2025 жылғы 12 сәуірде Алматы облысының Ветеринария басқармасының және облыстық ветеринариялық станциясының қызметкерлері TAZAlike экологиялық акциясы аясында Қонаев қаласы, №4 саяжай аумағында өткен сенбілікке қатысты.
Іс-шара барысында 1,5 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, шамамен 20 қап қоқыс жиналды. Бұл сенбілік қоршаған ортаны таза ұстау мен абаттандыру бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі болды.
Экологияны жақсартуға қосқан үлестері мен белсенді азаматтық ұстанымдары үшін барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!