Түлектердің назарына!


Ағымдағы жылдың 14 сәуір Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Жұмыс берушілер ретінде облыстың ветеринария басқармасының бөлімінің бас маманы А.Жанат ветеринария мамандығы бойынша оқу орнын аяқтайтын түлектермен сұхбаттасып, облыс аумағындағы ветеринария саласының құрылымы, еңбекақы мөлшері туралы мағлұмат беріп, бос жұмыс орындарына орналасу үшін шақырды.
Сала бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы көтерме жәрдем ақы мен 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрғын үйді сатып алу және құрылыс жүргізу үшін жеңілдетілген несие берілетіні туралы айтылды.

 

 

Дата публикации
14 апреля 2025