Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2025 жылғы 13 мамырдағы №321 бұйрығына сәйкес, облыс аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларын алдын алу мақсатында ветеринариялық препараттар (құстардың жоғары патогенді тұмауына, ірі қара малдың нодулярлы дерматитіне, қойлардың күліне, жануарлардың лептоспирозына қарсы вакциналар және сүтқоректілерге арналған туберкулин) комиссиялы түрде қабылданып, температуралық режимін сақтай отырып, аудандар мен Алатау, Қонаев қаласының ветеринариялық бөлімдеріне арнайы автокөлікпен жеткізілді.
Қазіргі уақытта жылдық жоспарды орындауға қажетті ветеринариялық препараттармен қамтылуы 64% құрайды.