Мониторинг жүргізу

Ағымдағы жылдың 4-6 ақпан күндері облыстық ветеринария басқармасы, аумақтық ветеринария инспекциясы, ветеринариялық станция өкілдері аудандар мен қалалардың, ауылдық округтердің ветеринариялық қызметінің көктемгі ветеринариялық алдын алу шараларын жүргізуге арналған ветеринариялық препараттарды сақтау, тасымалдау кезеңдерінде «салқын тізбек» қағидасын қамтамасыз етуіне, атап айтқанда, ветеринариялық препараттарды сақтайтын тоңазытқыштардың, температураны өлшейтін құралдардың, тасымалдауға арналған термочемодандардың, құтыларға қойылатын мөртаңбалардың ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігіне  мониторинг жүргізді.

 

Дата публикации
12 февраля 2026