Меню

Страницы

Статья

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

Облыс аумағында орналасқан екі және одан да көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешім қабылдау бойынша құжаттама дайындау;

Осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан да көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешім қабылдау бойынша құжаттама дайындау;
Мүдделі тұлғаларға өткізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және қайта өңдеуді ұйымдастыру;
Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу үшін құжаттар топтамасын дайындау;

Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешімді енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру;
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын жинақтау, уәкілетті органға келісуге және бекітуге ұсыну.

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіру;

Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы, диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды дайындау, ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу;

Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
Эпизоотологиялық тексеру актісін беру;
Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау, бекіту және уәкілетті органға ұсыну;

Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

Ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту үшін құжаттама дайындау;

Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Дата публикации
19 июня 2020
Дата обновления
19 июня 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
18 июня 2024
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
Ақпарат
20 мая 2024
Мал басын нақтылау бойынша ақпарат
Ақпарат
20 мая 2024
2024 жылдың 24 сәуір күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша Алматы облысының ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметшілер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Социальные медиа

Алматы облысының ветеринария басқармасы
Алматы облысының ветеринария басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы