2024 жылы ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының 16 түрі бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша облыс аумағында жүргізілетін ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жылдық жоспарының орындалуына қажетті ветеринариялық препараттармен 46,4 пайызға қамтамасыз етілді.
Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарын орындауға 4,9 млрд. теңге бөлініп, 799,6 млн теңге, 16%-ы игерілді.
Жыл басынан жануарлардың аса қауіпті ауруларының 2 қолайсыз ошағы тіркелді. Олар, ұсақ мүйізді малдың брадзоты 1 ошақ (Жамбыл ауданы), мүйізді ірі қараның қарасаны 1 ошақ (Райымбек ауданы). Қазіргі уақытта қарасан ауруының ошағы сауықтырылды, брадзоттың ошағында сауықтыру жұмысы жүргізілуде.
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша 3 айлық жоспары 97,7%-ға орындалды.
Диагностикалық зерттеу жоспары бойынша 114 205 бас ірі қара малы бруцеллезге зерттеліп, оң нәтиже көрсеткен 35 бас анықталды. Зерттелген 121 087 бас ұсақ мүйізді малдан, оң нәтиже көрсеткен 15 бас анықталды.
Бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсеткен ауыл шаруашылығы жануарлары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 29.06.2015 жылғы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бруцеллез ауруы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібінің талаптарына сай санитариялық союға өткізілді.
Бруцеллез ауруымен ауырған ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне нарықтық құнының 30 пайызы көлеміндегі өтем ақы төлеуге жергілікті бюджеттен 29,9 млн теңге бөлінді.
Бүгінгі күні облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.