.  Қарттар ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты. Осындай шаралар «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Ветеринариялық пункттері бар аудандардың, қалалардың ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарында да жүргізілді. Атап айтқанда, «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Ветеринариялық пункттері бар Іле ауданының  ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны әлеуметтік қолдау көрсету аясында  аудандағы 11 қарттар жанұясына 15000 – 20000 теңге көлемінде, жалпы 192000 теңгеге  азық-түлікпен қайырымдылық көмегін ұйымдастырды. «Ветеринариялық пункттері бар Кербұлақ ауданының  ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны аудандағы қарттар жанұясына азық-түлікпен қайырымдылық көмегін ұйымдастырумен қатар, қарт адамдардың үйін жинау, қора-қопсысын тазалау, қысқы отынын жарып беру, сондай-ақ құрлысы бітпей жатқан үйлерінің құрлысын аяқтау жұмыстарын жүргізді. Осындай қайырымдылық шаралар басқа аудан, қалаларда да өткізілді.       Қорыта айтқанда, барлық жасаған сый – сияпаттарымызға қарттар, еңбек ардагерлері риза болып, алғыстарын білдірді.

 

Іле бұйрық

Бұйрық