2025 жылы ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының 13 түрі бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде, 9 айлық жоспар 96%-ға орындалды.
Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 4.7 млрд. теңге бөлініп, 3,7 млрд. теңге немесе 79%-ға игерілді.
Жыл басынан жануарлардың аса қауіпті ауруларының 1 қолайсыз ошағы Балқаш ауданында тіркелді (мүйізді ірі қара малының қарасан ауруы), сауықтыру шаралары толығымен жүргізілді.
Диагностикалық зерттеу нәтижесінде 100 бас мүйізді ірі қара мен 48 бас ұсақ мүйізді мал бруцеллезге оң нәтиже көрсетті. Ауру жануарлар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 29.06.2015 жылғы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың талаптарына сай санитариялық союға өткізілді.
Бүгінгі күні облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.