Алматы облысы бойынша қаңғыбас жануарларды аулау және чиптеу жұмыстары жалғасуда

Облыстық ветеринария басқармасы хабарлайды: Қарасай ауданының ветеринария бөлімі бекітілген кестеге сәйкес, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде 14 қараша күні Жамбыл ауданының бригадасымен бірлесіп Қаскелең қаласында қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде 38 бас қаңғыбас ит ауланды. Аталған аумақ бақылауға алынып, қаңғыбас жануарларды жүйелі түрде аулау жұмыстары жалғасады.

2025 жылдың басынан бері Қарасай ауданында 3 596 бас ит, оның ішінде Қаскелең қаласында — 860 бас қаңғыбас ит ұсталды. 109 бас ит зарарсыздандырылып, өз орнына қайта жіберілді.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ит пен мысықты серуендету қағидаларын бұзғаны үшін Қарасай ауданы бойынша 95 жануар иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,9 млн. теңге айыппұл салынды.

Облыс бойынша жыл басынан 26 984 ит және 203 мысық ауланды. 1 390 ит зарарсыздандырылып, 94 жануар иелеріне қайтарылды. 4 949 ит және 460 мысыққа чип салынып, деректер базасына енгізілді.

Полиция департаментінің деректері бойынша, заң талаптарын бұзған 512 тұлғаға жалпы 10,8 млн. теңге айыппұл салынды.

Дата публикации
14 ноября 2025