2025 жылы ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының 13 түрі бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді, тоқсандық жоспар 96%-ға орындалды.
Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 4,6 млрд. теңге бөлініп, 2,4 млрд. теңге, 52%-ға игерілді.
Жыл басынан жануарлардың аса қауіпті ауруларының 1 қолайсыз ошағы Балқаш ауданында тіркелді (мүйізді ірі қара малының қарасан ауруы), сауықтыру шаралары жүргізілуде.
Диагностикалық зерттеу нәтижесінде 76 бас мүйізді ірі қара мен 44 бас ұсақ мүйізді мал бруцеллезге оң нәтиже көрсетті. Ауру жануарлар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 29.06.2015 жылғы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың талаптарына сай санитариялық союға өткізілді.
Бүгінгі күні облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.