Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының аудандық (қалалық) ветеринариялық станциялары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының (ары қарай - Заң) 11 бабына сәйкес, облыстық ветеринария басқармасының ведомстволық бағынысты 20 ветеринариялық пункттері бар аудандық (қалалық) ветеринариялық станция кәсіпорындары жұмыс атқаруда. Ветеринариялық станцияларда барлығы 2 063 маман жұмыс атқарады, оның ішінде 1 381 ветеринар мамандары.

Жоғарыда аталған Заңын 35 бабының 1 тармағы, 3), 3-1) тармақшаларына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды ұстауға арналған шығыстар бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» №7-1/559 бұйрығының 3 тармағына сәйкес, жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады деп көрсетілген. Осы мақсатқа бюджет қаражаты есебiнен 2020 жылы эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарын орындауға 3 601,08 млн. теңге бөлінді.

Сонымен қатар, аудандық (қалалық) ветеринариялық станциялары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық анықтама беру мемлекеттік қызметтерін тегін жүзеге асырады.

Дата публикации
11 июня 2020
Дата обновления
11 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
18 июня 2024
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
Ақпарат
20 мая 2024
Мал басын нақтылау бойынша ақпарат
Ақпарат
20 мая 2024
2024 жылдың 24 сәуір күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша Алматы облысының ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметшілер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Социальные медиа

Алматы облысының ветеринария басқармасы
Алматы облысының ветеринария басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы