Алматы облысының ветеринария басқармасы және оған бағынысты мекемелер тарапынан 4 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, атап айтқанда:
- Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру;
- Ветеринариялық анықтама беру;
- Ветеринариялық паспорт беру;
- Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).
2026 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – барлығы: 51 564
оның ішінде:
- Алматы облысының ветеринария басқармасы тарапынан ҚР электрондық лицензиялау (http://elicense.kz) арқылы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға 1 лицензия берілді.
- Алматы облысы ветеринария басқармасына бағынысты мекемелер тарапынан 12 949 ветеринариялық анықтама, 38 607 ветеринариялық паспорт беріліп, ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) бойынша 97 мемлекеттік қызмет көрсетілді.