Алматы облысы бойынша 2025 жылдың I тоқсанындағы эпизоотиялық жағдай

2025 жылы ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының 13 түрі бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді, тоқсандық жоспар 99%-ға  орындалды.

Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 4,9 млрд. теңге бөлінді. 

Жыл басынан жануарлардың аса қауіпті ауруларының 1 қолайсыз ошағы Балқаш ауданында тіркелді  (мүйізді ірі қара малының қарасан ауруы), сауықтыру шаралары жүргізілуде.

Диагностикалық зерттеу нәтижесінде 19 бас мүйізді ірі қара мен 4 бас ұсақ мүйізді мал бруцеллезге оң нәтиже көрсетті. Ауру жануарлар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 29.06.2015 жылғы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың талаптарына сай санитариялық союға өткізілді.

Бүгінгі күні облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Дата публикации
07 апреля 2025