АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС: МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

     

Ветеринария басқармасының басшысы Бауыржан Темірғалиұлының төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте ветеринария мәселелері талқыланды.

    Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.Ахметов баяндады, ағымдағы жылдың 11 айлық жоспардың орындалуы 98,6% құрайды, 18 680 804 манипуляция жүргізілгенін хабарлады. Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылдық округі аумағындағы сібір жарасы ауруының ошағында ветеринариялық сауықтыру шаралары толық жүргізілді. Округтегі барлық мал басы (7 510 бас ірі қара, 16 465 бас ұсақ мал, 1 240 бас жылқы) мәжбүрлі түрде сібір жарасына қарсы вакцинациялаудан өткізіліп, 33 998 кв. метр мал қоралары мен жайылым жерлерге (оның ішінде, 13 000 кв. метр жайылым жер) 3%-тік глюзамин вет ерітіндісімен мәжбүрлі және қорытынды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.

    Ветеринария және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М. Бадилхан қатысушыларды 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік өтінім бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы есептілік ұсынылды.

    Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы Г. Демесинова 11 ай ішінде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады, ағымдағы жылы АШЖБ деректер базасына енгізілді: ІҚМ – 701 368 бас, ҰММ – 2 976 201 бас, жылқы – 247 223 бас, шошқа – 36 806 бас, түйе – 8 418 бас.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша жыл басынан бастап ЕАСУ веб-порталы арқылы 72 890 дана ветеринариялық анықтама берілді, оның ішінде: №1 – 63 376 дана, №2 – 8 003 дана, №3 – 1 511 дана.

Сондай-ақ қаңғыбас және қараусыз қалған иттер мен мысықтарды аулау мәселесі көтерілді, бүгінгі күнге дейін 19 186 қаңғыбас ит пен 99 мысық ауланды.

Аппараттық мәжіліс барысында ветеринария саласындағы заңнаманы түсіндіру мәселелері де жан-жақты талқыланды.  Б.Т. Дарибаев адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауды және тиімді ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Дата публикации
03 декабря 2024