Бекіту туралы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер

Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 тамызда № 11940 болып тіркелді.

        "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

       "КЕЛІСІЛГЕН"  

       Қазақстан Республикасы  

       Қаржы министрі  

       ___________ Б. Сұлтанов  

      "__________ " 2015 жыл



       "КЕЛІСІЛГЕН"  

       Қазақстан Республикасы  

       Ұлттық экономика министрі  

       _____________ Е. Досаев  

       "____________" 2015 жыл   "КЕЛІСІЛГЕН"  

       Қазақстан Республикасы  

       Ұлттық экономика министрінің  

       міндетін атқарушы  

       ___________ Т. Жақсылықов  

      "__________ " 2015 жыл




 

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 7-1/587 бұйрығымен
бекітілген

 Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ветерианриялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды белгілейді, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын ветеринариялық нормативтердiң негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
  3. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:

      1) ауру жануар – жануардан немесе жануарды сою кезінде (лимфа түйіндерін және ішкі (паренхиматозды) органдарды зерттеу) немесе түсіктен алынған биологиялық (патологиялық) материалды серологиялық, бактериологиялық әдістермен немесе полимеразды-тізбектік реакциямен (бұдан әрі – ПТР) зерттеу нәтижесінде анықталған, ағзасында ауру қоздырғышы табылған жануар;

      2) вакциналанатын саламатты эпизоотологиялық бірлік – диагностикалық зерттеулердің топтық теріс нәтижесіне қол жеткізілген, бруцеллез инфекциясының бар екендігін білдіретін басқа белгілер жоқ, бірақ қоздырғыштың ену қаупі бар және осыған байланысты вакциналау жүргізілген эпизоотологиялық бірлік (үйір, мал тобы, отар, табын);

      3) қосымша диагностикалық зерттеулер – ПТР әдісімен зерттеу немесе биологиялық сынамамен (бұдан әрі – биосынама) бактериологиялық зерттеу жүргізу нәтижесінде эпизоотологиялық бірліктің саламатсыздық мәртебесі анықталмаған, бірақ алғашқы диагностикалық зерттеулер нәтижелері бойынша бруцеллезге оң нәтиже берген жануарлар бар, бруцеллезге қарсы вакцина қолдана отырып сауықтырылған эпизоотологиялық бірліктегі жануарлар басына зертханалық бақылау жүргізу.

      Бұл жағдайларда жануарларды қосымша диагностикалық зерттеу шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимді белгілеудің баламасы ретінде енгізілетін шара болып табылады.

      4) қосымша диагностикалық зерттелетін саламатты эпизоотологиялық бірлік – алғашқы және екінші диагностикалық зерттеулердің қорытындысы бойынша оң нәтиже берген жануарлары бар эпизоотологиялық бірлік немесе бруцеллезге қарсы вакцина қолдана отырып сауықтырылған эпизоотологиялық бірлік;

      5) мал қорымы (биотермиялық шұңқыр) – эпизоотиядан өлген немесе таралуының алдын алу мақсатында сойылған ауыл шаруашылығы және үй жануарларының өлекселерін ұзақ мерзімді сақтауға арналған орын. Сібір жарасы көмінділері қорғау мен есепке алудың ерекше мәртебесіне ие;

      6) саламатсыз пункт – аумағында саламатсыз эпизоотологиялық бірлік бар елді мекен;

      7) саламатсыз эпизоотологиялық бірлік – ауру жануар анықталған үйір, мал тобы, отар, табын;

      8) саламатты пункт – ауру жануар және оң нәтиже берген жануар анықталмаған эпизоотологиялық бірлік (үйір, мал тобы, отар, табын), саламатты шаруашылық субъектісі және саламатты елді мекен;

      9) шаруашылық жүргізуші субъект – жануарлар өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар;

      10) эпизоотологиялық бірлік – эпизоотиялық тұрғыдан байланысты, бір жерде (бір өрісте, жайылымда және басқа жерлерде) болуы себепті ауру қоздырғыштың әсер етуі тәуекеліне ұшырау ықтималдығы бірдей жануарлар тобы (үйір, мал тобы, отар, табын).

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне
    қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық)
    талаптар

 1-параграф. Ауыл шаруашылығы жануарларына, жануарлардың жыныс
және соматикалық жасушаларына қойылатын талаптар

  1. Жыныс және соматикалық жасушалар жануарлардың жұқпалы аурулары таралмаған аумақтарда орналасқан субъектілердегі клиникалық сау жануарлардан алынады.
  2. Жануарларға, жануарлардың жыныс және соматикалық жасушаларына қойылған талаптар "Кеден одағындағы ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптармен белгіленеді.

 2-параграф. Жануарлардан алынатын өнімдер мен
шикізатқа қойылатын талаптар

  1. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа қойылатын талаптар Заңның 8-бабының 22) тармақшасына сәйкес бекітілетін ветеринария саласындағы техникалық регламенттермен, Евразиялық экономикалық космиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен бекітілген "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентімен, Евразиялық экономикалық космиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 68 шешімімен бекітілген "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентімен, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентімен және "Кеден одағындағы ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптармен (бұдан әрі – Бірыңғай ветеринариялық талаптар) белгіленеді.

 3-параграф. Ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен
жемшөп қоспаларына қойылатын талаптар

  1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтарын жүргiзу үшiн қажеттi көлемде өндiру, әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн ғана өндiруге, әкелуге (импорттауға), өткiзу мен қолдануға (пайдалануға) рұқсат етiледi.

       Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiрудi, әкелудi (импорттауды), тасымалдауды (орнын ауыстыруды), өткiзудi, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда, олардың айналысы мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.

  1. Ветеринариялық препараттардың, сондай-ақ химиялық және микробиологиялық синтезделген жемшөп қоспаларының сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, шығарушы кәсіпорын беретін ілеспе құжат бар болса, оларды әкелу, тасымалдау Бірыңғай ветеринариялық талаптарға сәйкес ветеринариялық сертификатсыз жүзеге асырылады.

 4-параграф. Диагностика және ветеринариялық-санитариялық
сараптамаға арналған орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларына
қойылатын талаптар

  1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларына қойылатын талаптар Заңның 8-бабының 34) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларымен белгіленеді.

 5-параграф. Жануарлар профилактикасы, оларды емдеу,
өңдеу (дауалау) және бірдейлендіру, жануарлар ауруларының
диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн
пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы
бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарға қойылатын талаптар

  1. Жануарлар профилактикасы, оларды емдеу, өңдеу (дауалау) және бірдейлендіру, жануарлар ауруларының диагностикасы үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарға қойылатын талаптар олардың арналуы (пайдалануына) байланысты орнатылады.
  2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) және Заңның 8-бабының 38-2) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларына сәйкес белгіленеді.

 6-параграф. Жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын
факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарына, ыдыстың барлық
түрлерiне, буып-түю материалдарына қойылатын талаптар

  1. Жануарлардың аса қауiптi аурулары тiркелген шектес мемлекеттердiң шекаралас аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына кіретін көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген кезеңде және тәртiппен дезинфекциялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының аумағына енетін барлық көлік құралдарының қозғалғыш бөліктері жануарлардың жұқпалы аурулары, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулар қоздырғыштарының әкелуінен қорғау үшін дезинфекцияланады.

  1. Орын ауыстырылатын (тасмалданатын) объектінің сипатына және олардың ветеринариялық-санитариялық бағасына байланысты көлік құралдары үш санаттың бірі бойынша өңделеді:

      1) бірінші;

      2) екінші;

      3) үшінші.

  1. Мыналарды:

      1) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтағы пункттерден шыққан дені сау жануарларды (оның ішінде құсты, аңдарды, хайуанаттар бағы жануарларын, араларды, бауырымен жорғалаушыларды қоса алғанда);

      2) дені сау жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты тасымалдаған көлік құралдары бірінші санат бойынша өңдеуге жатады.

      Үймемен тасымалданатын сойылған жануарларды, етті, ет өнімдерін, жемдік астық пен құнарлы жем шөпті тиеуге берілетін көлік құралдары да бірінші санат бойынша өңдеуге жатады.

  1. Мыналарды:

      1) тасымалдау кезінде арасында ауру немесе жұқпалы ауруы бар деген күдік туған жануарлар мен құстарды, сондай-ақ жұқпайтын немесе жұқпалы аурулардан өлген жануарлардың (құстардың) өлекселерін;

      2) жұқпалы аурумен ауыратын жануарлардан және құстардан алынған немесе жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз пункттерден дайындалған өнімдер мен шикізатты;

      3) өсіру және жерсіндіру мақсатына арналған тауарлық тірі балықтарды, сондай-ақ тиеуге берілетін балықты, ұрықтандырылған уылдырықты, шаяндарды;

      4) экспорттаушы елде ыстық жуудан өткен импорттық жүнді тасымалдағаннан кейін көлік құралдары екінші санат бойынша өңдеуге жатады.

      Асыл тұқымды, күнделікті пайдаланылатын, цирктік, хайуанаттар бағы және спорттық жануарларды, сондай-ақ ет пен ет өнімдерін экспортқа тиеуге арналған көлік құралдары да екінші санат бойынша ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жатады.

  1. Мыналарды:

      1) жолда болған кезде немесе түсіру кезінде Жануарлардың саулығы дүниежүзлік ұйымның (Халықаралық эпизоотиялық бюроның) тізіміне енгізілген аса қауіпті ауруларға шалдыққаны анықталған немесе күдік тудырған немесе арасында аурулардан өлген жануарлар болған жануарларды;

      2) сібір жарасына зерттелмеген тері-былғары шикізатын;

      3) қолайсыз елдерден түсетін жануарлардан алынатын импорттық шикізатты;

      4) камералық өңдеуден және ыстықпен жуудан өтпеген импорттық жүнді, қылшықты, қылды, мамықты, қауырсынды, түбітті, қабықты және басқаларын;

      5) ветеринариялық-санитариялық шығу тегі белгісіз жануарлардан алынатын өнімді;

      6) жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында кездеспейтін жұқпалы аурулары бойынша қолайсыз елдерден әкелінген жануарлардан алынған шикізат пен жартылай фабрикаттарды;

      жиналған және даладағы сүйектерді тасымалдағаннан кейін көлік құралдары үшінші санат бойынша өңдеуге жатады.

  1. Бірінші санат бойынша ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жататын көлік құралдары алдымен қидан, қоқыстан, жануарлардан алынатын өнімдердің қалдықтарынан және басқа да ластанудан тазартылады, содан кейін жуады. Жуу ыстық сумен жүргізіледі. Жуылатын беткі қабаттардағы су ағысының температурасы 600С төмен болмауы және брандспойттан шыққан кездегі қысымы 2 атмосферадан кем болмауы тиіс. Еден мен құрал-жабдықтарды, содан кейін қабырғаларды, төбені және есіктің ішкі жағы мен торларды жуады. Жуылмай қалған кірді қырғыштың, щетканың және сыпырғыштың көмегімен кетіреді. Содан кейін екінші қайтара еден мен құрал жабдықтарды аққан су лайланудан толық тазарғанша жуады. Жууды қабырғаны өңдеумен аяқтайды.

      Екінші санат бойынша ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жататын көлік құралдары механикалық әдіспен тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады. Механикалық тазарту алдында ішкі қабырғалар мен еден немесе қидың үстіңгі қабаты, сондай-ақ көлік ішіндегі барлық құрал-жабдықтар дезинфекциялық ерітіндісімен ылғалдандырылады.

      Ылғалды дезинфекциялау үшін шашыратқыш ұшы бар қондырғылар пайдаланылады. Алдымен еден, содан кейін қабырғалар мен төбе дезинфекцияланады, осыдан кейін еден екінші рет дезинфекцияланады.

      Дезинфекциялаушы ерітіндіні ол көлік құралының ішіндегі барлық үстіңгі беттерге бірқалыпты шаша отырып мүмкіндігінше тік бұрышпен шашылады. Ерітінді, бұрыштарға, тесіктерге, есіктерге шашылады. Көлік құралдарының сыртқы қабырғалары міндетті түрде дезинфекцияланады.

      Дезинфекциялаушы кедергіде (дезинфекциялау блогы) көліктің қозғалғыш бөлігін ветеринариялық-санитариялық өңдеу мынадай операцияларды қамтиды:

      1) қозғалғыш бөлігі мен түбін механикалық әдіспен тазарту және жуу;

      2) дезинфекциялаушы ваннаға дезинфекциялау ерітіндісін толтыру;

      3) шашырату (бүрку) арқылы көлікті (дөңгелектері мен түбін) дезинфекциялау блогында өңдеу;

      4) қозғалғыш бөліктің бетін дезинфекциялаушы ерітіндінің қалдықтарынан тазарту.

  1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге арналған ыдыс пен буып-түю материалдары таза, құрғақ, бөгде иістерсіз, су мен майға төзімді, ерімейтін және сіңірмейтін, өнімнің химиялық құрамын өзгертпейтін, оған дәм мен иіс бермейтін болуы тиіс.

 7-параграф. Ветеринария саласындағы жеке және
заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптар

  1. Жеке және заңды тұлғалар жануарлар мен адам үшін ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларның алдын алу бойынша:

      1) осы Қағидаларды сақтай отырып, жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруды;

      2) хайуанаттар бағындағы, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды осы Қағидаларға және ветеринариялық нормативтерге сәйкес күтіп-бағуды, өсiруді және пайдаланылуды жүзеге асыруды;

      3) қоршаған ортаның ластануына жол бермеуді;

      4) аумақтарды, мал шаруашылығының қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған құрылыстарды осы Қағидалар мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды;

       5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауды;

       6) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді;

      7) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерін, мемлекетік ветеринариялық ұйымдарды, жергілікті атқарушы органдармен құрылған мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына хабардар етеді:

      жаңадан сатып алынған жануар, алынған төл, оның сойылғаны мен сатылғаны туралы;

      бiрнеше жануарлар өлген, бiр мезгiлде ауырған немесе олардың жүріс-тұрысы әдеттегіден өзгерген жағдайлар туралы хабардар ету және ветеринария саласындағы мамандары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар және мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер келгенге дейін ауру деп күдік туындаған жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шара қолдануды;

      8) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакцинациялауды және олардың диагностикасын;

      9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен мемлекеттік ветеринарлық дәрігерге орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеріп қарау үшiн кедергiсiз беруді;

      10) өткiзу үшiн сойылатын жануарды союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен органдарына ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуді;

       11) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтін кәсіпорындарда, сою пункттерінде немесе ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында союды Заңның 8-бабының 46-2) тармақшаларына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген тәртіппен жүргізуді;

       12) "Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 10223 тіркелген) бекітілген тәртіппен жануарларды карантиндейді;

       13) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы "Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/625 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10298 тіркелген) бекітілген тәртіппен келісуді қамтамасыз етеді.

 8-параграф. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді
өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе
пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметтi
жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумағына,
өндiрiстiк ғимараттары мен қызметiне қойылатын талаптар

  1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумағына, өндiрiстiк ғимараттары мен қызметiне қойылатын талаптар Заңның 8 бабының 46-1), 46-2), 46-3) тармақшаларына сәйкес белгіленеді.
  2. Жануарларды пайдалану рәсiмдерiн, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер жүргiзiлетiн үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сай болуы қажет.

       21 Ғылыми зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген немесе жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау мақсатында олар "Ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10287 тіркелген) белгіленген тәртіппен байқаудан өткізілуге тиіс.

      Микроорганизмдердiң штаммдары Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ жануарлар ауруларының диагностикасы кезiнде ғылыми зерттеулер нәтижесiнде алынған штаммдары ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуға тиiс.

  1. Ішкі сауда объектілерінде тамақ өнімін сатып алған кезде сатып алушылардың (кәсіпкерлердің) ішкі сауда объектілерінің ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларында онда сатып алынған тамақ өнімінің күнін, түрін және мөлшерін сатып алушының (кәсіпкерлердің) тегін, атын әкесінің атын (бар болса), тамақ өнімінің межелі объектісін көрсете отырып, сатып алынған өнімнің қауіпсіздігін растайтын сараптама актісінің көшірмесін (сынақ хаттамасын) алуына жол беріледі. Сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі ветеринариялық–санитариялық сараптаманы жүргізген уәкілетті адамның қолымен және ішкі сауда объектісінің сараптама зертханасының мөрімен расталады.

 9-параграф. Мал айдалатын жолдарға, маршруттарға, мал
жайылымдары мен суаттардың аумақтарына қойылатын талаптар

  1. Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) Заңның 21 бабының 3 тармағына сәйкес тиiстi әкімшілік – аумақтың бірліктердің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келiсім бойынша аудандардың (республикалық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары айқындайды.

      Жануарларды маусымдық жайылымдарға, ет өңдеуші кәсіпорындары мен мал сатып алу орындарына айдап апару үшiн ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдау жолдарына, айдалатын малдың жолдағы азығын қамтамасыз ететiн мөлшерде жер пайдалану шекарасының бойындағы жайылымдық алқаптардан жер учаскелерi берiледi.

      Бiр ауданның шегiнде мал айдауға арналған ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары бередi.

      Бiрнеше ауданның аумағы арқылы мал айдау үшiн мал айдайтын жолдарға жер учаскелерiн беру туралы шешiмдi облыстың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

  1. Ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдайтын жолдардың жер пайдаланушылары болып табылатын адамдар құдықтар мен малды суаруға және малды дамылдатуға арналған алаңдар, экологиялық талаптардың сақталуын және жолдардың қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ететiн құрылыстар мен ғимараттар салады, айдалатын малды белгіленген тәртіппен және ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімдерде кедергiсiз өткiзеді.

 10-параграф. Ветеринариялық есеп пен есептiлiк,
ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды,
сараптама актiсi жөнiндегi құжаттамаға қойылатын талаптар

  1. Ветеринариялық есеп пен есептілік Заңның 8 бабы 45) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін әзірлеу "Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген арнайы нысанда ұсынылады.
  2. Ветеринариялық анықтама мен ветеринариялық-санитариялық қорытындыға қойылатын талаптар Заңның 8-бабының 46-4) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін Ветеринариялық құжаттарды беру жіне олардың блакілеріне қойылатын талаптар қағидаларымен белгіленеді.
  3. Сараптама актiсiне (сынақ хаттамасына) қойылатын талаптар "Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10410 болып тіркелген) Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес белгіленеді.

 11-параграф. Мал қорымына(биотермиялық шұңқырларға)
қойылатын талаптар

  1. Мал қорымын (биотермиялық шұңқырды) құрғақ көтеріңкі, жер асты суларының деңгейі жер бетінен кемінде 2 метр жер учаскесіне орналастырады.

       Мал қорымына (биотермиялық шұңқырға) арналған санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және "Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11124 тіркелген) сәйкес бекітілетін Өндірістік объектілердегі санитарлық-қорғау аумағына белгіленген Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес айқындалады.

      Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың аумағында мал қорымы (биотермиялық шұңқыр), қосалқы құрылыстар құрамына кіреді.

      Мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) аумағын биіктігі 2 метрден кем емес кіру қақпасы бар саңылаусыз дуалмен қоршайды. Дуалдың ішкі жағынан тереңдігі 0,8-1,4 метр және ені 1,5 метрден кем емес белдік құрылғысымен қазып алынған топырақтан ор қазылады.

      Ор арқылы көпір салады.

      Орман саябақ және қорық, су қорғау аймақтарында Мал қорымын (биотермиялық шұңқырды) орналастырмайды.

  1. Мал қорымын (биотермиялық шұңқырды) салу кезінде 5-6 метр тереңдікте жерасты сулары шығатын (жер бедерін ескере отырып) жерлерден басқа учаскенің ортасынан ұзындығы мен ені 3 метр, тереңдігі 10 метр болатын шұңқыр қазады. Шұңқырдың қабырғасын су өтпейтін материалмен қалайды да, қорғаныш құрылғысымен жер беті деңгейінен 40 сантиметрден 1 метрге дейін жоғары шығарады. Шұңқырдың түбін реттеп, кем дегенде 20 сантиметр қалыңдықпен бетондайды. Шұңқырдың жабыны екі қабаттап жасалынады. Қабат арасына жылу өткізбейтін төсеніш салады. Жабынның дәл ортасынан өлшемі 100х100 сантиметр болатын тесік қалдырады, оның құлыпталатын тығыз жабылатын қақпағы болады. Шұңқырдан диаметрі 25 сантиметр және биіктігі 3 метр болатын сорғыш мұржа шығарылады. Шұңқырдың үстіне биіктігі 2,5 метр, ұзындығы 6 метр, ені 3 метр болатын қалқа тұрғызады. Қасынан жануарлардың өлекселерін союға, дезинфекциялаушы құралдарды, арнайы киімдерді және құрал-саймандарды сақтауға арналған үй-жайды жалғастыра салады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  1. Мал қорымын (биотермиялық шұңқырды) биологиялық қалдықты тасталғаннан кейін екі жыл өткен кейін қайта қолдануға жол беріледі және әрбір 0,25 метрден шұңқырдың барлық тереңдігінен алынған сібір жарасы қоздырғышының шырышталған материалдағы сынамасын шығарғанда.

      Мал қорымын (биотермиялық шұңқырды) тазалағаннан кейін қабырғасымен түбінің бүтіндігін тексереді, қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

      30-1. Сібір жарасынан өлген жануарлар өлекселері көмілген мал қорымдарына адамдар мен жануарлар кіре алмайтындай етіп бүкіл периметрі бойынша биіктігі кем дегенде 1,5 метр болатын қоршаумен (металдан немесе бетоннан) қоршайды, "Сібір жарасы" деген жазуы бар тақтайшалармен (аурудың пайда болған күні) белгіленеді.

      Сібір жарасынан өлген жануарлар өлекселері, сондай-ақ жануарлардан алынған шикізат пен өнім арнайы қондырғыларда өртеледі. Күл қалдығы Беккари шұңқырына салынады.

      Сібір жарасынан өлген жануардың лажсыз сойылған, өлексесі жарып ашылған жерді мұқият өртейді, содан кейін 20%-дық хлоры бар әк ертіндісін құяды, топырақты 25 сантиметр тереңдікте қазып, кемінде 25% белсенді хлордан тұратын құрғақ хлоры бар әкті топырақтың үш бөлігіне бір бөлік есебінде араластырады. Топырақты әкпен араластырғаннан кейін сумен ылғалдандырады.

       Сібір жарасынан өлген жануарлар өлекселері көмілген орындарды ветеринариялық-санитариялық карточка, кадастрлық мағлұматтар, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар бойынша, жергілікті жердегі комиссиялық іздестіруі бойынша анықтау мүмкін болмаған кезде, сібір жарасынан өлген жануарлар өлекселері көмілген орындар айқындалмаған деп саналады (бағдар жоқ, бірақ жануарлардың өлгендігі жөнінде мәліметтер кадастрда көрсетілсе, сібір жарасы бойынша стационарлық-қолайсыз пунктте эпизоотиялық ошақтың бар екендігі, бірақ сібір жарасынан өлген жануарлар өлекселері көмілген орынның анықтамағандығы жөнінде акті жасалынады). Объектілер аумақтары "Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11124 болып тіркелген) сәйкес санитариялық-қорғаныш аймағымен елді мекендерден алыстатылады.

      Ескерту. 11-параграф 30-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

 12-параграф. Ішкі сауда объектілеріне қойылатын талаптар

  1. Ішкі сауда объектілерінде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау талаптарын сақтау мәніне мiндеттi түрде жүргізіледі.
  2. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер жатады.
  3. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:

       1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық ілеспе құжаттарға сәйкестiгiн тексеруді;

      2) жануарды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты ветеринариялық қарап тексеруді;

      3) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауын тексеруді;

       4) жануардың және адамның денсаулығына аса қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қоюды және жоюды;

      5) ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеудi ұйымдастыруды қамтиды.

  1. Ішкі сауда объектілерінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындауды ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары жүзеге асырады.
  2. Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты ветеринариялық-санитариялық сараптама өткізбей сатуға жол берілмейді.
  3. Ішкі сауда объектілерінің әкімшіліктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринарлық дәрігерлерге ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарттық негізде ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетін қызметтік үй-жайлар береді.

 13-параграф. Процессингтік орталыққа қойылатын талаптар

  1. Процессингтік орталыққа қойылатын талаптар Заңның 8-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларымен белгіленеді.
  2. Аурулардың профилактикасы және оларды жою жөніндегі
    ветеринариялық іс-шараларды өткізу тәртібі
  3. Ветеринариялық iс-шаралар:

       1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ұстаудың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткiзiлетiн iс-шаралар;

      2) шектеу iс-шараларын немесе карантиндi қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және энзоотиялық ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатында бақылау аймағын, буферлік аймақты қоса алғанда, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте өткiзiлетiн iс-шаралар болып бөлiнедi.

       39 Жануарларың аса қауіпті аурулурының профилактикасы және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу тәртібі, "Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9639 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 1-параграф. Қолайлы пунктте жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі

  1. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта мынадай іс-шаралар өткізіледі:

      1) эпизоотиялық тізбекті үзуге ықпал ететін мал шаруашылығының технологиясы;

       2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жолға қойылуы;

      3) нормаланған азықтандыру және күтіп-бағу;

       4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген) бекітілген жануарларды карантиндеу қағидаларына сәйкес жануарларды карантиндеу жүргізеді;

      5) мал шаруашылығы фермаларының аумағын аймақтарға бөлу, мал шаруашылығына қажетті құрылыстар, ветеринариялық санитариялық объектілерді салу;

      6) шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң әкімшілік-аумақтық шекарасына ветеринарлық құжаттары жоқ жануарлардың келуінен қорғау;

      7) жайылымдық және шабындық алқаптарды эпизоотиялық көзқарас тұрғысынан дұрыс пайдалануды ұйымдастыру;

      8) осы Қағидаларды сақтай отырып және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыра отырып, жануарларды тасымалдаған кезде мал басы жиналатын орындарды (тірі мал сатуды жүзеге асыратын ішкі сауда объектілері, көрмелер, мал соятын және олардан алынатын шикізатты өңдейтін объектілер) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау;

      9) мал шаруашылығындағы шаруашылық жүргiзушi субъектілер жұмыскерлерін қажетті мүкәммалмен және арнайы киіммен қамтамасыз ету;

      10) халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру;

       11) Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген препараттарды қолдана отырып, дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау;

      12) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерде тіркелген ерекше профилактика құралдарын пайдалана отырып, аурулардың диагностикасы, өзіндік профилактикасы.

 2-параграф. Қолайсыз пунктте жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі

  1. Диагноз эпизоотологиялық, клиникалық, аллергиялық, гельминтологиялық және патологиялық-анатомиялық деректерді ескере отырып, зертханалық зерттеулер нәтижелерінің негізінде белгіленеді.
  2. "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 тіркелген) (бұдан әрі – Карантинді белгілеу қағидалары) сәйкес карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу және карантинді немесе шектеу іс-шараларын алып тастау туралы шешім қабылданады.
  3. Ветеринария саласындағы мамандар Қазақстан Республикасында және (немесе) Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген препараттарды қолдана отырып, дезинфекция, дератизация және дезинсекция, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерде тіркелген ерекше профилактика құралдарын пайдалана отырып, аурудың диагностикасын, өзіндік профилактикасын жүргізеді.
  4. Ауески ауруы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар
    тәртібі
    1-параграф. Қолайсыз пунктте жүргізілетін ветеринариялық
    іс-шаралар тәртібі
  5. Ауески ауруының әкелінуінен қорғау мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) табынды жинақтау үшін жануарларды Ауески ауруы бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден сатып алады;

      2) фермалардың, жайылымдардың аумағында, мал шаруашылығы қора-жайларында, мал азығы ас үйлерінде, қоймаларда, диірмендерде, құрама жем зауыттарында үнемі кеміргіштермен күрес жүргізіледі.

  1. Кеміргіштер жаппай қырылған жағдайда өлу себебін анықтау үшін олардың өлекселерін ветеринариялық зертханаға жібереді:

      1) қаңғыбас иттер мен мысықтардың шаруашылық жүргізуші субъектілердің аумағында болуына жол бермейді;

      2) шарасыздан сойылған жануарлардан алынған ет және ішек-қарындарды пісірілмеген күйі, сондай-ақ союдың, асхананың және ас үйдің пісірілмеген қалдықтарымен шошқаларды, терісі бағалы аңдарды, иттерді және мысықтарды азықтандыруға жол бермейді.

  1. Жануарларда Ауески ауруына күдік тудыратын белгілер байқалған жағдайда жануарлардың иелері мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға және мемлекеттік ветеринариялық дәрігерге дереу хабарлайды және ол келгенге дейін мынадай шараларды қабылдайды:

      1) ауырған жануарларды оқшаулау, еметін торайлар ауырғанда қолайсыз ошақтың аналығымен қоса барлық ұяластарды, ал аналықтан бөлінген торайлар ауырғанда барлық топты оқшаулау;

       2) ауру жануарлар немесе олардың өлекселері болған станоктарды, үйшіктерді және тасымалдайтын жәшіктерді механикалық тазарту және дезинфекциялау, сондай-ақ күту заттарын Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат еткен және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерде қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық заттармен дезинфекциялау;

      3) бөгде адамдардың қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілердің аумағына және қора-жайларына кіруіне жол бермеу, осы шаруашылық жүргізуші субъектілер (шошқа қора, мал ауласы, қой қора, тәлімбақ) қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілермен байланысын тоқтату;

      4) жануарлар өлген жағдайда өлекселерді станоктар мен торлардан жару бөлмесіне алып тастау немесе оларды ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор келгенге дейін суық жерде жабық жәшікте сақтау.

  1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор мемлекеттік ветеринариялық дәрігер жануарлардың ауруы туралы хабарды алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүргізеді:

      1) диагнозын анықтау үшін ветеринариялық зертханаға жануардың өлексесін немесе патологиялық материалды жібереді;

      2) аурудың шығу себептерін, көзін және аурудың әкеліну жолдарын анықтайды, шаруашылық жүргізуші субъектінің эпизоотиялық жағдайын нақтылайды және осы қағидалардағы аурудың таралуын болдырмау жөніндегі шаралар жүргізуді ұйымдастырады.

  1. Жануарлардың Ауески ауруымен ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті қолайсыз деп жарияланады және карантин қойылады.

      Карантиннің шарты бойынша мыналарға:

      1) Ауески ауруына сезімтал жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелуге (кіргізуге) және одан әкетуге (шығаруға), сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің ішінде де және қоралардың іштерінде де қайтадан топтастыруға;

      2) шаруашылық жүргізуші субъектіден алдын ала зарарсыздандырмастан, былғарыны, қой терілерін, терілерді, сондай-ақ қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъекті аумағында дайындалған және сақталатын маңыздандырылған, шырынды азықтарды және көлемді жем-шөпті (шөп, сабан) әкетуге. Бұл азықтарды ауырып жазылған және вакцинациядан өткен жануарларды азықтандыру үшін сол жерде пайдаланады;

      3) шаруашылық жүргізуші субъектіде жануарларды шағылыстыруды жүргізуге, асханадан қалған қалдықтарды азықтандыру үшін пайдалануға;

      4) жануарларды өлшеуге және таңба басуға, аңдардың түбіттерін тарауға;

      5) шошқаларды оларды алдын ала қайнатпастан маңыздандырылған және шырынды азықтармен (сүрлемнен басқа) азықтандыруға жол берілмейді.

  1. Ауески ауруы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіде:

      1) жануарлардың барлық мал басын клиникалық тексеруден және оларды іріктеп термометрлеуден өткізеді;

      2) ауру және ауруы күдікті жануарларды оқшауландырады және емдейді;

       3) кейіннен карантинді алып тастау алдында қорытынды дезинфекциялай отырып, қора-жайларды және күту заттарын мұқият тазартады және ауық-ауық дезинфекциялайды;

      4) қолайсыз фермалар мен шаруашылықтардың аумағында мал шаруашылығы және қосалқы қора-жайларда кеміргіштерді жою және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша іс-шаралар жүргізеді;

      5) қора-жайлардан күнделікті қи мен төсенішті биотермиялық зарарсыздандыру үшін көңқоймаға шығарады. Қиды немесе бөкпені алдын ала зарарсыздандырмастан егін алқабына және бақшаға тыңайтқыш үшін шығаруға жол берілмейді;

      6) Ауески ауруынан шарасыз өлтірілген немесе арам өлген жануарлардың терілерін және қойдың терілерін сыпырып алады және жануарлардан алынған шикізаттарды дезинфекциялау жөніндегі нұсқауға сәйкес зарарсыздандырудан өткізеді;

      7) жануарлардың өлекселерін өртейді.

 2-параграф. Шошқа өсіретін шаруашылықтардағы жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

  1. Шошқа өсіретін қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіде қосымша:

      1) барлық жас топтарындағы жануарларды тек станоктарда азықтандыруды ұйымдастырады. Әрбір азықтандырғаннан кейін астауларды мұқият тазартады және кейіннен сумен әбден шая отырып, дезинфекциялайды;

      2) Ауески ауруымен ауырған аналық шошқаларды, қабандарды және төлдерді бордақылауға қояды және союға өткізеді.

  1. Ауески ауруы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин ауру тоқтағаннан және одан аурудан сауыққан жануарларды шығарғаннан, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар өткізгеннен кейін бір айдан кейін алынады.

 3-параграф. Ірі қара және ұсақ малдары бар шаруашылықтардағы
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

  1. Ауески ауруы бойынша қолайсыз пункттерде мынадай қосымша іс-шараларды жүргізеді:

      1) ауру және ауруы күдікті жануарларға Ауески ауруына қарсы емдік дозада глобулин егеді;

      2) ауру жануарлармен жанасуда болған жұқтыруы күдікті жануарларға профилактика дозасында глобулин егеді, ал 2-3 апта өткеннен кейін олар Ауески ауруына қарсы вакцинамен иммундалады;

      3) шошқалар Ауески ауруымен ауырған шошқа қораға тікелей жақын орналасқан ірі қара мал мен ұсақ малдарға да вакцинация жасайды;

      4) Ауески ауруы жұғуы күдікті сиырлардан алынған сүтті адамдарға тағам ретінде тек пастерленген немесе қайнатылғаннан күйінде беруге жол беріледі. Клиникалық ауру және ауруы күдікті сиырлардың сүтін қайнатып зарарсыздандырады және жояды.

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектіден карантинді ауру тоқтағаннан және ветеринариялық-санитариялық шараларды жүргізгеннен кейін бір ай өткеннен соң алады.

 4-параграф. Аң өсіретін шаруашылықтарындағы
(қызмет көрсететін иттердің тәлімбақтарындағы)
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

  1. Аң өсіретін фермаларда (қызметтік ит өсіретін тәлімбақтарда) мынадай қосымша іс-шараларды жүргізеді:

      1) Ауески ауруы вирустарының болуына күдікті ет азықтарын рационнан алып тастайды;

      2) ауру және ауруы күдікті аңдарға (қызметтік иттерге) емдік дозада ерекше глобулин егеді және симптоматикалық емдеу жүргізеді. Шартты түрдегі сау аңдарға, қызметтік иттерге Ауески ауруына қарсы вакцина егеді;

      3) шарасыздан сойылған және қырылған терісі бағалы аңдардың терілерін зарарсыздандырады. Құндылығы жоқ жазғы терілерді өлексемен бірге жояды.

  1. Ауески ауруы бойынша қолайсыз аң өсіретін шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин ауру тоқтағаннан, ауырып жазылған мал шығарылғаннан, қора-жайларды санитарлық жөндеуден өткізгеннен және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейін күнтізбелік 15 күннен кейін алынады.
  2. Везикулярлық стоматит ауруы бойынша жүргізілетін
    ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
    1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
    жүргізілетін профилактикалық ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
  3. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерді везикулярлық стоматит вирусының әкелінуінен қорғау мақсатында:

      1) везикулярлық стоматит бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған малдардан шаруашылық жүргізуші субъектілерді жинақтайды;

      2) шаруашылық жүргізуші субъектілерге жаңадан келген барлық жануарларға толық ветеринариялық тексеру жүргізеді;

      3) везикулярлық стоматитке диагностикалық зерттеулер жүргізеді.

 2-параграф. Везикулярлық стоматит бойынша қолайсыз
пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

  1. Түпкілікті диагноз қойылған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіні сол ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және Карантинді белгілеу қағидаларына сәйкес карантин қояды.

      Карантин шарттары бойынша мыналарға:

      1) қолайсыз пунктке ауруға сезімтал жануарларды әкелуге;

      2) қолайсыз пункттен залалсыздандырмаған мал шаршаулығы өнімдері мен жем-шөптерді шығаруға;

      3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруға жол берілмейді.

  1. Ауру жануарларды оқшаулайды, диеталық жем-шөппен (сүрлем, быламық) қамтамасыз етеді және симптоматикалық емдеу жүргізеді.

       Қора-жайларды, станоктарды, жануарларды күту заттарын, жабдықтарды, көлік құралдарын залалсыздандырады. Қиды биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады.

      Жануарлардың өлекселері биотермиялық шұңқырларда жағып жіберуге жатады.

      Шарасыздан сойылған, ауру және ауру бойынша күдікті жануарлардан алынған ет және ет өнімдері көп қайнатуға жатады, одан кейін шектеусіз қолданылады.

      Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілердің жануарларынан алынған сүт 760С температурада 15-20 секунд пастерленеді. Егер ортадан тепкiш сүт тазалағыш пастерлейтін қондырғылар болмаған жағдайда келіп түскен сүтті міндетті түрде 850С температурада 30 минут пастерлейді немесе 5 минут қайнатады.

  1. Қолайсыз пункттен карантин соңғы ауырған мал жазылғаннан және қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң алынады.
  2. Жануарлар төлдерінің колибактериозы ауруы бойынша
    жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
    1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
    жүзеге асырылатын жануарлар төлдері колибактериозының
    профилактикасы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар
    тәртібі
  3. Төлдердің колибактериозының (бұдан әрі – колибактериоз) профилактикасы аналығы мен төл ағзасының резистенттілігін көтеруге, сондай-ақ сыртқы орта объектілері арқылы жануарларға жұқтыруды болдырмауға бағытталған ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық және эпизоотикалыққа қарсы (жалпы және арнайы) іс-шаралар кешенін жүргізуге негізделген.

 2-параграф. Жануарлар төлдерінің колибактериозы бойынша
қолайсыз пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар
тәртібі

  1. Бұзаулар арасында колибактериоз анықталған жағдайда мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) ауру шыққан профилакторий секциясына бұзауларды қабылдау тоқтатылады. Ауырған жануарларды орнында қалдырады және ауру қоздырғышының профилакторийдің басқа секцияларына таралуының алдын алатын барлық шараларды жүргізеді;

      2) қолайсыз секциядағы бұзаулардың қиы мен төсенішін қора-жайдан шығарады және биотермиялық залалсыздандыру үшін арнайы бөлінген алаңға жинайды;

      3) қиларды жинауға үшін пайдаланылатын арбалар мен басқа мүкәммал күн сайын дезинфекцияланады;

      4) ауру бұзауларды оқшаулайды және емдейді;

       5) профилакторийдің колибактериоз бойынша қолайсыз секциясынан бұзауларды шығарғаннан кейін, механикалық тазарту мен дезинфекциялау жүргізеді.

  1. Торайлар арасында колибактериоз шыққан кезде мынадай іс-шаралар жүргізеді:

      1) барлық ауыратын еметін торайларды енесімен бірге және ауру аналықтан бөлінген торайларды оқшаулайды және емдейді. Терапияның диеталық және симпатикалық құралдарын да қолданады;

      2) ауру малдар тұрған босаған қора-жайларды тазартады және дезинфекциялайды.

  1. Қозылар арасында колибактериоз шыққан жағдайда мынадай іс-шаралар жүргізеді:

      1) ауру қозыларды енесімен бірге оқшаулайды және емдейді;

      2) ауру малдар анықталған қора-жайларды тазартады және дезинфекциялайды;

      3) қоздатуды қораның қолайлы бөлігінде ұйымдастырады.

  1. Пастереллез ауруы бойынша жүргізілетін ветеринариялық
    іс-шаралар тәртібі
    1-параграф. Пастереллездің профилактикасы бойынша
    жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
  2. Жануарлардың пастереллезбен ауыруының алдын алу үшін мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

      1) табынды пастереллез бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердегі жануарлармен толықтыру;

      2) азықтар залалдануының профилактикасы үшін мал шаруашылығы қора-жайларында, айналасындағы аумақта және азық қоймаларында кеміргіштерді жоюды жүргізу;

      3) азықтың, әсіресе сүрлем мен құрама жемнің сапасын тұрақты түрде бақылау, ал көрсеткіштер болған кезде оларды бактериологиялық зерттеу;

      4) мастит кезінде сүтке бактериологиялық зерттеу жүргізу.

 2-параграф. Ауруды жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі

  1. Жануарлардың пастереллезі анықталған шаруашылық жүргізуші субъектіні пастереллез бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды және Карантинді белгілеу қағидаларына сәйкес шектеу енгізеді.
  2. Жануарлардың пастереллезі бойынша қолайсыз пунктте жол берілмейді:

      1) жануарларды сою үшін әкетуді қоспағанда, шаруашылық жүргізуші субъектіден жануарларды шығаруға;

      2) пастереллезге сезімтал жануарларды кіргізуге (әкелуге);

      3) жануарларды қайта топтастыруға, таңбалауға, сондай-ақ хирургиялық операциялар жасауға;

      4) оны ет өңдейтін кәсіпорындарға өңдеуге жіберу үшін шығаруды қоспағанда, пастереллезбен ауырған шарасыз сойылған жануарлардың етін шикі түрде шығаруға;

      5) жануарларды жаюға және оларды ашық суайдындардан суаруға;

      6) ауру жануардан алынған сүтті зарарсыздандырмаған күйінде сатуға;

      7) мүкәммалды, жабдықты және кез келген басқа заттарды, сондай-ақ ірі, шырынды және маңыздандырылған азықтарды шығаруға (әкетуге);

      8) ауру қоздырғышы табылған жануарлардың қиын және қи бөкпесін егістіктерге шығаруға.

  1. Сүтті 900С температурада 5 минут ішінде пастерлейді және жануарларды азықтандыру үшін пайдаланады.

      Қиды бөлек жинайды және биотермиялық зарарсыздандырады.

  1. Эпизоотиялық ошағын бәсеңдету және ауруды жою мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізеді:

      1) қолайсыз топтың барлық жануарларын клиникалық қарап тексереді және термометрлейді. Ауру және ауру бойынша күдікті жануарларды бөлек қора-жайларға оқшаулайды және емдейді, ал қалғанына вакцина егеді;

      2) шаруашылықтың қалған жануарларына олардың тұрған орнына қарамастан вакцина егеді;

      3) ауру жануарлармен жанасқан барлық жастағы жануарларды олар бұрын тұрған қора-жайларда қалдырады және жаз кезінде шектеу алынғанға дейін оларды байлауда күтіп-бағуды ұйымдастырады.

  1. Пастереллез бойынша қолайсыз пункттерде жануарларға вакцина егу жұмыстарымен қатар мүмкін болатын ауру көзі ретінде тышқан тәріздес кеміргіштерді жою мақсатында үнемі дератизациялау шараларын жүргізеді.
  2. Кезекті дезинфекциялауды мынадай тәртіппен жүргізеді:

      1) жануарлардың ауруының бастапқы жағдайлары және қырылуы кезінде дереу жануарлар тұрған қора-жайларда;

      2) ауру және ауру бойынша күдікті жануарлар тұрған қора-жайларда күнделікті таңертең тазарту жүргізген кезде;

      3) ауру жануарлар жанасқан барлық заттар (қораның едендері, қабырғалары, астаулар, қызмет көрсететін персоналдың аяқ киімі мен арнайы киімдері), қора-жайлардың өтетін жолдары дезинфекцияланады. Ауру және ауру бойынша күдікті жануарлар тұрған қора-жайларға кіре беріс аяқ киімдерді өңдеу үшін дезинфекциялық барьермен жабдықтайды;

      4) жұқтыруы күдікті (шартты түрде сау) жануарларды ұстайтын қора-жайлар мен жайылу алаңдарына ауру жануарды әрбір бөліп шығарғаннан кейін және одан кейін шектеу алынғанға дейін әр 10 күнтізбелік күн сайын дезинфекция жүргізеді.

  1. Пастереллезден қырылған жануарлардың өлексесін өртеп жібереді немесе биотермиялық шұңқырларда зарарсыздандырады.
  2. Қолайсыз пункттен шектеулерді алудың алдында мынадай ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізеді:

      1) жайылу алаңдарын, қой қораларды, қоршаулы мал жайлары мен шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағын қидан және қоқыстан тазартады, одан кейін оны дезинфекциялайды және қопсытады;

      2) мал шаруашылығы қора-жайларында дезинсекция, дератизация және қорытынды дезинфекция жүргізеді. Дератизацияны шаруашылық жүргізуші субъекті аумағының барлық қора-жайларында жүргізеді.

  1. Салмонеллез ауруы бойынша жүргізілетін ветеринариялық
    іс-шаралар тәртібі
    1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
    жүзеге асырылатын салмонеллездің профилактикасы бойынша
    жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
  2. Жануарлар мен құстардың арасында салмонеллездiң таралуын болдырмауға бағытталған негізгі іс-шаралар:

      шаруашылық жүргізуші субъектілерде жаңа туған жануарлардың және өсіріліп жатқан төлдердің ағзасының резистенттілігін көтеруге бағытталған санитарлық-ветеринарлық тәртіптің сақталуын қатаң бақылауды жүзеге асыру;

      ауру жануарлар мен инфекция тасымалдағыштарды уақтылы анықтау жөнінде жануарлар мен құстардың ауруына қатаң ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды орнату;

       жануарларға арналған өндірістік қора-жайларды дезинфекциялау мен дератизациялау жүргізу;

      шаруашылық жүргізуші субъектілерді қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден ғана жануарлармен толықтыру;

      ветеринариялық-санитариялық бақылауды және жануарлар тасымалдаудың ветеринариялық-санитариялық (ветеринариялық) қағидаларының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру;

      рационды бірден өзгертуге, бұзылған азық беруге, сапасыз сумен суаруға жол бермеу;

      азық пен азық қоспаларына ұдайы Сальмонеллалармен ластануға бактериологиялық бақылау жүргізу.

  1. Жануарларды сою өнімдерінде көбейетін сальмонеллаларды шығаруды болдырмау мақсатында мыналарды жүргізеді:

      1) мал сою объектілерінде (ет өңдейтін кәсіпорындарда, мал сою пункттері мен алаңдарында) санитарлық мәдениетті арттыруға, сояр алдында ұстау режимін сақтауға және жануардан алынатын шартты түрде жарамды өнімді залалсыздандыруға бағытталған іс-шараларды;

      2) шаруашылық жүргізуші субъектінің салмонеллез бойынша қолайлы екендігі туралы белгісі бар келіп түскен малдардың құжаттамаларды және ұшаны, басты, өкпе-бауырды, теріні бірыңғай нөмірмен таңбалауды;

      3) қалдықтарды дұрыс жинақтауды, зарарсыздандыруды және жоюды жүргізеді.

  1. Сүт шаруашылығын жүргізуші субъектілерде сүттi жинау, сақтау және тасымалдаудың санитарлық шарттарын қатаң түрде орындау, сүт ыдыстарын, мүкәммалын, жабдықтарын сапалы санитарлық өңдеуді қамтамасыз етеді.

 2-параграф. Салмонеллез бойынша қолайсыз пункттерде
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

  1. Салмонеллез анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеулер қойлады. Шектеу шарты бойынша мыналарға жол берілмейді:

      1) жануарларды және құстарды басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелуге және шығаруға;

      2) шаруашылық жүргізуші субъекті iшiнде жануарларды және құстарды қайта топтастыруға;

      3) шарасыздан сойылған жануарлар мен құстардың етiн алдын ала бактериологиялық зерттеуге жүргізбестен, ал егер зерттеу мүмкін болмаған жағдайда - жоғары температурада залалсыздандырмай пайдалануға;

      4) шаруашылық жүргізуші субъектінің басқа секцияларындағы адамдардың, сондай-ақ бөгде адамдардың арнайы киiмсiз және аяқ киімдерін дезинфекцияламай оқшаулағышқа кiруiне;

      5) салмонеллез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектінің жайылымдарына жануарларды жаюға және азық дайындауға;

      6) қолайсыз құс қорасындағы құстарды, құстардың инкубациялық жұмыртқасын шығаруға жол берілмейді.

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектіде салмонеллез өршіген уақытта жануарларды міндетті түрде термометрлей отырып бас басына клиникалық тексереді. Ауру және ауруы күдiктi жануарларды оқшаулайды және емдейді.

       Сальмонеллезбен ауырған жануарлар және құстар табылған қора-жайларда, сондай-ақ торларда, науаларда, өтетін жерлерде, инкубаторларда, қосалқы қора-жайларда және жайылымдарда дезинфекция, дезинвазия, дезинсекция және дератизация бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргiзедi.

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектіні ауруды жойғаннан, қорытынды дезинфекция жасағаннан және аурудан сауыққан жануарларды союға өткізгеннен кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң жануарлардың салмонеллезі бойынша қолайлы деп таниды.
  2. Трихофития (дерматомикоз, бұзау таз) ауруы бойынша
    жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
    1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
    жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар тәртібі
  3. Трихофитияның алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жаз кезеңінде жүргізіледі.

       Қиларды кейіннен мал шаруашылығы қора-жайларын профилактикалық дезинфекциялай отырып, зарарсыздандырады. Жануарларды қамап ұстауға ауыстыру алдында барлық мал басына клиникалық тексеру жүргізеді. Ауруы күдікті немесе ауру жануарлар анықталған жағдайда, диагноз нақтыланады және емдеу жүргізіледі.

      Жануарларды қамап ұстауға ауыстыру кезеңінде қора-жайларға дезинфекция жүргізеді. Жаңа туған төлдерді ұстайтын қора-жайлар таза, құрғақ және онда жеткілікті мөлшерде төсеніш болуы қажет.

  1. Басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерден жаңадан келген жануарларды карантиндеуде ұстайды. Осы кезең ішінде жануарларды тері ауруларының бар-жоқтығына тексереді.
  2. Қызмет көрсететін персонал тері ауруларын анықтау шараларымен және жеке профилактика қағидаларымен таныстырады.

 2-параграф. Қолайсыз пункттерде жүргізілетін іс-шаралар тәртібі

  1. Түпкілікті диагноз қойылған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеу іс-шаралары қойылады.
  2. Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша:

      1) жануарларды етке сою үшін әкетуді қоспағанда, жануарларды әкелуге (кіргізуге) және әкетуге (шығаруға) жол берілмейді;

      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруға жол берілмейді;

       3) тазарту мен дезинфекция жүргізгенге дейін ауру жануарларды ұстаған қора-жайларға сау жануарларды әкелуге (кіргізуге) жол берілмейді;

      4) ауру жануарлар тұрған қора-жайларда мұқият механикалық тазалау және дезинфекция жүргізеді;

      5) жануарлардың жасын және пайдалануды ескере отырып, ұстау, күтіп-бағу және азықтандыру бойынша ветеринариялық-санитариялық қағидаларды қатаң сақтайды;

      6) қысағаға сезімтал барлық жануарлардың тері қабатын күнтізбелік бес күнде бір рет тиянақты тексереді;

      7) ауру және ауруы күдікті жануарларды оңашаланған топтарға бөледі және емдейді (микроспориямен ауратын мысықтар жоюға жатады);

      8) жайылым кезеңінде ауру жануарларды жеке топтармен жаяды;

      9) ауру жануарларды емдеуді арнайы бөлінген орында жүргізеді;

      10) өңделгеннен кейін алынған жүнді, тері қабыршақтары мен мақтаны жағу, құралдарды қайнату, ал жануарларды өңдеген орынды дезинфекциялау қажет;

      11) қиды биотермиялық жолмен өңдейді;

      12) қайта ағымдағы дезинфекцияны күнтізбелік 10 күнде бір рет жүргізеді.

  1. Клиникалық ауру жануарларды бөлген соңғы жағдайдан кейін 2 ай өткен соң қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін шектеу іс-шаралары алынады.
  2. Риккетсиоздар ауруы бойынша жүргізілетін ветеринариялық
    іс-шаралар тәртібі
    1-параграф. Ветерииариялық-санитариялық таза аумақтарда
    жүргізілетін алдын алу шаралары тәртібі
  3. Рикетсиоздар бойынша эпизоотиялық жай-күйді бақылау үшін ветеринария саласындағы мамандар және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар саламатсыз аумақтарда кеміргіштерді аулап, кенелерді жинап, оларды рикетсиоздар қоздырғыштарын тасып жүруіне диагностикалық зерттеу жүргізеді, аурудың табиғи ошақтарын қатаң есепке алады.

      Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мал қораларында, аулаларында, жем-шөп сақталатын қоймаларында кеміргіштерді жою шараларын жүргізеді. Көп мөлшердс кеміргіштср орналасып алған маялардың шөптерімен сабандарын залалсыздандырады.

      Жайылым кезінде ауыл шаруашылық малдарын шағатын кенелерді жоюдың шараларын үнемі ұйымдастырады немесе кенелер жоқ жайылымдарды қолданады. Кенелер жұмыртқа салып кеткен жайылымдардың шөптерін шауып әрі жерін жыртып отырады. Мал жайылымға шығарда тексеру жүргізіп, кенеге қарсы емдік шаралар жүргізеді.

  1. Рикетсиоздан таза емес аймақтарда малдарды ашық суатқа (өзеңге, көлдерге, бұлақтарға) жіберуге жол берілмейді.

 2-параграф. Риккетсиоздан таза емес эпизоотиялық ошақтарда
және қолайсыз пункттерде жүргізілетін шаралар тәртібі

  1. Ақырғы диагноздың қорытындысы бойынша ауру шыққан шаруашылық субъектілерді, елді мекендерді осы аурудан таза емес деп жариялап, шектеу қойылады.
  2. Шектеудің шарты бойынша жол берілмейді:

      1) таза емес шаруашылық субъектілерде малдарды әкелуге, союға жіберілген малдардан басқасын шығаруға жол берілмейді;

      2) ветеринариялық инспекторлардың рұқсатынсыз малдарды араластыруға;

       3) лажсыз рикетсиозбен ауырып сойылған малдардың етін қолдануға. Мұндай малдардың еттерін ветеринариялық - санитариялык тексеру және оларға санитарнялык баға беру Ережесіне сәйкес колданады;

      4) ауру малдармсн бір жерде болган немесс жүгуы мүмкін дсп табылған күдікті жем- шөпгсрді тасымалдауға.

  1. Рикетсиоз ауруына күдікті малдарды төлдету жеке бөлмелердс жүрілуі тиіс, төлдегеннен соң шуларын, өлі туған төлдерді жойып, соңынан тиянақтап бөлмелерді, құралдарды дезинфекциялайды.
  2. Бөлмелерді және құрал-саймандарды дезинфекциялауға Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген препараттар қолданылады. Бөлмелерді дезинфекциялау шектеу алынғанша әр күнтізбелік 5 күн сайын жүргізіліп тұрады.

      92 Бөлмелерде дератизациялык және дезакаризациялық шаралар жүргізіледі.

  1. Рикетсиозбен ауырған малдардың (кой, сиыр, ешкі) сүттерін 3-5 минут кайнатып малдарға азық ретінде береді. Қолайсыз пункттерден алынған клиникалық сау малдардың сүттерін пастеризациядан кейін ғана қолданады.
  2. Рикетсиоздан қолайсыз пункперден жүндерді, ешкі түбіттерін тығыз бұлдармен қаптап тікелей өндейтін өндіріс орындарына (дайындайтын пункттерге жинамай) жіберіледі. Жөнелту құжаттарында шаруашылық субъект риккетсиоздан таза еместігін көрсету керек.

      Риккетсиоздан қолайсыз пункттерде лажсыздан сойылған немесе өлген малдардан алынған жүн және терілер дезинфекцияланады.

      Көң, жем-шөп жене баска қалдыктар биотермиялық әдіспен залалсыздандырылады немесе өртеледі.

  1. Таза емес аймақтан шектеу, ақырғы ауырған малдың патологиялық материалдарынан қоздырғыштар бөлгеннен (диагностика жүргізу үшін сойғаннан соң), комплементерді ұзак уақыт бірлестіру реакциясына оң нәтиже бергеннен соң, қорытынды дезинфекция жүргізілген соң күнтізбелік 30 күннен кейін алынады.
  2. Жануарлар мен құстардың туберкулезі бойынша жүргізілетін
    ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
    1-параграф. Туберкулездің профилактикасы бойынша жүргізілетін
    ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
  3. Жануарлардың туберкулезбен ауыруының алдын алу мақсатында жануарлардың иелері, шаруашылық жүргізуші субъектілер меншік нысанына қарамастан мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) қолында жануарлар бар немесе жаңадан сатып алған кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерін хабардар етеді;

       2) сатуды, союға тапсыруды, өріске шығаруды, жайылымдарға орналастыруды және басқа барлық жануарларды тасымалдау мен қайта топтастыруды, мал шаруашылығы өнімдерін сатуды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері рұқсатымен жүргізеді;

      3) оларға ауру жұқтырмау мақсатында мал азығын дайындау барысында қауіпсіздік шараларын сақтайды;

       4) жаңадан келген жануарларға диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық тазалау жүргізу үшін күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстайды;

      5) туберкулезге күмәнді жануарлар ауруының барлық жағдайлары туралы ветеринариялық қызметке хабарлайды;

      6) ветеринария саласындағы мамандардың талабы бойынша сатып алынған жануарлар туралы барлық қажетті мәліметтерді береді және оларға тексеру, зерттеу мен тазалау жүргізу үшін жағдай жасайды;

      7) жануарларды тасымалдағанда, күтіп бағу және азықтандыру кезінде, мал шаруашылығы нысандарын салу кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтайды;

      8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының нұсқауы бойынша ауру жануарларды уақытында өткізуді немесе қолайсыз барлық мал басын толығымен жоюды жүзеге асырады;

      9) жануарлардың туберкулезбен ауруының алдын алу бойынша, сондай-ақ ауру шыққан жағдайда эпизоотиялық ошағын жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.

  1. Туберкулез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде қызмет көрсететін тұлғалар жеке гигиена қағидаларымен таныс болуға тиіс. Жыл сайын міндетті түрде флюорографиялық зерттеуден өте отырып, медициналық тексеруден өту керек, ал малшылар мен сауыншылар несеп жынысы туберкулезін ерте анықтау мақсатында бактериологиялық зерттеу үшін несеп талдауын (туберкулездің микобактерияларына несеп себіндісі) тапсырады.
  2. Меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары мынаны жүзеге асырады:

      1) мал шаруашылығы қызметкерлерін жұмыс киімімен және аяқ киіммен қамтамасыз етеді, оларды сақтау бөлмелерімен жабдықтайды, сондай-ақ мал шаруашылығы қора-жайларын қол жуғышпен, сабынмен, сүлгімен және алғашқы көмек қобдишасымен жарақтандырады;

      2) мал шаруашылығы және азық дайындау жұмыстарына туберкулезге тексеруден өтпеген, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын және диспансерлік есепте белсенді топта тұратын адамдарды жібермейді;

      3) қызмет көрсететін персоналда туберкулез анықталған жағдайда, ауру адамдарды дереу жануарларды күту жөніндегі жұмыстан босатады;

      4) сүт және сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындарында қолайсыз пункттерден алынған сүтті міндетті түрде пастерлеудің және басқа да шикі сүт өнімдеріне термиялық өңдеудің жүргізілуін қамтамасыз етеді.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар:

      1) жануарларға қызмет көрсететін персоналға тұрақты түрде медициналық қадағалау жүргізеді;

      2) халық пен мал шаруашылығы жұмыскерлері арасында туберкулездің зияны мен зардаптары, жеке профилактика және онымен күресу туралы түсіндірме жұмысын жүргізуді тұрақты негізде ұйымдастырады.

      Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілерде, жануарларды күтіп-бағатын ветеринарлық мамандар жануарлар туберкулезінің профилактикасы және онымен күресу іс-шараларын жүргізеді.
  2. Адамдар туберкулезінің профилактикасы және оларды емдеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық және басқа да арнайы іс-шараларды, сондай-ақ, осы іс-шаралардың орындалуын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар жүзеге асырады.

      Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Ветеринарлық және медициналық ұйымдар жануарлардың және жануарларды күтіп-бағуға байланысты немесе қайта өңдеу кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың туберкулезбен ауыру жағдайлары туралы ақпаратты өзара ұсынады. Елді мекендерде адамдардың туберкулезбен ауыру жағдайлары анықталған кезде адамдардың залалдану көзі мен жұғу жолдарын анықтау мақсатында тез арада эпидемиологиялық-эпизоотологиялық зерттеу жүргізіледі, қажет болған жағдайда малдар туберкулезге зерттеледі және ауру табылған жағдайда эпизоотиялық ошақты жою бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.

 2-параграф. Туберкулез кезіндегі жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі

  1. Туберкулез ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті жеке меншік нысанына қарамастан туберкулез бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды және шектеу енгізіледі.
  2. Туберкулинге реакция берген жануарларды қалған мал басынан оқшаулайды және асыл тұқымдық және өндірістік құндылығына қарамастан күнтізбелік 15 күн ішінде союға өткізеді.
  3. Сау малдар бұрын ауру жануарлар ұсталған қора-жайларға, жайылым алаңдарына және басқа да объектілерге сауықтыру іс-шараларын жүргізгеннен кейін ғана жіберіледі.
  4. Шектеу шарттары бойынша мыналарға:

      1) малдарды союға шығаруды қоспағанда, олардың орнын ауыстыруды (кіргізу және шығару) жүзеге асыруға;

      2) қолайсыз аймақта шөп, сабан және басқа ірі мал азығын дайындауға;

      3) сау жануарлар үшін туберкулез бойынша қолайсыз табындар жайылған жайылым жерлерін пайдалануға және ақпайтын суаттардан суаруға 6 айдан кейін жол беріледі;

      4) туберкулезбен ауырған жануарларды пайдалануға және табынды көбейту үшін олардан алынған төлдерді пайдалануға;

      5) ауру жануарларды және қолайсыз табындардың мал басын сау малдармен қосып ұстауға, бірге жаюға, суаруға немесе өзге де жанасуға, сондай-ақ қолайсыз табындардың жануарларын жайлауға айдауға және тасымалдауға;

      6) туберкулезбен ауырған жануарларды сойған кезде алынған залалсыздандырмаған етті, ет өнімдерін аңдарды азықтандыру үшін пайдалануға жол берілмейді.

  1. Туберкулез бойынша қолайсыз пункттегі сиырлардан алынған шикі сүтті базарларда сату, асханаларға, емдеу-профилактикалық, балалар және мектеп мекемелеріне жеткізу үшін шығаруға жол берілмейді. Зерттеу кезінде туберкулезге реакция берген сиырлардан алынған сүт қайнатуға немесе тоң май жасауға қайта өңдеу жолымен зарарсыздандырылуға жатады. Қолайсыз табындардың (ферманың) реакция бермеген сиырларынан алынған сүт (қаймақ) тікелей шаруашылық жүргізуші субъектіде 900С температурада 5 минут ішінде немесе 850С температурада 30 минут пастерлеу жолымен зарарсыздандыруға, ал пастеризатор болмаған жағдайда қайнатуға жатады. Зарарсыздандырғаннан кейін сүтті сүт зауытына әкетеді немесе шаруашылық ішінде қолданады. Сүт өңдеу кәсіпорындарында сүт құйылғаннан кейін цистерналар немесе бидондар шаюға және дезинфекциялауға жатады.
  2. Туберкулезбен ауырған жануарларды сою объектілерінде (сою пункттері, алаңдар, ет өңдейтін кәсіпорындар) союды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік санитариялық-ветеринариялық инспекторының бақылауымен, жеке профилактика шараларын сақтаумен және инфекция қоздырғышының таралуын болдырмауды қамтамасыз ететін талаптарды орындай отырып жұмысшылар жүргізеді.
  3. Туберкулез бойынша қолайсыз пункттерде қора-жайларды, жайылымдарды, жайылым алаңдарын, жабдықтарды, мүкәммалды және басқа да объектілерді ағымдағы дезинфекциялауды, сондай-ақ дезинсекция мен дератизациялауды жүргізеді. Қиды биологиялық, химиялық және физикалық тәсілдермен зарарсыздандырады.

 3-параграф. Ірі қара мал туберкулезінен қолайсыз пункттерді
сауықтыру бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар
тәртібі

  1. Ірі қара малдың туберкулезінен қолайсыз пункттерді сауықтыруды мынадай жолмен жүргізеді:

      1) қолайсыз табынның мал басын толығымен сау жануарларға ауыстыру жолымен;

      2) ауру малдарды бөліп және кейіннен оларды сою арқылы жүйелі диагностикалық зерттеулер жолымен;

      3) ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралардың кешенін міндетті түрде жүзеге асырумен.

  1. Туберкулез шаруашылық жүргізуші субъектіде алғаш рет анықталғанда және ауру табын арасында кеңінен таралған кезде мал басын толығымен ауыстыруды қолданады. Мұндай жағдайда шектеу қойылғаннан кейін:

      1) малдарды туберкулезге аллергиялық зерттеуді тоқтатады;

      2) сиырларды және қашарларды ұрықтандыруды жүргізбейді;

      3) алынған сүт 850С температурада 30 минут немесе 900С-та 5 минут пастерленеді, содан кейін бұзауларға береді немесе сүт өңдеу кәсіпорындарына жібереді;

      4) қолайсыз табындағы барлық мал басын төлімен бірге үш ай ішінде союға өткізеді;

       5) қора-жайлар малдан босағаннан кейін оларды дезинфекциялауды жүргізеді;

      6) барлық босаған сиыр қораларда, бұзау қораларда, төл қабылдайтын бөлмелерде едендерді, өтетін жерлер мен қабырғаларды қидан, жем-шөп қалдықтарынан тазартады, қиды механикалық жолмен алып тастау үшін тасылмалдаушыларды қайта жөндейді;

      7) ағаш едендерді алады, қайта қолдануға жарамды тақтайларды жақсылап тазалап жуғаннан кейін дезинфекциялайды. Жарамсыз тақтайларды өртейді;

      8) аумақты, жайылым алаңдарын қоқыс пен қидан тазартады;

      9) қиды арнайы арналған жерге шығарады, ені 3 метр және биіктігі 2 метр дөңдерге жинайды, бетін жермен жабады және қоршайды, бұл қи дөңдерге жиналғаннан кейін кемінде 2 жылдан соң пайдаланады;

      10) мал шаруашылығы үй-жайларында едендер төсейді, қи шығаратын транспортерлер жасақталады;

      11) барлық пайдалануға жарамсыз арнайы киімдерді, аяқ киімді, құнысыз мүкәммалды өртейді;

      12) ветеринариялық–санитариялық іс-шаралар аяқталғаннан, шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағындағы барлық қора-жайларда қорытынды дезинфекция жүргізгеннен және дезинфекцияның сапасын зертханалық жолмен тексергеннен кейін қолайсыз пункттен шектеу алынады.

  1. Барлық табын бойынша екі рет қатар зерттеу нәтижесі теріс болған кезде, осы кезеңде 1,5 ай аралығымен тері ішіне туберкулиндік сынамамен зерттеу жүргізілетін жануарларды үш айлық бақылап қадағалауға қояды. Аллергиялық және серологиялық зерттеулерден теріс реакция алынған кезде табынды туберкулез бойынша қолайлы деп жариялайды.
  2. Егер туберкулезге аллергиялық және серологиялық әдістермен соңғы зерттеу кезінде реакция беретін жануарлар шықса, онда оларды диагностикалық союға жібереді.
  3. Қолайсыз пункттерде:

      1) ауру сиырлардан туған бұзауларды сиырлармен бірге союға өткізеді;

      2) сауықтыру жүргізіліп жатқан табында реакция бермеген сиырлардан туған бұзауларды (оны бақылап қадағалауға қойғанға дейін) оқшауландырылған топпен ұстайды, бордақылауға қояды, содан кейін союға өткізеді;

      3) бақылап қадағалау кезеңінде алынған төлдерді оқшаулап ұстау жағдайында өсіреді және шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу алынғаннан кейін қалыпты жағдайда пайдаланады.

  1. Шектеуді алар алдында ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың кешенін жүргізеді.

 4-параграф. Шошқа, қой, ешкі, жылқы, түйе, терісі бағалы аңдар
және құстар туберкулезінен қолайсыз пункттерді сауықтыру
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

  1. Шошқа туберкулезі (бұқа немесе адам қоздырғышының түрі) анықталған жағдайда туберкулинге реакция берген барлық шошқаларды, оның ішінде төлдейтін аналық шошқаларды, қабандарды союға өткізеді. Торайлау және төлдерді бордақылау аяқталғаннан кейін шаруашылық жүргізуші субъектінің барлық жануарларын туберкулезге диагноз қойылған сәттен бастап 3 айдан кешіктірмей союға өткізеді.
  2. Қойда, ешкіде, жылқыда және түйеде туберкулез анықталған жағдайда:

      1) реакция берген барлық жануарларды союға өткізеді;

      2) қалған мал басын зерттейді: жылқыны – туберкулинді көзге тамызу арқылы (офтальмосынама);

      қой, ешкі және түйені – әр күнтізбелік 30-45 күн сайын тері ішіне туберкулиндік сынама арқылы бір рет теріс реакция бергенге дейін тексереді, содан кейін тиісті топтағы жануарларды сау деп таниды.

  1. Терісі бағалы аңдарда туберкулез анықталған жағдайда:

      1) оларды клиникалық тексереді, ауру ұрғашы жануарларды төлімен бірге оқшаулайды. Сойылғаннан кейін терілері шектеусіз қолданылады, ал ұшалары өртеу арқылы жойылады;

      2) күшіктегеннен бастап сойғанға дейінгі кезең ішінде қырылған және өлтірілген аңдарда органдар мен бөлшектерінің туберкулезге тән өзгерістерін таппаса аң өсіретін шаруашылық сауықтырылған болып саналады;

       3) ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейін шектеу алынады.

  1. Маралдарда туберкулез анықталған жағдайда:

      1) реакция берген барлық маралдарды союға өткізеді;

      2) қалған мал басын табын бойынша теріс реакция бергенге дейін туберкулезге зерттейді. Клиникалық ауру жануарларды союға өткізеді.

  1. Құс шаруашылығы шаруашылығын жүргізуші субъектілерінде және жеке аулаларда құстардың туберкулезі анықталған кезде қолайсыз құс қорасындағы (цехтағы) барлық құстар союға өткізіледі, ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізеді және шектеу алынғаннан кейін сау жас құстардан жаңа топ құрады. Қолайсыз құс қораларындағы (цехтағы) құстардан алынған жұмыртқалар өсіруге жіберілмейді, нан өнімдері мен кондитерлік кәсіпорындарында қолданылады.
  2. Кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар өткізгеннен кейін шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу алынады.
  3. Аусыл ауруы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар
    тәртібі
  4. Халықаралық Эпизоотия Бюросының (бұдан әрі - ХЭБ) Жер үсті жануарларының санитариялық кодексінің ұсынымдарына сәйкес, аусыл вирусының эпизоотиялық штаммы табиғи жағдайда жұқтырылған жануарлардан вакцина егілген жануарларды ажырату мақсатында аусыл вирусының құрылымдық емес ақуыздарына қарсы денелерді анықтау бойынша серомониторингтік зерттеулер жүргізіледі.

      Аусыл вирусының эпизоотиялық штаммы жұқтырылған жануарлардан вакцина егілген жануарларды ажырату аусыл диагностикасы бойынша ХЭБ ұсынған әдістермен жүзеге асырылады.

      Аусылға қарсы вакцина егілмеген жануарлардың арасынан аусыл вирусы эпизоотиялық штаммының әр түрлі типті құрылымдық емес ақуыздарына реакция берген жануарлар анықталған жағдайда, ХЭБ ұсынымдарына сәйкес, мұндай жануарлар санитарлық союға жатады.

 1-параграф. Аусыл бойынша қолайсыз пунктте жүргізілетін
іс-шаралар тәртібі

  1. Қолайсыз пунктке карантин қойылады.
  2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы бөлімшелері (бұдан әрі - ЖАО) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық инспекциясымен келісім бойынша буферлік зонада және қолайсыз пунктте жануарлардың аусыл ауруына қарсы күрес жөнінде жоспар жасайды, ол мынаны көздейді:

      1) облыс және аудан орталықтарында ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарын тарта отырып, аусылға қарсы барлық іс-шараларды басқаруға және үйлестіруге жауапты топтарды құруды, сондай-ақ ветеринария саласында уәкілетті орган ведомствосының аусыл бойынша жұмыс тобымен өзара іс-қимылды Заңның 8-бабының 46-23) тармақшасына сәйкес өзара іс-қимыл жасау;

       2) ветеринариялық қызметтің, ішкі істер органдары, кеден және шекара қызметтерінің аумақтық құрылымдарының олардың      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыретін ескере отырып, аусылға қарсы күрес бойынша жедел және келісілген іс-әрекеттерін;

      3) жануарлардың аусыл ауруымен күрес жөніндегі іс-шараларда адами және материалдық ресурстарға, соның ішінде аусылдың таралуын болдырмау үшін басқа облыстардан бар ресурстарды тарту мүмкіндігімен баса назар аударуды;

      4) шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекара арқылы жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен басқа да бақылауға жататын жүктерді заңсыз өткізудің негізі бағыттарын анықтай отырып, аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды жедел бағалауды;

      5) биоматериалдардың сынамасын алуды және одан әрі молекулярлық деңгейде вирустардың сипатын анықтай отырып, зертханалық зерттеулер жүргізуді;

       6) қолайсыз облыстарда және тәуекел дәрежесі жоғары аймақтарда аусылға сезімтал жануарларды тасымалдауды және көршілес мемлекеттермен шекарада орналасқан мал сою пункттері мен мал базарларының жұмысын тоқтатуды;

      7) аусылдың таралуының және аусыл өршуінің мүмкін болатын салдарының әлеуетті ауқымын бағалау үшін ақпарат жинақтау;

      8) жеке аулаларға, шаруашылықтарға, тірі мал сататын базарларға, қайта өңдеу кәсіпорындарына, сою объектілерін инспекциялау жолымен аусыл бойынша тәуекел дәрежесі жоғары аймақтарда белсенді бақылауды жүзеге асыруды;

       9) аусылдың таралуын азайту мақсатында карантин режимін енгізуді және жануарларды тасымалдауды шектеуді;

       10) Республикалық бюджеттен өтемақы төлей отырып, ауру және ауру малдармен жанасқан жануарларды алып қою және жоюды;

      11) аусыл ошағына дезактивация жүргізуді және ауру қоздырғыштарының механикалық жолмен берілу тәуекелін жоюды;

      12) аусылдың қауіптілігі туралы тұрғындардың хабардар болуын арттыру және аусылды тану бойынша ақпараттық материалдарды (буклеттер, плакаттар және кітапшалар) тарату, ауруды тапқан кезде жануарлардың иелерінің әрекеттері және жануарларды қорғау шаралары жөнінде жұмыстар жүргізуді;

      13) ЖАЖ-технологияның бағдарламалық өнімін пайдалана отырып, аурудың шығуын модельдеуді, деректерді картаға түсіруді және аусыл бойынша молекулярлық зерттеулер жүргізуді;

      14) аусылдың шығу себептерін, ауру таралуының болжамды ауқымын және клиникалық белгілерін белсенді түрде іздеу арқылы вирустардың айналымын анықтау мақсатында аумақтарда, шаруашылықтарда, мал базарларында және жеке аулаларда эпизоотологиялық тексеру жүргізуді;

      15) аусыл бойынша қолда бар ақпараттың негізінде шектеу аймағын, бақылау аймағын және қорғау аймағын картаға түсіру және анықтау;

      16) шектеу аймақтарында аусылға сезімтал жануарлардың барлық түріне күнделікті клиникалық тексеру жүргізуді, бақылау мен қорғауды және аурудың кез келген жағдайы және күдігі туралы хабарлауды;

      17) профилактикалық дауалау жүргізу үшін, шектес мемлекеттермен шекаралас жоғары тәуекел дәрежелі аудандарды анықтауды;

      18) Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа биоматериалдардың сынамаларын беру бойынша;

      19) жұқтырылған қора-жайларды, анықтау бойынша, әкімшілік аудандар мен табиғи шекаралар (өзен, көл, тау) шегінде шектеу аймағын, жұқтырылған аумақтың айналасында диаметрі 3 километр бақылау аумағын және диаметрі 10 километр қорғау аймағын анықтау бойынша;

      20) өтемақы төлей отырып, ауру және ауру малдармен жанасқан жануарларды бағалау бойынша;

      21) тәуекелді бағалауға сәйкес, жұқтырылған қора-жайларда ауру жануарларды сою және жою;

       22) мал сойылған қора-жайлар мен аумақтарды тазарту және дезинфекциялау бойынша;

      23) аусылдың клиникалық белгілерін анықтау үшін шаруашылықты инспекциялау бойынша;

      24) қорғау аймағындағы жануарларды вакцинациялау вакцинаны қолдану нұсқауына сәйкес және ауруды түбегейлі жою стратегиясына байланысты жүргізіледі;

       25)кейіннен аусыл кезінде шектеу қоя отырып, карантинді алып тастау бойынша;

      Қазақстан Республикасының шекарасын қорғау шараларында қарастырылған:

      1) басқа облыстардың қолайсыз аймақтарымен ветеринариялық-санитариялық бекеттер ұйымдастыруды;

      2) көршілес облыстарда аусыл бойынша эпизооттиялық жағдай қиын болуына байланысты облыс шекарасы бойына карантиндік аймақ орнату туралы шешім қабылдауды;

      әзірлеп және бекітілген ведмоства аралық бірікен жоспар бойынша бақылауды күшету:

      1) қол жүктерін физикалық бақылауды қоса алғанда, сауда-экономикалық және тұрмыстық байланыс бойынша өткізу пункттері арқылы көршілес облыстардан адамдардың және автокөлік құралдарының өтуіне;

      2) облыстық әкімшілік аумақты қорғау жөніндегі мемлекеттік органдардың құзыретін ескере отырып, облыс аумағына көршілес облыстардан жануарлардың заңсыз тасымалдануына;

      3) облыс ішінде қолайсыз аудандардан қолайлы аудандарға ауру немесе ауырып жазылған жануарларды бақылаусыз өткізуді қадағалауды бақылауды күшейту бойынша бірлескен іс-шаралардың ведомствоаралық жоспарын әзірлеуді және бекітуді көздейтін Қазақстан Республикасының шекарасын қорғау бойынша іс-шараларды.

  1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 "Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2010 жылдың 1-ақпанында № 6027 болып тіркелген) сәйкес аумақтарды аймақтарға бөлуді жүзеге асырады. Қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар мыналарға жол бермеуді көздейді:

      1) аусыл бойынша қолайсыз пункттен жануарлардың барлық түрлерін, оның ішінде құстарды әкелуге (кіргізуге) және әкетуге (шығаруға);

      2) қолайсыз пунктте жануарлардан алынған азық-түліктер мен шикізаттарды, мал азығын, азықтық қоспаларды дайындауға және одан шығаруға, сондай-ақ ауру жұққан мүкәммалды, материалдарды және өзге де материалдық-техникалық құралдарды шығаруға;

      3) ошақтың, қолайсыз пункттің ішінде жануарларды қайта топтастыруға (ауыстыруға);

      4) ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктердің көрмесін, базарларын, жәрмеңкелерін, нарықтарын және саудасын өткізуге, сондай-ақ қолайсыз пункттің аумағында жануарлардың, адамдардың және көліктердің шоғырлануына байланысты басқа іс-шараларды өткізуге;

      5) қолайсыз пункттен сүтті шығаруға және пайдалануға;

      6) жануарларды қолдан ұрықтандыру үшін қолайлы шаруашылықтарға ұрықты шығаруға;

      7) көліктің барлық түрлерінің қолайсыз пункт арқылы өтуіне. Көліктердің межелі жеріне өтуі үшін айналып өтетін жолдары анықталуы және көрсеткіштермен белгіленуі тиіс. Қажет болған жағдайда қолайсыз пунктке арнаулы тағайындалған көліктің кіруіне және шығуына болады. Бұл ретте, қолайсыз пункттен шығарда көлік, шығатын адамдардың сыртқы киімдері және аяқ киімдері міндетті түрде дезинфекциялауға жатады. Осы мақсатта қолайсыз пункттің шекарасындағы бір жолды жеке арнап кіретін адамдардың (немесе шығатын) сыртқы киімін зарарсыздандыру үшін дезинфекциялау камерасын, дезинфекциялау ерітіндісі және аяқ киімді дезинфекциялау үшін щетка бар ыдысты, көлікті дезинфекциялау үшін дезинфекциялық қондырғыны, кезекшілер үшін күзет күркесін және олардың киімдерін санитарлық тазарту кезінде көрсетілген тұлғалардың болуы үшін вагон орнатады.

  1. Аусыл бойынша қолайсыз пункттерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО бөлімшесі мынадай іс-шараларды ұйымдастырады:

      1) пункттен шығатын барлық жолдарды (соқпақтарды) жабады және тәулік бойы кезекшілікте болатын күзет-карантин бекеттерінің қажетті санын қояды, сондай-ақ: "Жүруге тыйым салынады", "Айналып өту", "Міндетті түрде тоқтау", "Тоқтауға тыйым салынады" деген тиісті көрсеткіштерді (жол белгілерін) орнатады;

      2) күзет-карантин бекеттерінде кезекшілікті атқару үшін адамдардың қажетті санын бөледі және олардың міндеттерін анықтайды. Күзет-карантин бекеті бойынша кезекшілерге арнайы куәлік және қолдарына байлайтын таңғышты береді. Бекеттерді шлагбаумдармен, дезинфекция барьерлерімен және кезекшілерге арналған күркелермен жабдықтайды, мүмкіндігінше байланыс орнатады;

      3) барлық жануарларды қамап ұстауға немесе жайылымның арнайы бөлінген оқшауланған учаскесіне ауыстыруды қамтамасыз етеді, қолайсыз пункттегі барлық аусылға сезімтал жануарларды есепке алады;

      4) қолайсыз пункттегі барлық сезімтал жануарларға алдындағы егудің мерзіміне қарамастан міндетті түрде аусылға қарсы вакцинация жүргізеді;

      5) қолайсыз пункттің аумағындағы үй құстарын жабық қора-жайларда, ал иттерді байлауда ұстайды;

      6) ветеринарлық дезинфекция, дезинсекция, дезинвазия және дератизация жүргізу жөніндегі қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес, күнделікті мал шаруашылығы қора-жайларына және өндірістік аумақтарға дезинфекция жүргізуді, арнайы киімдерді, күту заттарын, көлік құралдарын және басқа заттарды тазартуды қамтамасыз етеді;

      7) қора-жайларға немесе малға арналған қораларға, жануарлар иелерінің аулаларына, сондай-ақ жануарларды, жануарлардан алынған өнімді және шикізатты дайындауды (сою), өңдеуді, өндіруді, сақтауды жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде міндетті түрде аяқ киімді және көлікті тазарту үшін, дезинфекция барьерлері орнатылуы тиіс.

  1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы:

      1) аусыл бойынша қолайсыз пунктке шығуға және сол жерде диагноз қоюдың, аусылды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізудің, ауру бойынша қолайсыз пункттің шекарасын, қолайсыз аймақты, қадағалау аймағы мен қолайлы аймақты белгілеудің дұрыстығын нақтылауы;

      2) ауданның жергілікті атқарушы органының басшысына, облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына, көршілес әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларына аусылдың шыққандығы туралы дереу хабарлауы;

      3) қолайсыз пунктте және қолайсыз аймақта карантин талаптарының сақталуы бойынша дереу бақылау орнатуы тиіс.

  1. Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторынан хабар алғаннан кейін Жануарлардың денсаулығын сақтаудың дүниежүзілік ұйымын және шектес мемлекеттердің мемлекеттік ветеринариялық қызметтерінің басшыларына Қазақстан Республикасындағы аусыл бойынша эпизоотиялық жағдай туралы хабарлайды.
  2. Қолайсыз пунктте аусылдың эпизоотиялық ошағын толық оқшаулауды, онда вирусты жоюға бағыталған іс-шараларды үнемі және жоспарлы орындауды, оны тарату жолдарын жабуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатта мынадай іс-шараларды жүргізеді:

      1) өтетін бір жер қалдырып эпизоотиялық ошақтың аумағын қоршайды және онда тәулік бойы күзетшілік бекет қояды;

      2) ошаққа кіре берісті дезинфекция барьері және дезинфекциялайтын қондырғысы бар бақылау-өткізу пунктімен жабдықтайды;

      3) жануарларға қызмет көрсету және ошақтың аумағында басқа шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін тысқары шығу құқығынсыз тұрақты көлікті бекітеді. Мал азығын, азық-түлікті және басқа да қажетті материалдарды тасып жеткізу үшін ошаққа кіре берісте сырттан жүктерді жеке көлікпен жеткізетін қайта тиеу алаңын жабдықтайды;

      4) қолайсыз пунктте бекітілген адамдарды ауыстыратын санитарлық киіммен және аяқ киіммен, орамалмен, сабынмен және қолды тазартуға арналған дезинфекциялайтын ерітіндімен, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек қобдишасымен қамтамасыз етеді. Ошақтан қандай да болмасын заттарды, мүкәммалды, жабдықтарды, азық-түлікті, жем-шөпті және кез-келген заттарды алып шығуға болмайды;

      5) ошақтың шегінде сүтті зарарсыздандыру, сүт өнімдерін өңдеу және сақтау үшін үй-жайларды жабдықтайды. Ошақтағы сиырлардан алынған сүтті қорытқан майға қайта өңдейді. Адамдардың тамағына және жануарларға азыққа 5 минут бойы қайнату немесе 30 минут бойы 850С температурада пастерлеу жолымен зарарсыздандырылған сүтті (сүт өнімдерін) ғана пайдаланады;

       6) ошақтың аумағына және әсіресе, ауру малдар тұрған қора-жайларға, сондай-ақ оларды күтіп-бағу заттарына күнделікті дезинфекциялау жүргізуді ұйымдастырады. Қиларды, мал азығы қалдықтарын және төсенішті биотермиялық жолмен зарарсыздандыру үшін ошақтың аумағында жинайды және үйеді немесе жағып жібереді;

      7) шаруашылық жүргізуші субъектілерде кеміргіштерді жоюды ұйымдастырады, сондай-ақ аусылмен ауыратын жануарларды ұстайтын жерлерге иттердің, мысықтардың, құстардың және басқа жануарлардың кіруіне жол бермеу шараларын қабылдайды;

      8) ошақтағы ауру және қырылған жануарларды өртеу жолымен жояды.

  1. Қолайсыз пунктте ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар:

      1) жануарлардың аусыл ауруы шығуына күдікті жағдайда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы қызметі жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның бөлімшелеріне, мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау органдарына хабардар етуі;

      2) аусыл ауруы бойынша күдікті жануарларды оқшаулауы, оларға қызмет көрсетуге басқа жануарларды күтіп-бағатын адамдармен оның байланысын болдырмай, жеке адам бекітуі. Басқа жануарларды ауру анықталған орнында қалдыру және оларды басқа қора-жайларға ауыстыруды немесе басқа жайылымға айдауға жол бермеуі, жануарларды айдауды, тасуды, жануарларды, жануарлардан алынатын азық-түлік пен шикізаттарды дайындау (сою), өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметін тоқтатуы;

      3) аумақ шекарасына немесе ауру жануарлар орналасқан қора-жайларға кіре берісте "Кіруге тыйым салынады! Аусыл ауруына күдікті!" деген жазуы бар көрсеткіш белгілер қоюы;

      4) аусылдың эпизоотиялық ошағы аумағынан жануарлардан алынатын азық-түлікті және шикізатты, азықты, азықтық қоспаларды қоса алғанда, кез келген заттарды шығаруға (алып шығуға)жол бермеуі;

      5) шаруашылықты қоса алғанда, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа жеке және заңды тұлғалармен, ең алдымен басқа жануар иелерімен байланысқа жол бермеуі;

       6) жануарлардың аусыл ауруымен ауруына күдік туралы хабарламаны алған кезде ветеринариялық-санитариялық қорытындыны ресімдей отырып, аусылға алдын ала диагноз қою үшін орынға (аусылдың эпизоотиялық ошағына) дереу келуі;

      7) ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын жануарлардың аусылмен ауырғанына алдын ала қойылған диагноз туралы хабардар етуі;

      8) эпизоотиялық ошаққа келген сәттен бастап, аусылдың эпизоотиялық ошағының шекарасын және аусыл бойынша қолайсыз пунктті анықтауы;

      9) аусылға диагнозды растау (түпкілікті диагноз қою) және жануарлардың ауруын қоздырған аусыл вирусының типін анықтау үшін, эпизоотиялық ошаққа келген сәттен бастап ауру жануарлардан патологиялық материал алуы;

      10) келген сәттен бастап, аусылдың вирусын әкелу көзін, сондай-ақ оны таратудың мүмкін болатын жолдарын анықтау мақсатында тиісті эпизоотологиялық зерттеу актісін ресімдей отырып, эпизоотологиялық зерттеу жүргізуі;

      11) киімдері мен аяқ киімдерін мұқият санитарлық тазартқаннан және дезинфекциялағаннан кейін адамдардың аусылдың эпизоотиялық ошағынан шығуын ұйымдастыруы қажет.

  1. Қолайсыз пункттен карантин эпизоотиялық ошақта соңғы ауырған жануардың жазылған, сойылған немесе жойылған күнінен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң алынады.
  2. Карантинді алудың алдында:

       1) аусылмен ауырған жануарлар тұрған барлық қора-жайларды, аумақтарды, мүкәммалды және көлікті тазалау және қорытынды дезинфекция жүргізу;

      2) жануарларды ұстау, пайдалану және өсіру жөніндегі өндірістік үй-жайлардың ішінде жаңа сөндірілген әк ерітіндісімен қабырғаларды, бөлінген жерлерді әктейді;

      3) қолайсыз пункттен карантинді алу кезінде қорытынды іс-шараларын жаңбыр, қар жауған және аяз уақытында жүргізген жағдайда, қолайлы ауа-райы болған кезде бұл пунктте қайтадан сыртқы ортадағы аусылдың вирусын толық құртуды қамтамасыз ететін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін (қора-жайларды санитариялық жөндеу, дезинфекция және басқалары) жүргізеді;

      4) қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды орындаудың толықтығын, аусыл бойынша малдың сау екендігін тексереді.

  1. Карантинді алғаннан кейін Карантинді белгілеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген және ХЭБ жер үсті жануарларының саулығы жөніндегі кодекспен ұсынылған мерзімге шектеу іс-шараларын бекітеді.

 2-параграф. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен
шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және
өндіруді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде аусыл
анықталған кезде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

  1. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өндіруді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде (бұдан әрі - Кәсіпорын) аусыл анықталған кезде осы Қағидада белгіленген іс-шараларды жүргізеді.
  2. Кәсіпорындарда аусылдың таралуын болдырмайтын мынадай шараларды қабылдайды:

       1) кәсіпорын аумағындағы барлық жануарларды дереу алады және өртеу жолымен жояды;

       2) жануарлар тасымалданған көлік құралдарын қидан, азық қалдықтарынан және қоқыстардан, жануарларды ұстаған аумақтар мен қора-жайларды, өндірістік үй-жайларды, сондай-ақ мүкәммалды тазартуды ұйымдастырады және оларды мұқият дезинфекциялайды;

      3) қиларды кәсіпорын аумағында жабдықталған көң сақтағыштарда биотермиялық тәсілмен жағып жіберуді немесе зарарсыздандыруды, сондай-ақ ағын суларды зарарсыздандыруды қамтамасыз етеді;

      4) өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің аусыл бойынша қолайсыз партиясын жеткізуге, адамдардың киімдерін және аяқ киімін тазарту, дезинфекциялау, сондай-ақ зарарсыздандыру бойынша жұмыстарды жүргізуге қатысқан адамдарды санитариялық тазартуды ұйымдастырады.

  1. Кәсіпорындарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының нұсқамасы бойынша дереу мыналар көздейтін шектеу іс-шараларын енгізеді:

       1) сою үшін әкелген жануарлардың жаңа партияларын, басқа өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді қабылдау ошақты жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар аяқталғанға және карантин мен шектеулі іс-шаралар алынғанға дейін тоқтату;

      2) кәсіпорынның аумағынан өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді шығаруға, сондай-ақ қалдықтарды және кез келген заттарды зарарсыздандырмаған күйде одан тысқары шығаруға (әкетуге) жол бермеу;

      3) кәсіпорынға тікелей қатысы жоқ бөгде адамдардың кәсіпорынға кіруіне жол бермеу;

      4) кәсіпорынның қызмет көрсететін персоналын санитариялық тазалықтан өткізу режимін күшейту.

 3-параграф. Аусыл бойынша қолайсыз аймақта және
ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

  1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары, мемлекеттік ветеринарлық дәрігерлері жануарлардың аусылмен ауыруының алдын алу бойынша ветеринариялық-санитариялық және профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады.
  2. Қолайсыз аймақта жануарлардың аусыл ауруының туындауына жол бермеуді қамтамасыз ететін мынадай іс-шараларды қабылдайды:

      1) пункттердің аусыл бойынша қолайсыз пунктпен қатер төндіретін шаруашылық байланысты толығымен тоқтатады;

       2) барлық аусылға сезімтал жануарлардың есебін жүргізеді және оларды вирустың тиісті типінің аусылға қарсы вакцинасымен иммундайды. Қатерлі аймаққа жаңадан келген барлық жануарларды да аусылға қарсы егеді, оларды карантиндеуден кейін, бірақ вакцинациядан кейін күнтізбелік 21 күннен бұрын емес жалпы табынға қосады;

      3) жануарлар орналасқан өндірістік аумақтарға және қора-жайларға бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді;

      4) профилактикалық іс-шараларды жүргізу және елді мекендерде оларға аусыл қоздырғыштарын әкелуден қорғауға бағытталған осы Қағидаларды сақтауға бақылауды жүзеге асыру үшін қолайсыз аймақтың әрбір елді мекеніне ветеринарлық мамандарды бекітеді;

      5) отарлы мал шаруашылығы аймақтарында қолайсыз пункт аумағымен шекараның бойымен 10-15 километр ішке қарай жануарлар жайылмайтын аймақты бекітеді, ол жерден карантин кезінде барлық жануарларды шығарады. Басқа жағдайларда жануарларды азық пен суды әкеліп беретін байлап немесе қамап ұстайды;

      6) шөп маяларын және басқа ірі азықтарды үй және жабайы жануарлардың кіруінен қорғауды немесе қоршауды (айналасын қазады) ұйымдастырады;

      7) аусыл вирусының әкеліну қаупі және аурудың туындауының алдын алу шаралары туралы жеке және заңды тұлғаларға, азаматтарға хабарлайды, тұрғындар арасында осы мәселелер бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргізеді;

      8) аусылға қарсы вакцина егілген жануарларды вакцина егілгеннен кейін күнтізбелік 21 күннің ішінде союға жол бермейді.

  1. Жабайы жануарлар (ең алдымен – аша тұяқтылар) ұстайтын жеке және заңды тұлғалар көрсетілген объектілерге кіре берісте (шығатын жерде) дезинфекция кілемшелері және дезинфекция барьер жабдықтарын қоса, инфекция қоздырғыштарының әкелінуіне жол бермеу жөніндегі шаралардың жүйесін жүргізеді, қызмет көрсететін персоналды арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етеді.
  2. Қолайсыз аймақтан жеткізілген сүтті міндетті түрде 850С температурада пастерлейді немесе қайнатады.

 4-параграф. Аусыл бойынша қолайлы аймақта жүргізілетін
іс-шаралар

  1. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ЖАО бөлімшесі аусыл бойынша қолайлы аймақта ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомоствосының аумақтық инспекциясымен келісім бойынша аусыл ауруының профилактикасы және онымен күресудің стратегиялық жоспарын жасайды, онда:

      1) аусыл эпизоотологиясын зерделеу бойынша;

      2) тәуекелдерді анықтау бойынша;

      3) тәуекелдерді азайту (төмендету) бойынша;

      4) аусылдың таралуын қысқарту және жұғу тәуекелін төмендету бойынша іс-шаралар көзделеді.

  1. Аусыл эпизоотологиясын зерделеу жөніндегі іс-шаралар мынаны көздейді:

      1) аусыл бойынша эпизоотология жағдайын анықтау мақсатында тиісті аумақтағы мал шаруашылығын жүргізу жүйесін (жануарларды және мал шаруашылығы өнімдерін ұстау, өсіру) толық зерделеу;

      2) соңғы 12 ай ішіндегі деректерді жинау және талдау арқылы аусыл бойынша эпизоотология жағдайын зерделеу:

      аусылдың үй жануарлары және жабайы фаунаның аша тұяқты жануарларының арасында таралуы;

      аурудың клиникалық белгілерінің көрінуі;

      жануарларды вакциналау және аусыл вирусының құрылымдық емес ақуыздарын анықтау серомониторингі;

      жануарларды және мал шаруашылығы өнімдерін тиісті аумаққа шығару (импорттау);

      көктем-жаз мезгілінде жаңа жайылымдарға жаюды ескере отырып, жануарларды әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағы ішінде орын ауыстыру;

      жеке аулалар, шаруашылықтар, базарлар, қайта өңдеу кәсіпорындарын белсенді бақылау (инспекциялау) деректерінің жиынтығы;

       аусылға қарсы вакцина егілген жануарлар мен аусыл вирусының құрылымдық емес ақуыздарының серомониторингі деректерінің жиынтығы;

      жануарларға вакцина егу және серомониторинг жүргізу бойынша есептілікті зерделеу және талдау жолымен пассивті бақылауды жоспарлау;

      ауру тіркелген жағдайда, республиканың аумағында таралған аусылдың серотиптерін (кіші типтерін) анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларының қан сывороткасының сынамаларын ХЭБ халықаралық анықтамалық зертханасына жіберу;

      деректер базасын пайдалану және аусылдың таралу көрсеткіштерін картаға түсіру жөнінде ауруларды қадағалау жөніндегі электрондық интеграцияланған жүйені және жер ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ЖАЖ) қолдану. Ветеринария саласындағы мамандарды ауру жануарлардан биоматериалдар сынамаларын алуды қоса алғанда, аусылды эпизоотологиялық тексеруге, диагностикасы мен ауру тәуекелдеріне үйрету бойынша семинар-тренингтер өткізу.

  1. Тәуекелді анықтау жөніндегі іс-шаралар мынаны көздейді:

      1) ауру өршіген және (немесе) ауруы күдікті болған кезде ақпаратты жедел жинауды жүзеге асыру;

      2) аусылды жұқтыру мүмкін ошақтарды анықтау үшін оларды егжей-тегжейлі сипаттай отырып, аусылдың пайда болуына, таралуына және әкелінуіне ықпал ететін тәуекелдерді бағалай отырып, эпизоотологиялық тексеру нәтижесінің деректерін талдау;

      3) мынадай факторлар мен оларды бағалау әдістері бойынша аусылдың таралуына ықпал ететін тәуекелдерді бағалау, оның ішінде:

      аусыл бойынша қолайсыз пункттерден ауру немесе ауырып жазылған жануарларды көшіру және орнын ауыстыру;

      қолайлы аймаққа адамдардың, көлік құралдарының қозғалысы, азықты (шөп, жем-шөп және басқалар), қолайсыз аймақта қолданыста болған жабдық пен мүкәммалды тасымалдау;

      сапасыз вакциналарды қолдану;

      аусылды жұқтырған жануарлардың сүйектері бар қалдықтармен шошқаларды азықтандыру;

      аусылдың пайда болуының және таралуының мерзімдік факторлары және басқа да әлеуетті тәуекелдері;

      жабайы фауна;

      ауруды қасақана тарату;

      тәуекелдерді зерделеу және анықтау негізінде Қазақстан Республикасының аумағында (облыстар бөлігінде) аусылдың таралуына және сау түліктерге жұқтыруға ықпал ететін тәуекелдерді бақылау жоспарын жасау және бекіту;

      аусылдың таралуын қысқартуға ықпал ететін тәуекелдерді бақылау шараларын және егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оларды бағалау әдістерін белгілеу;

      анықталған жаңа тәуекелдерді ескере отырып, облыс аумағында аусылдың таралуына және сау түліктерге жұқтыруға ықпал ететін тәуекелдерді бақылау жоспарын іске асыру және оны жаңарту.

  1. Тәуекелдерді азайту (төмендету) жөніндегі іс-шаралар мынаны көздейді:

      1) аусыл эпизоотологиясын зерделеу мен тәуекелдерді бағалау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

      2) тұрғындар арасында аусылға қарсы күрес шаралары бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      3) вакцинация жүргізу стратегиясын әзірлеу және "суық тізбек" принципін қамтамасыз ету;

       4) жануарлардың аусылды жұқтыруын қысқарту үшін тірі мал сататын базарларда ветеринариялық-бақылау шараларын қабылдау және оған қатысушылар арасында аусылдың жұғу жолдары мен профилактика және онымен күрес шаралары туралы ағарту жұмыстарын жүргізу;

      5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жануарлардың орын ауыстыруына бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

       6) жеке аулаларда, мал шаруашылығы объектілерінде және тірі мал сататын базарларда гигиена нормаларының сақталуын қамтамасыз ету (өндірістік-тұрмыстық желілердің аса күдікті жерлерін үнемі жинау, тазарту, дезинфекция, дератизация және дезинсекция т.б.);

      7) жануарларға аусылға қарсы вакцина егуді қамтуды бағалауға бағытталған серомониторинг жүргізу;

      8) қолданылатын вакциналардың қажеттігін және оның тиісті аумақта таралған вирус штаммына сәйкестігін растайтын зертханалық зерттеу жүргізу;

      9) жүргізілген және жүргізілетін аусылдың таралуын және тәуекелдерді қысқартуды бақылау шараларын бағалау;

      10) аусылдың өршуін, оның ішінде қолданылған бақылау шараларына қарамастан орын алған аурудың өршуін эпизоотологиялық тексеру жолымен зерделеу;

      11) бақылаудағы нысандарда биологиялық қауіпсіздік және гигиена талаптарының сақталуын тексеруді және инспекциялауды ұйымдастыру;

      12) жеке аулалар мен шаруашылықтарға бару, жануарларды тексеру, биоматериалдардың сынамаларын алу және жануарлардың иелерінен сұрау алу жөніндегі ветеринариялық инспекцияның жедел әлеуетін арттыруға ықпал ететін құқықтық жағдай жасау;

      13) аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделеу жөніндегі алынған деректерді нақты режимде талдау үшін географиялық байланысы бар деректерді және карта жасауды қамтитын ақпараттық жүйені дамыту;

      14) жануарлардың орын ауысуы мен оларды базарларда сатуға байланысты аурудың таралу тәуекелін қысқарту үшін қажетті құқықтық нормаларды (тірі малды сату жөніндегі нарық жұмысын және оларға қатысушылардың жауапкершілігін реттеу) міндетті түрде қолдану.

  1. Аусылдың таралуын қысқарту және жұқтыру тәуекелін төмендету жөніндегі іс-шаралар мыналарды көздейді:

      1) аусылдың эпизоотологиясын зерделеу, тәуекелін анықтау және бақылау шараларының орындалатындығы мен тиімділігін қамтамасыз ету және тиісті жоспарларға түзету енгізу үшін әрбір шара бойынша алынған деректерді міндетті түрде талдай отырып, тәуекелдерді қысқартуға бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

      2) аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделеу және тәуекелдерді бақылау жоспарын іске асыру негізінде, мынаны:

      аурудың пайда болуына ықпал еткен инфекция көзі мен факторларын көрсете отырып, аусылдың өршуінің әрбір жағдайын эпизоотологиялық тергеуді

      аурудың таралуының мүмкін болатын сценарийлерін болжауды және атқарылған жұмыс туралы есеп жасауды;

      аусылдың одан әрі таралуын шектеу жөніндегі жедел шараларды (карантиндік режим, ауру және олармен жанасқан жануарларды санитариялық сою, олардың қозғалысын шектеу, аумақты зоналау, жедел вакцина егу және басқаларын) қабылдауды;

      белсенді және пассивті бақылау деректерін, оның ішінде өршуді зерттеу, ауру көзін анықтау және аусыл бойынша зертханалық зерттеу туралы деректерді талдауды;

      аусыл ауруының таралуының алдын алу мақсатында жануарлардың қозғалысын шектейтін қолданыстағы құқықтық базаны толықтыруды;

      аусылға күдікті жағдайлар туралы міндетті хабардар етуді;

      ауру жануарларды алуды және жоюды, олардың құнын өтеуді қамтамасыз ететін құқықтық жайлар жасауды;

      жануарларды сәйкестендіру және деректер базасын жүргізу жүйесін бір жолға қоюды;

      аусылды жұқтыруды қысқарту үшін жануарларды өсіру мен күтіп-бағудың және мал базарларында сатудың, қайта өңдейтін кәсіпорындарда өнімдер мен шикізатты өңдеу мен сатудың технологиялық сызбасын қадағалауды;

      импорттық жануарларға карантиндеу жүргізуді және импорттық мал шаруашылығы өнімдерін инспекциялауды;

      оларды мерзімдік жазғы жайылымдарға айдауға байланысты жануарлар қозғалысының бағыттарын анықтауды;

      үй жануарларының жабайы фаунаның аша тұяқты жануарларымен мүмкін болатын байланысын болдырмауды;

      әлеуетті және аусылдың таралу қаупі бар аймақтарды ескере отырып, аумақтарды:

      қазақстандық аумақта кемінде 50 километр ішке қарай Қазақстанның мемлекеттік шекарасының бойымен;

      кемінде 30 километр радиусымен (жолдың екі жағы бойынша) облыс аумағымен өтетін ірі автомагистралдардың бойымен;

      елді мекендердің санын және аусылға сезімтал мал басын ескере отырып, аусылдың бұрын анықталған ошақтарының қолайсыз және буферлік аймақтары бойынша;

      жабайы фаунаның аша тұяқты өкілдері арасында мүмкін инфекция көзі бар аймақтар бойынша буферлік аймақтарға бөлуді;

      мыналарды:

      жеке аулаларды, шаруашылықтарды, базарларды, өңдеу кәсіпорындарын инспекциялауды;

      жануарларды аусылға қарсы вакцинациялау серомониторингін;

      аусыл вирусының құрылымдық емес ақуызының серомониторингін;

      жануарларды клиникалық тексеруді қоса алғанда, ауру өршіген және ауруға күдік болған кезде қолда бар ақпаратты жедел жинау және талдау жүргізу жолымен белсенді бақылауды жүзеге асыруды;

      аусыл бойынша есептілікті зерделеу және талдау жолымен пассивті бақылауды жүзеге асыру;

      облыс аумағында таралған аусыл вирусы штаммының сипаттамасын анықтау үшін ХЭБ халықаралық анықтамалық зертханасында биоматериалдардың сынамаларын алу кезінде репрезентативтілікті қамтамасыз етуді;

      ХЭБ-тың Жер үсті жануарларының денсаулық кодексінің бақылау стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті аумағында аусылдың таралуын бақылауды көздейтін аусылды жою жөніндегі жоспарды әзірлеу және іске асыру.

 12-1-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларының сібір жарасының алдын алу жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

       Ескерту. Қағида 12-1-тараумен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

 1-параграф. Ауыл шаруашылығы жануарларының сібір жарасы ауруының алдын алу жөніндегі эпизоотияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу тәртібі

      145-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО бөлімшелері:

      1) сібір жарасының эпизоотиялық ошақтарын, сібір жарасының топырақты ошақтарының координаттары мен шекараларын белгілей отырып, анықтауға және тіркеуге, эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылауға (қадағалауға);

      2) адамдар мен жануарлардың өтіп кетуіне жол бермейтін топырақтағы ошақтарды бүкіл периметрі бойынша биіктігі кемінде 1,5 метр қоршаулармен (метал немесе бетон) қоршауға. Топырақты ошақта "Сібір жарасы" деген жазуы бар тақтайшалар болуы керек;

      3) ішкі сауда объектілерінде, кәсіпорындарда (импортқа және экспортқа байланыстыларды қоспағанда) өндіріс объектілерінде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;

      4) сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері көмілген мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), мал айдайтын трассалардың, мал шаруашылығы объектілерінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асыруға;

      5) мал шаруашылығы қожалықтарында, мал сою пункттерінде, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындайтын және сақтайтын жерлерде, мал тасумен айналысатын барлық типтегі көлік құралдарында, кәсіпорындардағы өндірістік үй-жайларда профилактикалық дезинфекция жүргізуге бағытталған сібір жарасының алдын алу жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды орындайды.

      145-2. Ет және ет өнімдерін өткізу Заңның 22-бабының 5-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      145-3. Жеке және заңды тұлғалар жануарлар ауруының алдын алу мақсатында:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуі;

      2) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ЖАО бөлімшелерін, ЖАО құрған ветеринариялық мекемелерді, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарын:

      жаңадан сатып алынған жануар (лар), туылған төлдер, олардың (оның) сойылғаны және сатылғаны туралы;

      екі және оданда көп жануарлардың қырылғаны, бiр мезгiлде ауырғаны немесе олардың әдеттен тыс мiнезі туралы хабардар етуі және ветеринария саласындағы мамандар келгенге дейін ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қолдануы тиіс;

      3) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуі қажет.

      145-4. ЖАО құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар қолдану жөніндегі тәлімдемеде (нұсқаулықта) көзделген тәртіппен және мерзімдерде ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық вакциналау жүргізеді.

       145-5. Жануарларды сібір жарасына қарсы жүргізілген вакциналау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9639 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық іс-шаралар туралы акт ресімделеді, бұл актіге ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқор мәліметтеріне сәйкес жеке нөмірлерін көрсетіп вакциналаған жануарлардың тізімдемесі қоса беріледі.

      145-6. Жануарларды вакциналағаннан кейін күнтізбелік 14 күн ішінде бақылайды және сібір жарасына қарсы вакциналанған малды етке союға және вакциналағаннан кейін күнтізбелік 14 күн өткенге дейінгі кезеңде өлген малдың терісін алуға жол берілмейді.

      145-7. Кәсіпорындар меншік нысанына қарамастан, мынадай талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді:

      1) жануарлардың ұшасына және ішкі ағзаларына ветеринариялық қарап-тексеру және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу, зертханалық зерттеулерді жүзеге асыру;

      2) ет және жануардан алынатын басқа да өнімді зарарсыздандыру, пайдалануға жарамсыз болған жағдайда оны кәдеге жарату;

      3) ет және ет өнімін арнайы оқшауланған және сүргі салынған камераларда, тоңазытқыштарда сақтауды және зертханалық зерттеулер жүргізу кезеңінде сібір жарасының қоздырғыштарын жұқтыруға күдікті еттің сақталуын;

      4) ауыл шаруашылығы жануарларының терісін сібір жарасына зерттеу.

      145-8. Өлген жануардың өлексесін ашып қарау барысында сібір жарасына күдіктену туындаған жағдайда жұмыс тоқтатылады.

      145-9. Жануарлардың сібір жарасымен ауырғандығы және/немесе сібір жарасына күдікті жануарлардың өлу жағдайлары тіркелгені туралы ақпаратты алған кезде мемлекеттік ветеринар дәрігер және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы маманы ауырған және өлген жануарларға қарап-тексеру жүргізеді.

      145-10. Сібір жарасына күдік туындаған кезде жануарлардың өлексесінен патологиялық материалдың мынадай үлгілері алынады және ветеринариялық зертханаға жіберіледі:

      1) құлақ тілігінен, перифериялық тамырларынан қан алып немесе құлақ қалқанын кесіп алып жолдайды (алдын ала өлексе жатқан жақтан екі лигатура қоя отырып, тіліктің шеттерін күйдіреді);

      2) қан аралас сұйықтықтар болған жағдайда, ауыз және мұрын қуыстарынан алынған шайындыларды жолдайды.

      145-11. Патологиялық материал биологиялық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, ветеринариялық зертханаға қолма-қол жіберіледі. Ветеринариялық зертханада материал полимеразды-тізбектік реакция (бұдан әрі - ПТР) арқылы микроскопиялық (материал түскен күні), бактериологиялық (үш тәулік ішінде) және биологиялық (10 тәулік ішінде) әдістермен зерттеледі.

      145-12. Микроскопиялық зерттеулердің алдын ала оң қорытындысын алған кезде ветеринариялық зертхана тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринар дәрігерін хабардар етеді.

      145-13. ЖАО бөлімшесі ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және тиісті әкімшілік бірліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік органның бөлімшесімен бірлесіп сібір жарасы инфекциясының болуына күдікті жануардың өлекселеріне сараптама нәтижелерін алғанға дейін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті биологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оларды жою бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.

      145-14. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринар дәрігері ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, тиісті әкімшілік бірліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама жібереді және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор мен тиісті әкімшілік бірліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы өкілімен бірлесіп эпизоотиялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау жүргізеді, сібір жарасы қоздырғышын жұқтыруға күдік тудырған жануардан алынатын өнімдерді және шикізатты өткізуге және шығаруға жол бермейді.

 2-параграф. Қолайсыз пунктте ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

      145-15. Түпкілікті диагнозды қойған кезде шаруашылық жүргізуші субъектiнiң аумағына карантин қойылады, бұл кезде:

      1) жануарлардың барлық түрлерін әкелуге, әкетуге;

      2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауға және әкетуге, шаруашылық ішінде жануарлардың орнын ауыстыруға;

      3) ауру жануарлардың сүтін пайдалануға;

      4) жануарларды етке союға;

      5) өлген жануарлардың өлексесін ашып қарауға және терісін алуға;

      6) ветеринариялық хирургиялық операциялардың кезек күттірмейтінінен басқасын жүргізуге;

      7) эпизоотиялық ошақ аумағына бөгде адамдардың кіруіне, оның аумағына объектіге қызмет көрсетуге байланысы жоқ көліктің кіруіне;

      8) табиғи су қоймаларынан жануарларды суаруға;

      9) жануарларды және жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты саудалауға, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін, көрмелерін (аукциондар) және адамдар мен жануарлар жиналатын басқа да қоғамдық іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.

      145-16. ЖАО бөлімшесі ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және тиісті әкімшілік бірліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік органның бөлімшесімен бірлесіп, эпизоотиялық ошақты жою жөнінде іс-шаралар жоспарын жасайды.

      145-17. Сібір жарасының эпизоотиялық ошағында ветеринария саласындағы мамандар шошқалардан басқа, барлық жануарлар басына міндетті түрде дене қызуын өлшей отырып, ветеринариялық қарап-тексеру жүргізеді.

      145-18. Сібір жарасын жою бойынша ветеринариялық іс-шараларға сібір жарасымен ауырған немесе өлген жануарлар болған аумақты және үй-жайды дезинфекциялаумен қоса, жануарларды Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген инсектицидтермен және дезинфекциялау құралдарымен өңдеу жатады.

      145-19. Сібір жарасымен ауырған немесе өлген жануарлар болған учаскелердегі дақылдар, ірі және шырынды азықтарды шығаруға болмайды, олар сол жерде жойылады немесе сібір жарасына қарсы вакциналанған жануарларды азықтандырады.

      145-20. Сібір жарасы бойынша қолайсыз жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат анықталған кезде кәсіпорындарда Заңның 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес карантин енгізіледі. Жануардан алынатын өнім мен шикізат жойылады.

      145-21. Сібір жарасының қоздырғыштарымен контаминацияланған жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындау, сақтау және өңдеу жүзеге асырылған үй-жайларда Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген құралдармен дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі.

       145-22. Карантин инфекцияны жойғаннан және қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң алынады.

      Карантинді алудың алдында:

      1) ауру жануарлар тұрған барлық қора-жайларды, аумақты, мүкәммалды, көлікті тазалау және қорытынды дезинфекция жүргізіледі;

      2) жануарларды күтіп-бағатын, пайдаланатын және өсіретін өндірістік үй-жайлардың ішіндегі қабырғаларды, бөлінген жерлерді жаңа езілген әк ерітіндісімен әктейді;

      3) қолайсыз пункттен карантинді алу кезіндегі қорытынды іс-шараларды жаңбыр, қар және аяз кезеңдерінде жүргізген жағдайда, қолайлы ауа-райының болуына қарай бұл пунктте қайтадан сыртқы ортадағы ауру қоздырғышын толық құртуды қамтамасыз ететін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешені (қора-жайларды санитариялық жөндеу, дезинфекция және басқалары) жүргізіледі;

      4) қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды орындаудың толықтығын, ауыл шаруашылығы жануарларының сібір жарасы бойынша жануарлардың саулығын тексереді.

 3-параграф. Кәсіпорындарда сібір жарасы анықталған кезде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

      145-23. Кәсіпорындарда сібір жарасының белгілері анықталған кезде осы Қағидалармен белгіленген іс-шаралар жүргізіледі.

       145-24. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша ЖАО шешімімен кәсіпорындарда дереу:

      1) ауру ошағын жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар аяқталғанға және шектеу іс-шараларын алғанға дейін союға әкелген жануарлардың жаңа партияларын, басқа орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді қабылдауды тоқтату;

      2) кәсіпорынның аумағынан орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді шығаруға, сондай-ақ қалдықтарды және кез келген заттарды зарарсыздандырмаған күйде одан тысқары шығаруға (әкетуге) жол бермеу;

      3) аталған кәсіпорынға тікелей қатысы жоқ бөгде адамдардың кәсіпорынға кіруіне жол бермеу;

      4) кәсіпорынның қызмет көрсететін персоналын санитариялық тазалықтан өткізу режимін күшейтуді көздейтін шектеу іс-шаралары енгізіледі.

      145-25. Кәсіпорындарда мынадай шараларды қабылдайды:

      1) жануарлар тасымалданған көлік құралдарын қидан, азық қалдықтарынан және қоқыстардан, жануарларды ұстаған аумақтар мен қора-жайларды, өндірістік үй-жайларды, сондай-ақ мүкәммалды тазартуды ұйымдастырады және оларды мұқият дезинфекциялайды;

      2) кәсіпорын аумағындағы жабдықталған көң сақтағыштарда қиларды биотермиялық тәсілмен жағып жіберуді немесе зарарсыздандыруды қамтамасыз етеді;

      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді жеткізуге, оны өңдеуге санитариялық тазарту, дезинфекциялау бойынша жұмыстарды жүргізуге қатысқан адамдарға санитариялық өңдеу, сондай-ақ адамдардың киімдері мен аяқ киімдерін зарарсыздандыруды, тазартуды ұйымдастырады.

 12-2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларының құтыруы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

       Ескерту. Қағида 12-2-тараумен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

 1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта профилактика бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

      145-26. Жануарлардың құтыру ауыруының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар (жануарлардың иелері) меншік нысанына қарамастан мынадай шараларды жүзеге асырады:

      1) ит, мысық және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау қағидаларын сақтайды;

      2) өздеріне тиесілі ит пен мысықты ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринар дәрігерінің ұйғарымы бойынша клиникалық тексеру және антирабиялық вакцинамен сақтандыру екпелері үшін ветеринариялық емдік-профилактикалық ұйымдарға апарады;

      3) құтыруға қарсы егілмеген иттерді жеке аулаларға, фермаларға, үйірлерге, отарларға және табындарға жіберуді шектейді;

      4) жеке аулаларға, фермаларға, үйірлерге, отарларға және табындарға жабайы жануарлардың енуіне жол бермеу шараларын қабылдайды;

      5) ауыл шаруашылығы және үй жануарларын жабайы жыртқыштар, иттер немесе мысықтар тістеген жағдайда, ауруға күдікті немесе тістелген жануарларды оқшаулауға қажетті шаралар қабылдайды;

      6) өз жануарларының құтыруға қарсы уақтылы вакциналануын және диагностикасын қамтамасыз етеді.

      145-27. Адамдарды немесе жануарларды тістеген иттер, мысықтар және басқа да жануарларды (құтырудың айқын белгілері бар жануарлардан басқа) иелері немесе қараусыз қалған иттер мен мысықтарды ұстайтын арнайы жасақ оларды оқшаулау және күнтізбелік 10 күн бойы ветеринария мамандарының бақылауы үшін тез арада жақын жердегі ветеринариялық емдеу ұйымына жеткізеді.

      145-28. Ветеринариялық емдеу ұйымының рұқсаты бойынша адамдарды немесе жануарларды тістеген жануарды күнтізбелік 10 күн ішінде оқшауланған үй-жайда ұстауға және оны ветеринар дәрігерге тексеруге әкелуге жазбаша міндеттеме берген иесіне қалдырады.

      145-29. Оқшауланған жануарларды бақылау нәтижелерін аталған аумаққа қызмет көрсететін ветеринар дәрігер арнайы журналда тіркейді және бақылау нәтижелері туралы ақпаратты бақылау аяқталғаннан кейін күнтізбелік 2 күннен кешіктірмей жазбаша түрде зардап шеккен адамға егу жүргізетін ұйымға және зардап шегушінің тұрғылықты жері бойынша ЖАО ветеринариялық бөлімшесіне хабарлайды.

       145-30. Оқшаулау мерзімі аяқталғаннан кейін клиникалық сау жануарлар алдын ала вакциналанғаннан кейін оларды күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстау шартымен иелеріне қайтарады. Құтырумен ауырған жануарларды жояды.

      145-31. Құтыру бойынша эпизоотиялық қолайсыз аймақтарда ауыл шаруашылығы жануарларының (ірі қара мал, ұсақ мал, жылқылар, түйелер), иттер мен мысықтардың құтыруына қарсы жоспарлы профилактикалық иммундеу және диагностика жүргізеді.

       Ветеринариялық іс-шаралар жүргізу аяқталғаннан кейін Жоспарлау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар жүргізу туралы акті жасалады, оған Жоспарлау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқордағы мәліметтерге сәйкес келетін жеке нөмірлерін көрсете отырып, вакциналауға, аллергиялық зерттеуге, өңдеуге тартылған жануарлардың тізбесі қоса беріледі.

       145-32. Жануардың паспортына Бірыңғай талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті белгілер қойылады.

      145-33. Жабайы жануарлардың құтыруын уақтылы анықтау және оның таралуының алдын алу мақсатында орман шаруашылығы, табиғатты қорғау, аңшылық шаруашылығы органдарының, қорықтар мен қаумалдардың қызметкерлері:

      1) жабайы жануарлардың құтыру жағдайлары (құтыруға күдіктену) немесе олардың әдеттен тыс әрекеттері (адамнан қорықпау, адамдарға немесе жануарларға арандатылмаған шабуылдау) туралы ветеринариялық маманға тез арада хабарлайды;

      2) аңшылық алқапта, қорықтар, қаумалдар аумақтарында, ірі елді мекендердің жасыл аймақтарында табылған жабайы жыртқыштардың (түлкілер, жанат тәрізді иттер, ақ түлкілер, қасқырлар, қарсақтар, шибөрілердің) өлекселерін құтыруға зерттеу үшін ветеринариялық зертханаға жібереді;

      3) аңшылардың жолдамаларын және аңшылық билеттерін тексеру кезінде табиғатты қорғайтын аңшылық инспекция және қорықшылық қызметі иттердің құтыруға қарсы егілгенін куәландыратын тіркеу куәліктерін тексереді. Вакциналанбаған иттер аңға жіберілмейді.

      145-34. Құтыруға зерттеу жүргізу үшін зертханаға ұсақ малдан - жаңадан өлген өлексені немесе оның басын, ал ірі малдан - жаңа өлген өлексенің басын жібереді.

      145-35. Зерттеу нәтижелері туралы зертханаға патологиялық материалды жіберген ветеринар маманға және бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторға және тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринар дәрігеріне хабарлайды.

 2-параграф. Құтыру бойынша саламатсыз пунктте ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

      145-36. Бас мемлекеттік ветеринар дәрігер жануарларда құтыру жағдайы анықталғаны туралы ақпарат алған кезде:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне дереу хабарлайды;

      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өкілімен бірлесіп, сол жерге барады, эпизоотиялық ошаққа және қолайсыз пунктке эпизоотологиялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау жүргізеді, қауіп төндіретін аймақтың шекарасын айқындайды және эпизоотиялық ошақты оқшаулау және жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді, сондай-ақ адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аурудың жаңа жағдайларын болдырмау бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді;

       3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органында бекіту үшін шектеу іс-шараларын белгілеу бойынша құжаттарды ресімдейді.

      145-37. Құтыру бойынша қолайсыз елді мекендерде иттер мен мысықтардың көрмесін өткізуге, иттерді шығаруға және айтақтауға жол берілмейді. Жануарларды саудаға салу тоқтатылады, иттер мен мысықтарды қолайсыз пункттен тыс шығаруға және шектеу қойылған аумақта және қауіп төндіретін аймақта жабайы жануарларды аулауға (хайуанаттар паркіне апару үшін, басқа аудандарға орналастыру мақсатында) тыйым салынады.

      145-38. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО бөлімшелері ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық инспекциясы мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша қолайсыз пункттерде ауыл шаруашылығы жануарларының құтыруымен күресу жөнінде жоспар жасайды, ол:

      1) халық арасында құтыру ауруының қауіптілігі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

      2) ит, мысық және басқа да жануарларды ұстау жағдайын тексеру, құтырумен ауыратын науқастарды, ауруға күдіктілерді және құтыруды жұқтыруға күдікті жануарларды анықтау үшін қолайсыз пункттің әр ауласын (әр пәтерін) аралауды;

      3) адамдар мен жануарларды тістеген, оқшауланатын және бақылауда ұсталатын жануарлардан басқа құтырумен ауыратыны анықталған иттерді, мысықтарды және басқа жануарларды өлтіріп, кейін өртеуді;

      4) жабайы жануарлардың құтыру жағдайлары анықталған кезде жергілікті атқарушы органдар (ауылдық округтердің, аудандардың, қалалардың, облыстардың әкімдері) жабайы жануарларды, иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша іс-шаралар жүргізуді көздейді.

      145-39. Құтырудың эпизоотиялық ошағында құтырумен ауыратын немесе ауруға күдікті жануарлар бөлініп алынған жануарлардың тобына (ферма, үйір, мал тобы, отар, табын) тұрақты бақылау орнатылады. Бұл жануарларды күніне кемінде үш рет қарайды және антирабиялық вакцинаны қолдану нұсқаулығына сәйкес оған профилактикалық егулер жүргізіледі. Егулерден кейін малдарды күнтізбелік 60 күн бойы оқшаулайды.

      145-40. Жабайы жыртқыш аңдар немесе иттер тістеген клиникалық сау жануарларды құтыруға қарсы егулерге және тұқымдылықтарына қарамастан, өлтіріп, кейін өртейді.

      145-41. Ауыл шаруашылығы жануарларын сою құтырумен ауыру жағдайы тіркелген орында жүргізіледі.

      145-42. Құтыру бойынша қолайсыз ферманың (мал тобы, үйір, отар, табын) клиникалық сау жануарларының сүтін құтыруға қарсы егулер жүргізілгеніне қарамастан, 30 минут бойы 800-850 С пастерленгеннен кейін немесе 5 минут бойы қайнатқан соң ғана адамдарға тамаққа пайдалануға немесе жануарларға азық ретінде беруге рұқсат етіледі.

      145-43. Құтыру бойынша қолайсыз топтың клиникалық сау жануарынан алынған жүнді оның дезинфекциялануға жататынын ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсете отырып, қожалықтан тығыз матадан жасалған ыдыспен арнайы өңдеу кәсіпорындарына апарады.

       145-44. Құтыру ауруымен ауырған және күдікті жануарлардың тұрған орындары, құрал-саймандар, сілекеймен және басқа бөлінділермен ластанған киім және басқа заттар дезинфекциялануы тиіс.

 12-3-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларының листериозы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

       Ескерту. Қағида 12-3-тараумен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

 1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аймақта профилактика бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

      145-45. Жануарлардың басы листериоз бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жануарларынан жинақталады.

      145-46. Жануарларды сатып алу, сату, союға тапсыру, басқа орындарға ауыстыру және жаңадан топтастыру ветеринариялық ілеспе құжаттар (ветеринариялық сертификат немесе ветеринариялық анықтама) болған кезде жүргізіледі, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізу ветеринариялық-санитариялық сараптама өткізгеннен кейін жүргізіледі.

      Листериозды дер кезінде анықтау мақсатында комплементті байланыстыру реакциясында жануарлар қанының сарысуына:

      1) листериозға күдіктенген барлық жағдайларда;

      2) эпизоотиялық жағдайға байланысты асыл тұқымды мал өсіретін орталықтарда, қолдан ұрықтандыру станцияларында (пункттерінде) барлық тұқымдықтарды (бұқалар, қабандар, қошқарлар);

       3) эпизоотиялық жағдайға байланысты асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтағы шошқалардың, ірі қара және ұсақ малдардың барлық мал бастарына зерттеу жүргізіледі

      145-47. Жаңадан келген жануарларды карантиндейді.

      145-48. Мемлекеттік ветеринар дәрігер және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы маманы жануарлардың іш тастау, өлі туу және қырылу жағдайларының барлығын есепке алуды жүргізеді және ветеринариялық зертханаға тексеруге патологиялық материал жібереді.

      145-49. Барлық азықтарды, оның ішінде сүрленген шөп пен құрамажеммен азықтандыру алдында листерияны жұқтыруына зерттеу қажет және бұл азықтарды зерттеу нәтижелері теріс болған кезде ғана жануарлардың рационына қосу қажет.

      145-50. Сүтпен және сүт өнімдерімен (қаймағы айырылған сүт, сүт сарысуы және басқасы) қоректендіру үшін қолданылатын астаулар жуылуы және дезинфекциялануы тиіс.

      145-51. Жануарлардың маститі болған кезде, сүтке бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.

      145-52. Листериозға зерттеу үшін зертханаға:

      1) іш тасталған жатырдан бөлінген жыныс мүшелерінің ағындысын, ауру жануардың және ауруға күдікті жануардың қанын немесе сарысуын, малдың сүтін;

      2) ұсақ жануарлардың тұтас өлексесін немесе басын (бас миын), бауырды, көкбауырды, бүйректі, лимфатүйіндерді, өкпенің зақымданған бөлігін, іш тасталған ұрықты немесе оның қабығын жіберу қажет. Жаз мезгілінде патологиялық материалды глицериннің 40%-дық стерильденген сулы ерітіндісімен консервациялап жіберу қажет.

      145-53. Листериоз диагнозы эпизоотологиялық деректер кешені мен зертханалық зерттеулер нәтижелері негізінде қойылады. Шешуші мән бактериологиялық зерттеу - листерия өсірінділерінің бөлінуіне тиесілі.

 2-параграф. Листериоз бойынша қолайсыз пункте ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

      145-54. Жануарға листериоз диагнозы қойылған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсететін ветеринария саласындағы маман бұл туралы шаруашылық субъектісінің басшысына, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринар дәрігеріне дереу хабарлайды. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринар дәрігері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен бірлесіп, эпизоотиялық ошақта эпизоотологиялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау жүргізеді.

      145-55. Жануарлар аурулары анықталған қолайсыз пунктте шектеу қойылады.

      145-56. Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша:

      1) жануарларды сою үшін әкетуді қоспағанда, оларды әкетуге (шығаруға);

      2) ет өңдейтін кәсіпорындарға өңдеуге жіберу үшін шығаруды қоспағанда, листериозбен ауырған шарасыз сойылған жануарлардың етін шикі түрде шығаруға;

      3) ауру жануарлармен жанасқан және листерияларды жұқтыруға күдік болған кезінде азықты сыртқа шығаруға;

      4) ветеринар дәрігердің рұқсатынсыз шаруашылық субъектісінің ішінде жануарларды топтастыруға (ауыстыруға);

      5) асыл тұқымды және пайдаланылатын жануарлардың қолайсыз пункттерінде шөпті, сабанды және басқа да ірі азықты басқа шаруашылық субъектілеріне және аудандарға шығару үшін оларды дайындауға, сондай-ақ жануарлардың (құстарды қоса алғанда), мамық жүнді аңдардың, иттердің, мысықтардың жәрмеңкелерін, базарларын және көрмелерін өткізуге;

      6) ауру жануарларды өсіру және бордақылау үшін халыққа сатуға;

      7) ауру жануарлар мен қолайсыз табындардың мал басының сау жануарлармен бірге жайылуына, бірге су ішуіне және басқадай жанасуда болуына, сондай-ақ жануарларды алыс жерлердегі жайылымдарға айдауға және тасуға жол берілмейді.

      145-57. Листериоз бойынша қолайсыз пункт деп жарияланған шаруашылық субъектісінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) әр жануар басын клиникалық қарап-тексеруден өткізеді және әр жануардың дене қызуы өлшенеді;

      2) клиникалық белгілері және листерия тасымалдаушылары жоқ ауру жануарларды анықтау үшін серологиялық зерттеу жүргізіледі;

      3) орталық жүйке жүйесінің зақымдалуының клиникалық белгілері бар ауру жануарлар союға жіберіледі;

      4) ауруға күдікті жануарлар және оң серологиялық реакциясы бар жануарлар оқшауланады және антибиотиктермен емдеуге немесе союға жіберіледі. Листериозбен ауырған және оң нәтиже көрсеткен жануарларды қабылдау және сою ет өңдейтін кәсіпорындарда және сою пункттерінде жүзеге асырылады. Объектіге түскен ауру жануарлар сау жануарлардан бөлек арнайы бөлінген қашаларда (оқшаулағыштарда) ұсталынады. Оларды жалпы сою цехында ауысым соңында немесе жеке ауысымда союға рұқсат етіледі. Сою аяқталғаннан кейін санитариялық қасапхана үй-жайын, жануарларды союдың алдында ұстауға арналған орынды, сою өнімдерін қайта өңдеу бойынша өндірістік үй-жай, технологиялық жабдықтар, бұйымдар, санитариялық және арнайы киімдер, аяқ киім, көлік құралдары және өндірістік ағындар механикалық тазалауға және дезинфекциялауға жатады;

      5) клиникалық белгілері жоқ және теріс серологиялық реакциясы бар жануарларға профилактикалық мақсатта антибиотиктер қолданылады;

      6) жануарлардан алынған сүт диагностикалық зерттеуден өтеді және оң нәтиже көрсетілген кезде 15 минут бойы қайнатылады, кейін оны шаруашылық ішінде жануарларға беру үшін қолданады немесе қорытылған май жасауға қайта өңдейді. Сауыққан жануарлардың сүті шаруашылық субъектінде екі ай бойы пастерленеді, одан кейін оны шығаруға жол беріледі;

      7) сау тұқымдық жануарлардың ұрығымен серологиялық зерттеп-қараудан кейін қолдан ұрықтандыру жүргізіледі;

      8) мал шаруашылығы үй-жайларындағы қи күнделікті қи сақтайтын қоймаларға шығарылады немесе жеке учаскелердегі үйінділерге жиналады. Оны 2-3 ай бойы биотермиялық зарарсыздандырудан кейін тыңайтқыш ретінде қолдануға жол беріледі.

      145-58. Дезинфекциялау төменде келтірілген мынадай іс-шараларды қамтиды:

      1) мал шаруашылығы үй-жайларында және оған іргелес аумақтарда ауру жануарлар анықталған әр жағдайдан кейін, содан соң шектеу қойылған барлық кезеңде әрбір күнтізбелік 14 күннен кейін дезинфекциялау жүргізіледі. Ауырған жануарлар, ауруға күдікті жануарлар ұсталатын орын-жайлардың кіреберісі аяқ киімді өңдеуге арналған дезинфекциялық кедергілермен (кілемшелермен) жабдықталады;

      2) листериоз қоздырғышы бар жайылу алаңдары, аулалар, базалар, жануарларға арналған орын-жайлар, су айдындарына жақын жерлер және басқа да учаскелер немесе аумақтар ауру тоқтағаннан кейін қоқыстан, қидан тазартылады. Қи мен қатты қалдықтар (шөп қалдықтары және басқалар) шығарылады және зарарсыздандырылады (биотермиялық әдіспен, химиялық құралдармен және басқалармен). Үй-жайларда және оларға іргелес аумақтарда дератизация жүргізіледі, кеміргіштердің өлекселері жиналады және өртеледі;

      3) пішен маялары, шөмелелер, сабандар, сүрлем, құрамажем кеміргіштердің мекендеуіне тексеріледі. Кеміргіштер анықталған жағдайда дереу дератизация жүргізіледі;

      4) траншеяларда немесе үйінділерде сақталатын сүрлемдік масса листериоз қоздырғышымен контаминацияланған жағдайда, барлық листериоз қоздырғышымен зақымдалған сүрлемдік масса биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылуға жатады;

      5) листериозбен ауыратын ауру жануарлардан алынған былғары-тері шикізаты зарарсыздандырылады.

      145-59. Мал тұратын орын-жайлар мен мал күтуге қолданылатын заттарды дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары пайдаланылады.

      145-60. Малдың іш тастаған ұрығы, өлекселері тез арада кәдеге жаратылуы тиіс.

      145-61. Шаруашылық субъектісіне қойылған шектеу іс-шаралары клиникалық ауру жануарлар анықталған соңғы жағдайдан кейін, серологиялық тексерудің теріс нәтижесін алғаннан кейін, шаруашылық субъектісінің ғимараттары мен аумағына қорытынды механикалық тазалау және дезинфекциялау жүргізгеннен кейін екі айдан соң тоқтатылады.

      145-62. Шаруашылық субъектісі листериоздан сауыққаннан кейін екі жыл ішінде қойларды асыл тұқымды және пайдалануға өсіруге жануар қанының сарысуына серологиялық зерттеудің теріс нәтижелері алынғаннан кейін жол беріледі. Бір жыл ішінде жануардың басқа түрлерін өсіру де осындай шарттармен жүзеге асырылады.

      145-63. Бұрын листериоз бойынша қолайсыз болған шаруашылық субъектілерінде оң реакциялары жойылғанға дейін жануарларды қораға қоюдың алдында жылына 1 рет серологиялық тексеру жүргізіледі. Оң реакция берген жануарлар оқшауланады, емделуге немесе союға жіберіледі. Жануарларды әкету кезінде ветеринариялық ілеспе құжаттарда листериозға жүргізілген зертханалық зерттеулердің нәтижелері көрсетіледі.

 12-4-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларының лептоспирозы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

       Ескерту. Қағида 12-4-тараумен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

 1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлылық аумағында профилактикалық ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

      145-64. Лептоспироз бойынша қолайлы аумақтарда лептоспироздың алдын алу жөніндегі эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар:

      1) жануарлардың клиникалық жағдайларын бақылау, іш тастаулар санын есепке алу;

      2) лептоспироз бойынша қолайлы қолдан ұрықтандыратын асыл тұқымды мал шаруашылықтарын, кәсіпорындарды, қолдан ұрықтандыру станцияларын топтастыру;

      3) жаңадан келіп түсетін жануарларды карантиндеу;

      4) бордақылау шаруашылықтарын клиникалық сау жануарлармен толықтыру;

      5) жануарлардың лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтардың (фермалардың), елді мекендердің жануарларымен жайылымда, суаттарда жанасуларына жол бермеу, вакциналанбаған малдарды лептоспироздың табиғи ошақтарының аумағында жаймау;

      6) ашық су айдындары жағасына жануарларға арналған жазғы лагерьлер орнатуға жол бермеу;

      7) мал шаруашылығы үй-жайларында, фермалар аумағында, азық сақтау орындарында кеміргіштерді жүйелі түрде жоюды бақылау шараларын сақтау болып табылады.

      145-65. Лептоспирозға күдіктенудің барлық жағдайларында зертханалық зерттеуге жануарлардан қанның сарысуы және басқа да патологиялық материал (тіндер, органдардағы сұйықтықтар, ұрық айналасының суы, ұрық қанының сарысуы, іш тастау материалы) алынады.

      145-66. Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша шаруашылық (ферма, табын): лептоспироз бойынша:

      1) патологиялық материалды микроскопиялық зерттеу кезінде лептоспирлер анықталғанда;

      2) 20%-дан астам тексерілген жануарлар қанының сарысуында (зәрінде) антидене анықталғанда;

      3) патологиялық материалдан лептоспир өсіндісі бөлінгенде қолайсыз деп саналады.

      145-67. Жануарлар қанының сарысуында спецификалық антидене немесе зәрімен бөлінетін лептоспир анықталған кезде лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтар үшін көзделген іс-шаралар жүргізіледі.

      145-68. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринар дәрігері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, эпизоотиялық ошаққа эпидемиялық-эпизоотологиялық зерттеп-қарау жүргізеді.

 2-параграф. Лептоспироз бойынша қолайсыз пункте ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

      145-69. Жануарлардың лептоспироз диагнозы расталған кезде шаруашылық субъектісінің аумағына шектеу қойылады.

      145-70. Шектеу шарттары бойынша:

      1) өсімін молайту мақсатында жануарларды әкетуге (әкелуге), сатуға;

      2) тиісті аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринар дәрігерінің рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруды жүзеге асыруға;

      3) жануарларды ашық су айдындарына жіберуге және оны жануарларға ішкізу және шомылдыру үшін пайдалануға;

      4) вакцина егілмеген жануарларды лептоспирозбен ауырған жануарлар жайылған жайылымға немесе лептоспироздың табиғи ошағы аумағына жаюға;

      5) вакцина егілмеген жануарларды лептоспирозды жұқтырған кеміргіштер анықталған азықпен қоректендіруге жол берілмейді.

      145-71. Лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықта (фермада, отарда, шошқа қорада) клиникалық тексеру және ауруға күдікті жануарлардың дене қызуын өлшеу жүргізіледі.

      145-72. Ауру және күдікті жануарларды оқшаулайды, гипериммундық сарысумен және қолдану жөніндегі тәлімдемелерде (нұсқауларда) көрсетілген дозаларда антибиотиктерді қолдана отырып, емдейді. Мұндай жануарларды сою санитариялық қасапханада, ал ол болмаған жағдайда, жеке профилактика шаралары сақтала отырып, сойылған сау жануарлардың өнімдері шығарылғаннан кейін, ауысымның соңында ет өңдеу кәсіпорынының мал сою цехында жүргізіледі. Мұндай жануарларды сойғаннан кейін үй-жайды және жабдықтарды Қазақстан Республикасында және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде рұқсат етілген құралдармен дезинфекциялайды.

      145-73. Асыл тұқымды және өндірістік құндылығына қарамастан барлық жануарларды бордақылайды және союға тапсырады.

      145-74. Лептоспирозбен ауыратын жануарлардан алынған сүтті қайнағанға дейін қыздырады және жануарларды азықтандыру үшін пайдаланады.

      145-75. Мал басының өсімін молайту үшін сақталуы қажет аналық бастарды, тұқымдықтарды және жас төлдерді вакциналағаннан кейін лептоспироцидтік препараттармен өңдейді және дезинфекцияланған үй-жайларға ауыстырады.

      145-76. Өңдеудің тиімділігін күнтізбелік 10-15 күннен кейін зәрдің микроскопиясы арқылы тексереді.

      145-77. Іс-шаралар жүргізгеннен кейін алынған жас төлді бөлек күтіп-бағады, лептоспирозға қарсы вакцинаны қолдану жөніндегі тәлімдемеде (нұсқаулықта) көзделген мерзімде вакциналайды және шектеу алынғаннан кейін жалпы негізде өткізеді.

      145-78. Лептоспироз бойынша бұрын қолайсыз кәсіпорында (станцияда) барлық тұқымдықтардың қанының сарысуын реакцияда және зәрінің микроскопиясын 3 айдан кейін қайта зерттейді және теріс нәтижелер алған кезде, одан әрі әрбір 6 айда жүргізеді.

      145-79. Лептоспирозға сезімтал клиникалық сау жануарлардың барлық түрлерін және жастық топтарын вакциналайды. Емдеудегі жануарларды сауыққаннан кейін күнтізбелік 5-7 күн өткен соң вакциналайды.

      145-80. Жекелеген жануарлардың қанында антиденелер немесе зәрінде лептоспир анықталған жағдайда, барлық топты шаруашылықта қалдырады және оның лептоспироз бойынша қолайлылығы туралы мәселені шешу үшін қосымша зерттеулер жүргізеді.

      145-81. Соңғы ауырған жануар сауыққаннан кейін және қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін бір айдан соң жануарларды бордақылауға облыс аумағында шығаруға (әкетуге) рұқсат етіледі.

      145-82. Барлық тексерілген жануарларда зерттеулердің теріс нәтижелері алынған кезде шаруашылық сауыққан болып саналады.

      145-83. Лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтардағы шектеу:

      1) бордақылау шаруашылықтарында - мал басын союға тапсырғаннан кейін және қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін;

      2) асыл тұқымды және пайдаланылатын шаруашылықтарда - олардың лептоспироз бойынша қолайлылығын зертханалық зерттеу әдістерімен анықтағаннан кейін алып тасталады. Шектеу алынғаннан кейін лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтарды қайта зерттеу 6 айдан соң жүргізіледі.

      145-84. Сатуға арналған жануарлар карантинденеді және лептоспирозға қанның сарысуы тексеріледі, шошқалар бұнымен қоса, зәрде лептоспиріннің болуына тексеріледі.

      145-85. Шаруашылықтардан әкетілетін асыл тұқымды және пайдаланылатын жануарларды ветеринариялық өңдеу тәртібі: лептоспироз бойынша қолайлы шаруашылық субъектілерінен ғана асыл тұқымды немесе пайдаланылатын жануарларды әкетуге (шығаруға) рұқсат етіледі.

      145-86. Барлық сезімтал жануарларды лептоспирозға қарсы:

      1) лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтарда;

      2) мал басын лептоспирозға зерттеп-қарамай жинақтайтын бордақылау шаруашылықтарында;

      3) лептоспироздың табиғи ошағы аймағында жануарларды жайғанда;

      4) шаруашылықта қан сарысуы оң реакция беретін жануарлар анықталғанда;

      5) шаруашылық субъектілерінің отарлы мал шаруашылығы бар аудандарда вакциналайды.

      145-87. Қызметтік ит өсіру питомниктерінде клиникалық ауру иттерді және ауруға күдікті иттерді оқшаулайды, оларды гипериммундық сарысумен және антибиотиктермен емдейді. Клиникалық сау иттердің барлық жастық топтарын лептоспирозға қарсы вакциналайды.

      145-88. Лептоспироз бойынша қолайсыз питомниктердегі иттерді сатуға жол берілмейді.

      145-89. Жануарларды әкетуге (шығаруға) барлық топтар бойынша зерттеулердің теріс нәтижелері болғанда шектеусіз рұқсат етіледі.

  1. Iрi қара малдың вирустық диареясы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

 1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүргізілетін
профилактика бойынша ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

  1. Вирустық диареяны болдырмау жөнінде жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар:

      iрi қара малды орналастырған, азықтандырған және пайдаланған кезде осы Қағиданың орындалуын қамтамасыз етуді;

      жайылымдардың және суару орындарының ветеринариялық-санитариялық жағдайын тиісті түрде ұстауды;

      өлген жануарлардың қиын және өлекселерін уақтылы зарарсыздандыруды қамтамасыз етуді;

       профилактикалық дезинфекцияны, дератизацияны, дезинсекцияны ұдайы жүргізуді;

       барлық жануарларды сәйкестендіруді қамтамасыз етуді;

      қолайлы және қолайсыз аймақтардың жануарларының арасында байланысқа жол бермеуді қамтиды.

 2-параграф. Вирусты диареяның эпизоотиялық ошағында және ол бойынша қолайсыз
пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

  1. Диагноз анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіні осы ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды
  2. Ауру жануарларды оқшаулайды және аурудың таралу деңгейіне қарай жояды немесе емдейді. Таралу және сау жануарларға жұқтыру деңгейі экзотикалық, жануарлардың алғашқы анықталған ауруларын қоса алғанда, қосымша инфекция жұқтырудың жоғары тәуекелінің болуына қарай анықталады.
  3. Емдеу кезінде негізінен, асқыну профилактикасына және ағзаның қорғаныс күштерін қолдауға бағытталған симптоматикалық терапияға жол беріледі.

      Антибиотиктерді іріктеу кезінде микрофлораның оған деген сезімталдығы ескеріледі.

      Жануарларды қайта топтастыруға шектеу қойылады.

       Егжей-тегжейлі дезинфекция жүргiзедi.

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу ақырғы ауру жануар жазылған соңғы жағдайдан және қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады.
  2. Iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы бойынша
    жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
  3. Ірi қара малдың азығы үшін күйіс қайыратын жануарлардың ет-сүйек ұны мен қайта өңдеу қалдықтарын пайдалануға жол бермеу профилактиканың негізгі әдісі болып табылады.
  4. Кемiктәрiздес энцефалопатиясына күдiктi ірi қара мал союға, жатады, өлексесін өртеп жібереді.
  5. Ауру жұққан жануар анықталған жағдайда, оны жояды, ал шаруашылықта карантин енгізіледі. Шаруашылықтағы қалған жануарларды кейін ұшаларын және iшек-қарынын өртей отырып, қасапханада сояды.
  6. Бас миын диагнозды түпкілікті растау үшін гистопатологиялық, иммунохимиялық, электронды микроскопиялық әдіспен және иммуно-блотингті түрлі әдістерді пайдалана отырып, түпкілікті растау үшін алады.
  7. Ауру жануарларды анықтау үшiн етке сояр алдында жасы 6 айдан асқан iрi қара малдың, барлық жас тобындағы қойлар мен ешкiнiң барлық басын жүйелi түрде тексеруден өткiзедi.
  8. Аурудың инкубациялық кезеңi ұзақ және серологиялық немесе ауырған, әсіресе аурудың инкубациялық кезеңiдегі жануарларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін басқа да тесттердің болмауына байланысты аурудың таралу қаупі ұлғаяды. Осыған байланысты:

      1) iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясына кез келген күдіктену туралы ауданның (қаланың) бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлау;

      2) ветеринария саласындағы мамандар iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясының клиникалық белгiлерiн таниды;

      3) диагностикалық қызметтерде Еуропалық комиссиясының ғылыми ветеринариялық комитетi әзірлеген стандартталған тесттерді қолдана отырып, ауруды растауға және iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясын iрi қара малдың клиникалық белгiлерi ұқсас басқа да жақын ауруларынан ажыратуға мүмкіндік беретін білімі, тәжірибесі және әдістері болады;

      4) инфекцияның азық арқылы берiлуi мүмкіндігін болдырмау. Ол үшін күйіс қайыратын жануарларды күйіс қайыратын жануарлардан алынған ақуыздармен азықтандыруға жол бермеу қажет. Мұндай шара жануарларды, соның ішінде зоопарктегі және табиғи қорықтардағы жануарларды қоздырғыштың ағзаға мал азығымен түсуінен қорғауы тиіс.

  1. Ет-сүйек ұнын өндiру кезiнде ірi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы жұқпаған күйіс қайыратын жануарлардың субөнімдерiн өңдеу технологиясы iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясының қоздырғышымен өндіру, тасымалдау және сақтау барысында бірігу мүмкіндігін жоққа шығаратын шараларды көздейді.
  2. Аурудың инкубациялық кезеңі ұзақ болуына байланысты қоздырғыш iрi қара мал арасында клиникалық белгiлерi байқалмай таралады. Осыған байланысты мынадай шарттарды сақтау қажет:

      1) беру факторларын ескеру, рационға күйіс қайыратын жануарлардың субөнімдерін, күйіс қайыратын жануарлардың ақуыздарын қосуды болдырмау;

      2) ет-сүйек ұнын өндiру кезінде қолданылатын күйіс қайыратын жануарлардың субөнiмдерiн өңдеу технологиясын қатаң сақтау;

      3) шекарадағы және көлiктегi ветеринариялық қызмет ет импортына ерекше бақылауды жүзеге асырады. Күйіс қайыратын жануарлардың ұшаларын бас миымен, жұлынымен, көк бауырымен, айырбезімен бiрге әкелуге жол бермеу қажет.

  1. Адамға және күйіс қайыратын жануарларға iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясының жұғу қаупін азайту мақсатында: бас миы мен жұлынды, көзді, көмекей бездерiн, айырбезін, көк бауырын және 6 айдан асқан жануарлардың ішек-қарнын, сондай-ақ осы ағзалардан алынған ақуыз өнiмдерді пайдалануға, сондай-ақ еттi бөлшектеген кезде көрініп тұратын жүйке және сөл бездерi ұлпаларының алып тастауға және жоюға жол бермеу қажет.
  2. 1996 жылы сәуiрде Женевада Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның және Азық-түлiк және ауыл шаруашылық ұйымының, Біріккен ұлттар ұйымының қатысуымен ұйымдастырған конференцияда халықаралық сарапшылар тобы Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғалар орындауы үшін міндетті мынадай ұсынымдарды әзірледі:

       1) барлық елдер олардың тағамға түсуіне, азық-түлік өнiмдерiн өңдеу барысында оның қоздырғышы активтілігінің жойылуына жол бермеу үшін iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы жұққан жануарларды союды және қауiпсiз жоюды қамтамасыз етеді;

      2) Халықаралық Эпизоотиялық Бюро қабылдаған ұсынымдарға сәйкес iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы жағдайларын ұзақ мерзiмдi бақылауды және тіркеуді белгілеу;

      3) iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясының бiрдi-екiлi жағдайы байқалған елдер де аурудың қоздырғыш ластаған жануарлар ұлпаларының адам және жануарлардың азық-түлік өнімдерін шығару үшін түсуіне жол бермейді;

      4) ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың ұлпаларын олардан азық дайындау үшін пайдалануға жол бермеу.

  1. Iрi қара малдың инфекциялық ринотрахеиті бойынша
    жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
    1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
    жүргiзiлетiн профилактика бойынша ветеринариялық іс-шаралар
    тәртібі
  2. Iрi қара малдың инфекциялық ринотрахеитінің профилактикасы мынадай іс-шараларды қамтиды:

      шаруашылық жүргізуші субъектiлердi инфекция қоздырғыштарының әкелінуінен қорғау;

      ағзаның резистенттiлiгiн күшейтуге бағытталған шаралар кешенін жүргізу;

      уақтылы диагноз қою, ауру жануарларды бөлу және оқшаулау;

      сыртқы ортадағы вирустарды залалсыздандыру;

      табынды жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайлы аймақтардан сау жануарлармен топтастыру;

       жаңадан келген жануарларды карантиндеуде ұстау;

      қора-жайларда қалыпты микроклиматты сақтау, үнемі жүргізілетін ауаны аэрозольдық профилактикалық дезинфекциялау, кейіннен дезинфекциялай отырып, қабырғаларды, аралықтарды, еденді және науаларды механикалық тазалау.

 2-параграф. Iрi қара малдың инфекциялық ринотрахеиті бойынша
эпизоотиялық ошақта және қолайсыз пунктте жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

  1. Диагноз қойылған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағын қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды.
  2. Шектеу қойған кезде мыналарға:

      1) шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағына жануарларды кіргізуге және одан шығаруға;

      2) оларды шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағында қайта топтастыруға;

      3) жем-шөптердi және күтіп-бағу заттарын әкетуге жол берілмейді.

  1. Жаңа эпизоотиялық ошақтағы ауру жануарларды қоспағанда, барлық жануарларды дереу ірi қара малдың инфекциялық ринотрахеитіне қарсы вакцинамен иммундайды.
  2. Буферлі аймақтағы жануарларды вакцинамен иммундайды.
  3. Ауру және ауруы бойынша күдiктi жануарлар тұрған қора-жайларды, сондай-ақ күтіп-бағу құралдарын, арнайы киiмдi, мал төсенiшi мен қиды зарарсыздандырады.
  4. Өлген және шарасыздан сойылған жануарлардың терiлерін дезинфекциялық ерітіндіге салу арқылы зарарсыздандырады.

      Шарасыздан сойылған жануарлардың ұшалары ет жетілгеннен кейін және дегенеративтi өзгерiстер болмаған жағдайда кедергiсiз сатады. Танаудың, өңештiң, жұтқыншақтың, өкпенiң, асқазан-iшек органдарының кiлегей қабығында талаурау және некроздық процестер анықталған жағдайда бұл органдарды техникалық жолмен жағып жібереді.

      Ауру және ауру бойынша күдiктi жануарлардан алынған сүтті 700С температурада 30 минут пастерлеуден кейiн адамдарға тамаққа және малдарға азық ретiнде қолдануға болады.

  1. Ауру жануарлар тұрған қора-жайларға кіретін жерде дезинфекциялық ерiтiндiмен қатты шыланған дезинфекциялық маттар орнатылады.
  2. Шектеу ауру жануар жазылған соңғы жағдайдан кейін күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады.

 3-параграф. Жануарларды қолдан ұрықтандыру кәсіпорындарында
және пункттерінде ірi қара малдың инфекциялық ринотрахеитімен
күрес бойынша іс-шаралар

  1. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша ұйымды ірi қара малдың инфекциялық ринотрахеиті бойынша қолайсыз өңірлерден тұқымды бұқалармен жинақтайды.
  2. Қолдан ұрықтандыру стансаларына жаңадан келген бұқаларды карантиндеуге қояды.
  3. Қолдан ұрықтандыру стансаларындағы барлық бұқаларды айына бір рет термометрия жасап, жыныс органдарының жай-күйіне ерекше көңіл бөле отырып клиникалық тексереді.
  4. Баланопаститпен ауырған бұқаларды оқшаулайды, олардың күпегiнен тампонмен кiлегей сынамаларын және жуынды, сондай-ақ ұрықтар алады және зерттеу үшін диагностикалық зертханаға жiбередi.
  5. Вирусты бейтараптаушы анти денелердi анықтау үшiн қан сывороткасының сынамасын және вируспен ластанғанына зерттеу үшiн ұрықты алады.
  6. Соңғы күнтізбелік 14 күнде алынған ұрықтардың сериясын біріктіреді және бір сынама ретінде зерттейді.
  7. Ұрығынан вирус табылған бұқалар жарамсыз деп есептеледi, ал олардан соңғы 2 айда алынған ұрықтарды жояды. Қан сывороткасында антидене табылған бұқалар да жарамсыз деп танылады.
  8. Баланопаститпен ауыратын бұқалар зертханалық әдiспен вирустың этиологиясы дәлелденсе жарамсыздыққа шығарылады, ал олардан соңғы 2 айда алынған ұрықтар жойылады.
  9. Бұдан кейін процудент ретiнде қолданылатын барлық бұқалардың ұрықтарын вируспен контаминациясына және қанын антидененiң бар-жоғына арасы 6 айдан жылына 2 рет зерттейдi.
  10. Кампилобактериоз бойынша жүргізілетін
    ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
    1-параграф. Ауыл шаруашылығы жануарлары
    кампилобактериозының профилактикасы бойынша
    жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
  11. Жануарлардың кампилобактериозбен ауыруына жол бермеу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары, жануарлардың иелерi және ветеринария саласындағы мамандар мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) шаруашылық жүргізуші субъектінің iшiнде ветеринария саласындағы мамандардың рұқсатынсыз жануарлардың орнын ауыстыруға жол бермеу;

      2) қолайлы табынды (отарды) толықтыру үшін тек iрi қара мал және қой кампилобактериозы бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіден ғана жануарларды әкелуге рұқсат ету;

       3) шаруашылыққа жаңадан келген барлық бұқаларды асыл тұқымдық немесе өндiрiстiк мақсатта пайдалану үшін арасына күнтізбелік 10 күн салып үш рет кампилобактериозға тексеріп карантиндеуде ұстайды.

  1. Жануарлар кампилобактериозының ерекше профилактикасы үшін Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген вакциналарды қолданады.

 2-параграф. Асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі
кәсіпорындарды ірi қара малдың кампилобактериозынан сауықтыру
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

  1. Кампилобактериоз диагнозы анықталған кезде асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорын кампилобактериоз бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды және шектеуді енгізеді.
  2. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындардың барлық тұқымдық бұқаларын иммундайды.

      Барлық тұқымдық бұқалардан ұрық алу тоқтатылады.

      Жануарларға вакцина егумен қатар тұқымдық бұқаларға емдеу жүргізіледі.

      Емдеуден және вакцина еккеннен кейін бір айдан соң арасына күнтізбелік 10 күн салып үш рет барлық тұқымдық бұқалардың ұрықтарына және күпек шырышына бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.

      Үш рет теріс реакция алынған кезде бұқаларды сауықты деп таниды.

  1. Ауру бұқалардың қатты мұздатылған ұрықтарының барлық қоры жойылуға жатады. Шартты түрде сау бұқалардан алынған ұрықтардың қалған сериялары жануарларды кампилобактериозға бактериологиялық зерттеуден кейін оларды қолдан ұрықтандыру үшін қолданылуы мүмкін.
  2. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындарда сауықтыру кезеңінде, санитарлық ахуалды жақсарту және ауруды таратуға жол бермеу бойынша іс-шараларды жүргізеді:

      1) асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындарды, кампилобактериозға қарсы сауықтыру іс-шаралары кезеңiнде табынды жаңартуға арналған жас малмен толықтыруға жол берілмейді;

      2) асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындарына түсіп қойған табынды жаңартуға арналған жас малды оқшау қорада ұстау және оларды тазарту және вакцина еккеннен кейін жалпы мал шаруашылығы қора-жайларына ауыстыру қажет;

       3) бұқаларға вакцина егердің және тазалаудың алдында және емдеу курсы аяқталғаннан кейін барлық мал қораларға, аумақтарға, күтіп-бағу және ұстау заттарына толық дезинфекциялау жүргізеді. Кейіннен дезинфекциялауды күнтізбелік 10 күнде бiр рет жүргізеді.

  1. Асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорын жануарлардың барлық тобы бойынша ұрықтың және күпек шырыштың бактериологиялық зерттеулерінің үш рет (арасына күнтізбелік 10 күн салып) теріс реакцияларының негізінде ірі қара малды кампилобактериоз бойынша сауықты деп жариялайды.

 3-параграф. Ірi қара мал кампилобактериозы бойынша
қолайсыз шаруашылықты сауықтыру бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

  1. Iрi қара малдың кампилобактериозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде профилактикалық және емдеу-сауықтыру іс-шаралар кешенін жүргізеді.
  2. Қолайсыз табындарда аурудың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында қолдан ұрықтандыру жүргізіледі. Аталған шаруашылықтағы қашарлардың және сиырлардың бұқалармен ерiктi шағылысуына жол берілмейді. Бұқаларды оқшаулайды, кампилобактериозға зерттейді және емдеу-профилактикалық тазартуды жүргізеді.
  3. Сауықтыру іс-шараларын жүргiзу кезеңiнде мыналарға:

      1) басқа шаруашылықтардан жануарларды әкелуге және шаруашылық iшiнде фермалар арасында малды қайта топтастыруға;

      2) кампилобактериоз бойынша қолайсыз шаруашылықтан асылдандыру үшiн және қолдану мақсатында жануарларды әкетуге жол берілмейді.

  1. Ірi қара малдың барлық басы кампилобактериозға қарсы иммундалады.
  2. Фермаларда сиырлардың және құнажындардың бұзаулауы төлдету бөлімшелерінде жүргізіліледі. Шаруашылық жүргізуші субъектiде оларды кезеңді санациялау үшін резервті төлдету бөлімшелері болады. Әрбiр iш тастаған сиырды оқшаулайды, iш тастау жүргізілген қора-жайды және станоктарды тазалайды және дезинфекциялайды. Барлық түсіп қалған ұрықтарды бактериологиялық зерттеу үшін ветеринарлық зертханаға жолдайды. Жаңа туған бұзауларды сақа малдардан оқшау ұстайды.
  3. Жаз кезеңінде қолайсыз фермалардағы малды лагерлік ұстауға ауыстырады, мал шаруашылығы қора-жайларында санитарлық тазартуды, дезинфекциялауды және жөндеуді жүргізеді. Қора-жайларды барлық лагерлік кезеңде жануарлардан бос қалдырады.
  4. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде сауықтыру іс-шаралары барысында мал шаруашылығы қора-жайларына және аумақтарына дезинфекция жүргiзiледi.
  5. Егер 12 айдың ішінде кампилобактериялардың патогендік дақылдары бөлінбесе және аурудың клиникалық белгілері байқалмаса, профилактикалық және емдеу-сауықтыру іс-шараларының барлық кешені орындалған кезде шаруашылық жүргізуші субъектiні сауықтырылған деп хабарлайды.
  6. Шаруашылық жүргізуші субъектіде тұқымдық бұқалар бар болған кезде шектеуді алудың алдында ұрықты, күпек шырышын немесе өсінді жыныс бездерінің сөлін бактериологиялық зерттеудің үш рет теріс нәтижесін алған кезде бұқалар сау деп саналады.

 4-параграф. Қойлардың кампилобактериозы бойынша
қолайсыз шаруашылықтарды сауықтыру бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

  1. Барлық iш тастаған қойларды, сондай-ақ мезгiлiнен ерте төлдеу белгілері бар қойларды отардан тез арада бөлiп және сақман бiткенге дейiн отардан оқшаулайды.
  2. Түсіп қалған ұрықтарды, шарана қабықтарын, шуды және ластанған төсенiштi, қиды жинайды, содан кейiн өртейді немесе дезинфекциялық заттармен зарарсыздандырғаннан кейін жерге көмедi.
  3. Қой қораны және жайылатын аулаларды тазартады және дезинфекциялайды.
  4. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз отардан асылдандыру және қолдану мақсаты үшiн қойды шығаруға (әкетуге) жол берілмейді, отарларды шаруашылық жүргізуші субъектінің ветеринария саласындағы маманының рұқсатынсыз қайта толықтыруға жол берілмейді.
  5. Қолайсыз отардың қойларын қырқуды және тоғытуды кесте бойынша соңғы кезекте жүргізеді, содан кейін қора-жайлар, жабдықтар, құрал-саймандар және аумақты дезинфекциялайды.
  6. Қойларды жайылымдық ұстау кезінде отарды басқа жайылымдық учаскелерге ауыстырады, ал қолайсыз отар бағылған жайылымды 2 ай мерзімге карантиндейдi.
  7. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектінің барлық буаз қойларын қойлардың кампилобактериозына қарсы вакцинамен иммундайды.
  8. Егер шаруашылықта бір мезгілде қойлардың кампилобактериозы бойынша бірнеше отар қолайсыз болған жағдайларда, мұндай отарлардан алынған қойлардан жас малды (ұрғашы тоқтыларды) жеке отарға жинақтайды және оларды шартты түрде қолайлы деп есептейді.
  9. Шаруашылық жүргізуші субъектiні қойларда екі жыл ішінде кампилобактериоздық іш тастау болмаған кезде кампилобактериоз бойынша қолайлы деп таниды.
  10. Iрi қара малдың жұқпалы алаөкпесі бойынша
    жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
  11. Iрi қара малдың алаөкпесiмен ауру жағдайы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті қолайсыз деп танылады.
  12. Эпизоотиялық ошақтарда және қолайсыз пункттерде ветеринарлық мамандар мынадай іс-шараларды өткізеді:

      1) iрi қара малдың басын есепке алу;

      2) қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектідегі барлық сақа ірі қара малды және бұзауларды алаөкпеге (перкуссия, аускультация және температура өлшеу) клиникалық зерттеу. Сонымен қатар комплементті байланыстыру реакциясында (бұдан әрi - КБР) зерттеу мақсатында зертханаға жолдау үшін қан алынады;

      3) зерттеулердің нәтижесіне сәйкес малды топтарға бөлу;

Дата публикации
29 июня 2015