Санитариялық сою туралы

Алматы облысы бойынша бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсеткен жануарларды Талғар ауданында орналасқан жеке кәсіпкер «Алтынбеков» кәсіпорынында  санитарлық союға және қайта өңдеуге өткізу келісілді.

Ветеринария басқармасы және «Алтынбеков» ЖК арасында бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен жануарларды санитарлық союды және қайта өңдеуді ұйымдастыру шараларының жоспары бекітіліп, санитариялық сою күндері және атқарылатын қызметтердің бағасы белгіленді.

Жоғарыда аталған кәсіпорнында ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай отырып,шұжықтар мен консерв өнімдерін өңдеу үшін еттің терең өңдеуі жүзеге асырылады.

Дата публикации
22 мая 2023