Ветеринария саласын материалдық-техникалық жарақтандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыстар

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің II форумында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ветеринария саласын материалдық-техникалық тұрғыдан жарақтандыру, инфрақұрылымын күшейту және ветеринария мамандарының еңбек жағдайын жақсарту жөнінде тапсырма берді.

Облыс әкімінің қолдауымен ветеринария саласын материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Ағымдағы жылы 7 ветеринариялық пункттің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Соның бірі 2025 жылғы 23 желтоқсанда Қарасай ауданы Айтей ауылында салтанатты түрде ашылды. Аталған пункт ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге айтарлықтай үлес қосады. Алдағы жылдары 94 ветеринариялық пункт салу жоспарлануда.

Дата публикации
24 декабря 2025