Алматы облысы ветеринария басқармасы облыстағы эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау мақсатында жоғары патогенді құс тұмауына (бұдан әрі – ЖПҚТ) қарсы ветеринариялық іс-шараларды күшейту қажеттілігі туралы хабарлайды.
ЖПҚТ бойынша әлемдегі эпизоотиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда. 2025 жылдың қыркүйек айында Еуропа елдері мен АҚШ-та үй және жабайы құстар арасында ауру ошақтары тіркелген.
Осыған байланысты келесі шараларды жүргізуді ұсынамыз:
- Құс ұстайтын және өсіретін шаруашылықтар алдын алу шараларын ұйымдастыру және күшейту;
- Құс фабрикалары жабайы және синантропты құстардың құсқа арналған жеммен, сумен және қора-жайлармен жанасуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;
- Құс иелері, ветеринариялық мамандар, аңшылар, егерьлер және басқа да мүдделі тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Құстар арасында аурудың күдікті жағдайлары анықталған кезде тиісті ветеринариялық қызметтерге шұғыл түрде хабарлау қажет.