Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Алматы облысында сібір жарасы, құтыру, бруцеллез ауруларының эпидемиологиялық және эпизоотиялық ахуалы, ауруларды тұрақтандыру жөніндегі атқарылып жатқан іс-шаралар туралы дөңгелек үстел өткізілді.
Атқарылған жұмыстары туралы облыстағы ветеринария, денсаулық сақтау, жер қатынастары басқармалары, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің есептері талқыланды.
Алдағы уақытта облыс аумағында адамдар мен жануарларға ортақ аурулардың алдын алуға бағытталған бірлескен түрде жүргізілетін жұмыстар белгіленді.