Алматы облысы бойынша 2025 жылдың 12 айындағы эпизоотиялық жағдай

2025 жылы ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының 13 түрі бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді, 12 айлық жоспар 100%-ға орындалды.

Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 4.8 млрд. теңге бөлініп, 100%-ға игерілді.

Жыл басынан жануарлардың аса қауіпті ауруларының 1 қолайсыз ошағы Балқаш ауданында тіркелді (мүйізді ірі қара малының қарасан ауруы), сауықтыру шаралары толығымен жүргізілді.

Диагностикалық зерттеу нәтижесінде 122 бас мүйізді ірі қара мен 48 бас ұсақ мүйізді мал бруцеллезге оң нәтиже көрсетті. Ауру жануарлар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 29.06.2015 жылғы                №7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың талаптарына сай санитариялық союға өткізілді.

Бүгінгі күні облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.

 

Дата публикации
08 января 2026