Кезекті ветеринариялық препараттардың жеткізілуі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2024 жылғы 08 қазандағы №731 бұйрығына сәйкес, облыс аумағындағы жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын алу мақсатында ұсақ мүйізді малға арналған аусыл ауруына қарсы вакцина комиссиялы түрде қабылданып, температуралық режимін сақтай отырып, аудандар мен Қонаев қаласының ветеринариялық бөлімшелеріне арнайы автокөлікпен жеткізілді.

Қазіргі уақытта жылдық жоспарды орындауға қажетті ветеринариялық препаратармен қамтылуы 96% құрайды. Ұсақ мүйізді малдың сібір жарасына қарсы 709 950 доза, брадзот ауруына қарсы 10 000 доза келіп түспеді.

 

Дата публикации
15 октября 2024