Алматы облысының 2024 жылдың 12 айындағы эпизоотиялық жағдайы

2024 жылы ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының 16 түрі бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді, жылдық жоспар 100%-ға орындалды.

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарын орындауға 4,9 млрд. теңге бөлініп, толық игерілді.

Облыс аумағында жыл басынан жануарлардың аса қауіпті ауруларының 7 қолайсыз ошағы тіркелді. Оның ішінде, ұсақ мүйізді малдың брадзоты 1 ошақ (Жамбыл), мүйізді ірі қараның қарасаны 2 ошақ  (Райымбек, Еңбекшіқазақ),  мүйізді ірі қараның пастереллезі 1 ошақ (Еңбекшіқазақ), мүйізді ірі қараның хламидиозы 1 ошақ (Талғар), ұсақ мүйізді малдың бруцеллезі 1 ошақ (Қонаев), мүйізді ірі қараның сібір жарасы 1 ошақ (Ұйғыр).

Қазіргі уақытта барлық ошақтар сауықтырылды.

Диагностикалық зерттеу жоспары бойынша 797 932 бас ірі қара малы бруцеллезге зерттеліп, оң нәтиже көрсеткен 187 бас анықталды. Зерттелген 2 885 745 бас ұсақ мүйізді малдан, оң нәтиже көрсеткен 158 бас анықталды.      

Бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсеткен ауыл шаруашылығы жануарлары  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 29.06.2015 жылғы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бруцеллез ауруы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібінің талаптарына сай санитариялық союға өткізілді.

Бруцеллез ауруымен ауырған ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне нарықтық құнының 30 пайызы көлеміндегі өтем ақы төлеуге жергілікті бюджеттен 22,4 млн теңге төленді.

Бүгінгі күні облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Дата публикации
23 января 2025