Облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жануарлардың аса қауіпті 12 ауруының алдын алуға арналған ветеринариялық препараттардың сандық және сапалық құрамы (құс тұмауына, аусылға, қарасанға, нодулярлы дерматитке, сібір жарасына, маңқаға, түйе обасына, туберкулезге, пастереллезге, құтыруға, эхинококкозға қарсы) комиссиялы түрде қабылданып, арнайы автокөлікпен температуралық режимді сақтай отырып, облыстың аудандары мен Алатау, Қонаев қаласының ветеринариялық бөлімдеріне жеткізілді.
Қазіргі уақытта 2026 жылға қажетті ветеринариялық препараттармен қамтылу деңгейі 44,7% құрайды.