Облыс әкімдігінің 2023 жылғы 30 қазандағы «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» №378 қаулысы негізінде Басқарманың «Алматы облысының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) құрылды.
Кәсіпорынды құру штат бірлігін оңтайландыруға, ветеринариялық іс-шараларды жүргізу үшін тауарларды орталықтандырып мемлекеттік сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және бюджет қаражатын үнемдеуге оң әсерін тигізеді.
Ағымдағы жылы ветеринария мамандарына еңбек ақы төлеуге 5 млрд. теңге қарастырылды, өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға өсті. Нәтижесінде ветеринария мамандарының жалақысы көтерілді (ветеринария дәрігерінің орташа жалақысы 300 мың теңге, ветеринария фельдшері - 270 мың, ветеринария санитары - 220 мың теңге).
Еңбек ақыны көтеру арқылы ветеринар мамандардың шалғай ауылдарға жұмысқа орналасуына, тұрмыстық жағдайларының жақсаруына қол жеткізіліп, еңбек өнімділігін көтеруге мүмкіндік берді.