Алматы облысының 2023 жылдың І-жарты жылдығы бойынша эпизоотиялық жағдайы

2023 жылы ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының 16 түрі бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша облыс аумағында жүргізілетін ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жылдық жоспарының орындалуына қажетті ветеринариялық препараттармен 74 пайызға қамтамасыз етілді.

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарын орындауға 3 011,4 млн. теңге бөлініп,  1 552,0 млн. теңге немесе 52%  игерілді.

Жыл басынан жануарлардың аса қауіпті ауруларының 3 қолайсыз ошағы тіркелді. Оның ішінде, ұсақ мүйізді малдың брадзоты 1 ошақ (Еңбекшіқазақ), ұсақ мүйізді малдың энтеротоксемиясы 1 ошақ (Жамбыл), ұсақ мүйізді малдың шешегі 1 ошақ (Жамбыл). Қазіргі уақытта барлық ошақтар сауықтырылды.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша 6 айлық жоспары 97%-ға  орындалды.

Жануарларды аса қауіпті ауруларға диагностикалық жоспары бойынша  395 850  бас ірі қара малы бруцеллезге серологиялық зерттеліп, оның 234 басы оң нәтиже көрсетті.  Ұсақ мүйізді малдардың 1 582 442 басы бруцеллезге серологиялық зерттеліп, оның 144 басы оң нәтиже көрсетті.

Бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсеткен ауыл шаруашылығы жануарлары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 29.06.2015 жылғы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бруцеллез ауруы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібінің талаптарына сай санитариялық союға өткізілді.

Бруцеллез ауруымен ауырған ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне, нарықтық құнының 30 пайызы көлеміндегі өтем ақы төлеуге жергілікті  бюджеттен 44 423,0 мың теңге бөлініп, 51 пайызы игерілді.

Бүгінгі күні облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Дата публикации
20 июля 2023