2025 жылғы ветеринариялық препараттардың алғашқы партиясының жеткізілуі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2025 жылғы 14 ақпандағы №128 бұйрығына сәйкес, облыс аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын алу мақсатында ветеринариялық препараттар комиссиялы түрде қабылданып, температуралық режимін сақтай отырып, аудандар мен Алатау, Қонаев қаласының ветеринариялық бөлімдеріне арнайы автокөлікпен жеткізілді.

Қазіргі уақытта жылдық жоспарды орындауға қажетті ветеринариялық препараттармен қамтылуы 54% құрайды.

 

Дата публикации
01 марта 2025