Меню

Страницы

Статья

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою.

Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі қаңғыбас иттер мен мысықтар адамдарға шабуыл жасау және оларды тістеу болып отыр.
Алматы облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау Департаментінің мәліметі бойынша облыс аумағында 2018 жылы қаңғыбас иттермен мысықтардың адамдарды тістеу 7 107 жағдайы тіркелді (2016 жылы 7 715 жағдай, 2017 жылы 7 076 жағдай).

Осы мәселені шешу жолдарының бірі болып қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес және Алматы облысы мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы №43-249 шешімімен бекітілген "Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларына" сәйкес, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстарын облыстық аудандары мен қалаларының әкімдіктері құрған ветеринариялық станциялары жүзеге асырады.

Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде) иелерімен ғимараттардың жанында уақытша байлап қалдырған ит, мысықтардан басқа, атап айтқанда ілесіп жүретін тұлғасыз, бос жүрген иттер мен мысықтар аулауға жатады.

Иттер мен мысықтар ауланған күннен 3 күнтізбелік ішінде талап етілмеген иттер мен мысықтар аулауға жатады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған дәрі-дәрмектермен жойылады.

Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою мал қорымдарында (биотермиялық шұңқырларда) немесе инсинераторларда (крематорларда) жүзеге асырылады. Иттер мен мысықтардың өлекселерін (сүйектерін) тастауға және оларды мал қорымынан басқа жерлерге рұқсатсыз көмуге жол берілмейді. Өлген жағдайда иттер мен мысықтардың өлекселері (сүйектері) жою үшін ветеринариялық станцияларға тапсырылады. Аталған шара тегін түрде жүргізіледі.

Жыл басынан аудан мен қалалары ветеринариялық станциясымен 15 350 ит пен 202 мысық аулап, жойды (2018 жылы 36 704 бас ит, 439 бас мысық ). Ауланған жануарлардың 107 ит пен 7 мысық қайта иелеріне қайтарылды.

Аталған Қағидаларды бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Кодексінің 408-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылу қарастырылған. 2018 жылы иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бұзғаны үшін полицияның учаскелік инспекторларымен 3 783 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 433 тұлғаға 7 млн. 500 мың теңге сома көлемінде айыппұл салынып, 3 350 ескерту берілген. Ал 2019 жылдың басынан 5 жеке тұлғаға жалпы сомасы 16 275 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Дата публикации
18 декабря 2019
Дата обновления
18 декабря 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
18 июня 2024
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
Ақпарат
20 мая 2024
2024 жылдың 24 сәуір күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша Алматы облысының ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметшілер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат
20 мая 2024
Мал басын нақтылау бойынша ақпарат

Социальные медиа

Алматы облысының ветеринария басқармасы
Алматы облысының ветеринария басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы