Ветеринария басқармасының 2023 жылдың 3айында (I квартал) атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Облыс бойынша 10 ветеринариялық станция мен 135 ветеринариялық пунктте 1092 маман аумақтың эпизоотиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқаруда.

 2023 жылға ветеринария мамандарының еңбек ақысын көтеруге 3 011,4 млн. теңге бөлінді, өткен жылмен салыстырғанда 692,6 млн. теңгеге немесе 27%-ға  өсті. 

Бөлінген қаржы ветеринария дәрігерінің орташа жалақысы 200 мың теңгеге, ветеринариялық фельдшер 165 мың теңгеге, ветеринариялық санитардікі  140 мың теңгеге жеткізілді.

Олардың материалдық-техникалық базасын жабдықтауға 157,8 млн теңге бөлініп. 10 дана арнайы автокөліктерге 75,0 млн. теңге, ветеринариялық препараттарды температуралық режимін сақтай отырып тасымалдау үшін 1 дана рефрижератор автокөлігіне 40,0 млн теңге және 95 компьютер жиынтығын сатып алуға 42,8 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Облыс аумағында 659,9 мың МІҚ, 2,6 млн ҰММ, 226,9 мың  жылқы, 7,6 мың түйе, 61,8 мың бас шошқа бірдейлендіріліп, компьютерлік дерекқорға енгізілді.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша облыс аумағында жүргізілетін ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жылдық жоспарының орындалуына қажетті ветеринариялық препараттармен 48,2 пайызға қамтамасыз етілді. 

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарын орындауға 3 011,4 млн. теңге бөлініп,  1 084,6 мың теңге немесе 36 %  игерілді

         Ауыл шаруашылық жануарлары мен құстардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының 16 түрі бойынша алдын алу іс-шаралары, соның ішінде вакцинациялау жұмыстары 105,5%-ға орындалды (2  598 754 манипуляция жасалды).

Жыл басынан жануарлардың аса қауіпті ауруларының 3 қолайсыз ошағы тіркелді. (ҰММ бродзот 1–Еңбекшіқазақ, энтеротоксемиясы 1, оспа 1 – Жамбыл). Қазіргі уақытта 1 (Еңбекшіқазақ) ошақ сауықтырылып, қалған ошақтарда сауықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы бойынша 109 175 бас ірі қара малы бруцеллезге серологиялық зерттеліп, оның 143 басы оң нәтиже көрсетті,  Ұсақ мүйізді малдардың 82 339 басы бруцеллезге серологиялық зерттеліп, оның 72 басы оң нәтиже көрсетті.

Ветеринариялық процестерін цифрландыру барысында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасына аса қауіпті ауруларының диагностикасы бойынша «VetLab» модулі енгізілді.    

Жануарларды тіркеуді және ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар бойынша тізімдеме және т.б. іс-шараларды онлайн/офлайн форматта (кэшке сақтай отырып) жүргізуге мүмкіндік беретін «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» АЖ функционалына сәйкес мобильді «e-ISZH Mobile» қосымшасы әзірленді.

Бюджеттен қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға, уақытша ұстауға, вакцинациялауға, стерилизациялауға, бірдейлендіруге және жоюға 108,2 млн. теңге бөлінді.

Аудандық және қалалық ветеринариялық станцияларда қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша 10 бригада құрылды (10 автокөлік, 32 маман, 10 изоляторда 145 дана тор).

Жыл басынан 3 377 қаңғыбас ит пен 42 мысық ауланды, оның ішінде 623 ит иелеріне қайтарылды.

Жануар иелеріне ветеринария саласында ағарту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдарына 5 сұхбат берілді, жергілікті газеттерде 41мақала жарияланып, 86мың жадынама таратылды.

Жыл басынан иттер мен мысықтардың адамдарды 469 тістеу жағдайлары тіркелді. Оның ішінде 271 иесі бар, 107иесі жоқ.

Жергілікті полиция қызметкерлері иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін 59 азаматқа ескертпе беріліп, 109 азаматқа 1,7 млн. теңге айыппұл салды.

Бүгінгі таңда, аудан әкімдіктері тарапынан қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстау пункттерін салу үшін 5,3 га жер телімін бөлініп құжаттар рәсімделуде.

Дата публикации
29 мая 2023