Ветеринариялық шаралардың сапалы жүргізілуі басты назарда!

Облыстық ветеринария басқармасы тарапынан Балқаш ауданы Миялы, Бақбақты, Бірлік, Қарой, Көктал, Ақкөл, Ақдала, Бақанас ауылдық округтеріндегі ветеринариялық пункттерде 2025 жылы ауыл шаруашылығы жануарларының аса жұқпалы ауруларына қарсы ветеринариялық шаралардың сапалы жүргізілуіне мониторинг жүргізілді.

Пункттердің ғимараттармен қамтылуы, ветеринариялық препараттардың сақталуы, ветеринариялық профилактикалық және диагностикалық шаралардың жүргізілуі, жұмыс журналдарының дұрыс толтырылуы, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылуы, қызметтік автокөліктердің техникалық жарамдылығы зерделеніп, методикалық көмек көрсетілді, тиісті тапсырмалар берілді.

 

Дата публикации
08 мая 2025