ЖОБА

 

Алматы облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы

жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және        өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының                               2-2-тармағына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алматы облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 26-130 «Алматы облысы аумағында жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4502 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

 

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
18 марта 2024