2021 жылдың 15 шілдесі күні Алматы облысы ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен жануарларға, олардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық анықтамаларды рәсімдеу мәселесі бойынша бейнеконференция байланысы арқылы семинар-кеңес өткізілді.
Семинарға ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы және аудандық (қалалық) ветеринария станциялар мен ауылдық округтердің ветеринариялық пункттерінің қызметкерлері (247 адам) қатысты.