Ағымдағы жыл басынан бері біздің өңірдің автожолдарында ауылшаруашылығы жануарлардың соқтығысуының 16 жағдайы тіркелді. Бұл оқиғалар 25 адамның жарақат алуына және, өкінішке орай, біреуінің өліміне әкелді.
Жоғарыда аталған оқиғалардың алдын алу мақсатында облыстың ветеринария басқармасы тарапынан ірі ауыл шаруашылығы жануарларын жарық шағылыстыратын таспалармен (светоотражающая лента) қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл өз кезегінде, түнгі уақытта, әсіресе жылқы, мүйізді ірі қара немесе түйенің жиі пайда болатын жол учаскелерінде жануарлардың көрінуін қамтамасыз етеді. Мұндай қадам жол апаты қауіпін азайтып қана қоймай, адамдардың да, жануарлардың да өмірін сақтауға ықпал етеді.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 192 бас мүйізді ірі қара мал, 744 жылқы және 4 бас түйе жарық шағылыстыратын ленталармен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне ерекше назар аудартып, түнгі уақытта жануарларды жол учаскелерінде еркін жаюға тыйым салынатынын, сондай-ақ, ауылшаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін еске саламыз.