Көктемгі ветеринариялық алдын алу шараларын жүргізу жұмыстарына дайындықты анықтау мақсатында облыстық ветеринария басқармасы, аумақтық ветеринария инспекциясы, ветеринариялық станция өкілдері Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Кеген, Райымбек аудандарында ветеринариялық препараттарды сақтайтын тоңазытқыштардың, температураны өлшейтін құралдардың, тасымалдауға арналған термочемодандардың, вакциналарға қойылатын мөртаңбалардың ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігіне ревизияиялау жүргізді. Нәтижесінде аудандар мен ауылдық округтердің ветеринариялық қызметі толық дайын екендігі анықталды.